Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет117/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Қосымша тапсырмалар



Жаратылыстану. Оқушылармен әңгіме өткізіңіз. «Әскердің сауыт-саймандары неліктен осы күнге дейін сақталған деп ойлайсың?» «Күнделікті өмірде алтынды қай жерлерде кездестіруге болады?»


Математика және АКТ. Мына тапсырмалардың біреуін орындауды ұсыныңыз.

1-тапсырма Қабілетті оқушыларға интернеттен Қазақстанның


теңгесі туралы ақпаратты табуды тапсырыңыз. Бұл теңгелердің номиналдары қандай? Қандай теңгелер майда және ірі болады? Оларды қалай атайды? Қазір біз қандай теңгелерді қолданамыз? 2-тапсырма Археологтар тапқан Алтын адам қорғанындағы


әшекей заттардың саны туралы ақпаратты табуды ұсыныңыз.





«Типография» ойыны Сынып оқушыларын екі топқа бөліңіз.


Әрқайсысына әріптердің біреуі жазылған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Әріп жазылған үлестірме парақшалар кеудеге ілінеді. Мұғалім сұрақты оқиды. Олар топта кеңесе отырып, жауапты оқуға болатындай бір қатарға тұрады. Ұпай сөзді жылдам құраған топқа беріледі. Ұпайды көп жинаған топ жеңеді.


Бекіту үшін жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойыңыз. Қайталау ретінде өткен тақырыптар бойынша сұрақтарды қолдануға болады. Таңдалған сұраққа қарай мұғалім қажетті әріп жазылған үлестірме парақшалар дайындайды.





Бағалау



Оқушылар

–– теңгенің пайда болу тарихын; –– Алтын адам туралы аңызды білді;


Оқушылар
–– аңыздың мазмұнын айтуға; –– сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге

үйренді.

Оқушылармен «Жұлдызды сәт» ойынын өткізіңіз. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойыңыз. Әр дұрыс жауап үшін жұлдызша беріледі. Кімде жұлдызшаны көп болса, сол жеңеді.

–– Теңгелер туралы ғылым қалай аталады? (Нумизматика).


–– Алтын Айдар қандай болып өсті? (Оны барлығы еркелетті, бірақ ол қиқар болған жоқ).


–– Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипаттаңдар (Жас батыр алтын сауыт киді, басына дулыға киді, кеудесі мен арқасын алтын кіреуке жауып тұрды, беліне алтын белбеу тағынды, аяғына алтынмен безендірілген үшкір биік етік киді).

–– Археологтар Алтын адамды қай жерден тапты? (Алматы маңындағы Есік қорғанынан).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет