Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет133/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:



  1. Адам пайдаланатын тағам пайдалы болуы тиіс.




  1. Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.

  2. Тамақты шамамен қабылдау қажет.

Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған.1980-1990жж. жүгіріп жүріп қоректену деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдер арасында фаст-фудпен қоректену әдетке айналған. Ол адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Соның нәтижесінде адамдарда жүрек, бауыр, асқазан аурулары пайда болады.Жаңғақтың пайдасы туралы. Жаңғақ – табиғаттың керемет сыйы. Оның түрлері өте көп. Олардың ішінде ең пайдалысы – грек жаңғағы. Онда көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Грек жаңғағында жүрек жұмысына қажетті магний мен калий көп. Оның пішіні бас миының жарты шарларын еске түсіретіні бекер емес. Ол мидың уақытынан бұрын қартаюының алдын алады.Қонақжайлылық. Қонақжайлылық – бұл қазақ халқы мәдениетінің ең басты құрауышы. Ертеден қазақтар үшін қонақтарды қарсы алу негізгі борыш болып саналған. Тіпті бейтаныс адамды да қарсы алып, тамақ және сусын бергеннен кейін ғана жөн сұрасқан. Қонақтарға құрметпен қарауға бала кезінен тәрбиелеген.Қазақстан – бейбітшілік, өзара түсіністік, татулық-достық орнаған көп ұлтты ел. Біздің елімізде барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

Виллиге көмектес. Сабақты Виллидің балаларға жазған хатынан бастаңыз. Оқушылардың міндеті – Виллиге көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру. Бұл жерде:
«Вилли неліктен ауырып қалды деп ойлайсың?» «Сауығып кетуі үшін қандай көмек бере
аласыңдар?», – деген сұрақтар қойыңыз.
Жауабы: Дұрыс тамақтану туралы айтамыз, пайдалы тағамдарды таңдауға үйретеміз және т.б.
Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.
Қонақжайлылық. Оқушыларға 2-суретті қарауға беріңіз. Олар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын тыңдаңыз. Бұл тапсырманың тәрбиелік тиімділігін күшейту үшін оқушылармен топтасу тренингін өткізіңіз. Алдын ала Қазақстан дағы әртүрлі ұлт өкілдерінің аты жазылған бейдждерді таратыңыз. Олар бүгін қонақ екенін түсіндіріңіз. Барлығы қол ұстаса шеңберге тұрып, бір-біріне жағымды сөздер айтсын. Бұдан кейін оқушылардың біреуі оқулықтағы 2-мәтінді дауыстап оқиды. Орындап көр. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Бірінші топ ұсынылған суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап алады. Екінші топқа бір рет пайдаланылатын ыдыс таратып беріңіз. Онда оқушылар өздері қабылдайтын тағамдардың қажетті көлемін маркермен белгілеп отырады. Үшінші топ сағаттың циферблатында «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады. Жұмыс аяқталғанда оқушыларға сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өздерінің тамақтану ережелерін ойлап табуға тапсырма беріңіз. Олар тапсырмаларды
постер немесе плакат түріндегі қағазға безендіруі тиіс. Содан кейін плакаттарды магнитті тақтаға орналастырыңыз. Дұрыс тамақтану туралы жалпы тұжырым жасатыңыз.
Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөліңіз.
Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс.
Сен білесің бе? Бұл айдарға көшу үшін оқушыларға Қазақстанда тұратын көптеген елдердің ұлттық тағамдарының құрамында жаңғақтар бар екенін айтыңыз. Оқушыларға айдар мәтінін өз бетімен оқуға тапсырма беріңіз және қандай жаңғақ түрлерін білетінін сұраңыз.
Жауабы: Грек, самырсын, орман, бадам, пісте жаңғағы.
Оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған мәліметпен толықтырыңыз.
Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз.
Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет