Жаратылыстану. Оқушылардан үйлерінде қандай өсімдіктердің бар екенін сұраңыз. Сынып бөлмесінде тұрған өсімдіктерге назар аудартыңыз. Оқушылардың бөлме өсімдіктерінің маңызы туралы білімін тексеріңіз.
АКТ. Оқушылардан интернеттен әлемнің ең ерекше үйлерін табуды сұраңыз: ұлу қабыршағы тәрізді үй, автомобиль сипатындағы үй, ойық үй және т.б. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің ерекше үйлерін ойлап тауып, ауызша сипаттап беруіне болады.
Өнер. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма картографиялық қызмет дағдыларын дамыта түседі. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекітеді.
|
Оқушыларға «Дүкенде» рөлдік ойынын ойнауды ұсыныңыз. Олар сатушы және сатып алушы рөлдерінде ойнасын. Бағалау критериі: дүкенде өзін дұрыс ұстай білу дағдысының қалыптасуы (тауарды дұрыс сатып алу, сатушымен дұрыс есеп айырысу). Алдын ала қағаз ақшалар жайындап қойып, есептесу дағдыларын үйретуге болады.
|