Пән: қазақ әдебиеті Мектеп: «№13 мектеп-гимназия» КММ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз Мұғалім: Г.Туржупарова Күні: 11.10.2022 ж
Сынып: 9
|
Сабақ тақырыбы
|
Бұқар жырау «Тілек»
|
Оқу мақсаттары
|
6.1. 9.1.2.1 Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды
Көпшілік оқушылар: Әдеби шығармадағы психологизмді анықтай отырып, өмірмен байланыстыра алады.
Кейбір оқушылар: Әдеби шығарманың негізі тақырыбы мен идеясын анықтап, өлең жолдарынан психологизмді табады
|
Бағалау критерийі
|
Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды;
Өлең құрылысына талдай отырып, өлең ішінен психологизмді табады
Өлеңнің негізгі идеясы мен тақырыбын анықтайды Әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Сабақтың басы
|
- Ұйымдастыру.Сәлемдесу. Түгендеу
«Сұрақ -жауап » әдісі арқылы алдыңғы бөлім қорытындыланып , пысықталады.
«Болжау» стретегиясы арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын болжату.
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес ,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жырау
|
Сабақтың ортасы
|
Тілек өлеңі
«Insert» әдісі арқылы әр топқа бөліп берілген үзіндіні оқиды.
Сөдікпен жұмыс . Түсініксіз сөздермен сөздік арқылы түсіндіру
топ «Тілек» сөзінің мағынасын ашу
2- топ Толғаудың тақырыбын ,идеясын агықтап, Жыраудың арманын табу
3-топ. 1-6- тілекті қарасөзбен оқып, жыраудың нені құрметтейтінін айту
4-топ . 7-11- тілекті оқып, қандай мәселені қозғайтынын табу.
Дескриптор:
- берілген сөздің мағынасын ашады
- басқа баламасын таба алады
- тақырыбын және идеясын анықтайды
- жырау арманын өз сөзімен айта алады
2- тапсырма. «Әдеби шеңбер»әдісі
Оқулықтан 3- тапсырманы орындау.
психологиялық көңіл –күйін анықтау
Дескриптор: білім алушы
Автордың психологиялық көңіл –күйін анықтай алады.
Ойын дәлелді түрде білдіреді.
|
Сабақтың соңы
|
«5-5-1» әдісі арқылы сабақты қорытындылау
Бұқар жырау толғауындағы және Абай Құнанбаев өлеңіндеріндегі өзара үндестік
|
Тілек
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа...
----------
Асқар таудың өлгені-
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |