Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет46/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Қосымша тапсырмалар



Жаратылыстану. Жұмыс жұпта өткізіледі. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың – мысық, ит, кірпі, тоты, балық және т.б. суреттерін таратып беріңіз. Тапсырма: «Сенің үйіңде бар немесе сен асырағың келетін жануардың біреуін таңда. Неліктен сен жануарлардың дәл осы түрін таңдадың?». Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.
Математика. «Сөзді тап» ойыны. Тақтаға мысалдар жазылған парақшалар ілінеді.
70 – 20 = Қ
35 + 2 = О
20 – 1 = Д
55 + 4 = Т
80 – 80 = С
17 + 3 = Ы
Оқушылар мысалдарды шешіп, жасырынған сөзді табады.
19 37 0 59 20 50
д о с т ы қ

Музыка. Бояуға арналған тапсырманы орындаған кезде С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін қосып қоюға болады. Әнді тыңдағаннан кейін оқушылардан әндегі достық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді естеріне түсіруді сұраңыз



Оқушылардың ұйымшыл болуы үшін «Кім жылдам?» ойынын жүргізуге болады. Әр топ ешнәрсе айтпай бірінің артына бірі жылдам тұра қалуы және команданың барлық оқушылары бірігіп, шаршы, үшбұрыш, ромб, әріп пішіндерін құруы тиіс. Жаттығуды орындағаннан кейін оқушылардан тапсырманы орындауда қандай қиындық болғанын және тапсырманы орындауда не көмектескенін сұраңыз.

Бағалау



Оқушылар
– достық қарым-қатынастың маңыздылығын;
– нағыз достың бойындағы жақсы қасиеттер туралы білді.
Оқушылар
– өз көзқарасын білдіруге;
– бір-біріне және қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйренді.
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

  1. Достарыңа қандай сөздер айтпау қажет? (дөрекі, ренжітетін)

  2. Достар не үшін қажет? (жалғыз қалмау, кеңесу, қиын жағдайларда бір-біріне қолдау көрсету үшін және т.б.)

  3. Егер достары болмаса адам не істеуі қажет? (мінезін өзгерту қажет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет