1-сыныпқа «Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына
1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
Авторлары:Байтенова К.К., Жакеева А.А., Попова Е.Н., Саукатова Ш.К., Сейтахметова Ж.М., Уфимцева Л.Л.
Редакторы: Кульсеитова Ж.М.
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы:
|
Барлығы өзім туралы
Мен кіммін?
|
Мектеп:
|
Күні :
|
|
Мұғалімнің есімі:
|
СЫНЫП: 1-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар: өзі туралы қарапайым сөзбен әңгімелеуге үйрену, бір-бірімен танысу;
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:. адамдардың ұқсастығы мен жеке ерекшеліктері туралы білу;
|
Кейбір оқушылар: мектептегі іс-әрекеттерге, әдептер мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды үйрену.
|
Тірек сөздер:
|
есім (аты) – имя – name; адам – человек – human.
|
Ресурстар:
|
«Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер, орам жіп.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар
|
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен, мінезімен, тәртібімен бір-бірінен ерекшеленеді. Әр адамның дара тұлға екеніне қарамастан, ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас адамның дамуына көмектеседі. Ғалымдар адамға ортаның қажет екенін, оған өзін үлкен ұжымның бір бөлігі екенін сезіну, қоғам мүшесі болуы маңызды екенін дәлелдеді. Ол үшін адам істеген істерге, әдеттерге және қоғамда қабылданған тәртіптерге қатысты ережелерді сақтауы және білуі тиіс.
Қай уақытта болмасын барлық өркениеттерде адамдардың өз есімдері болды. Ежелгі ата-бабаларымыз есім ретінде белгілі бір мағынаны білдіретін сөз тіркестерін қолданды. Мысалы, «Жарық жұлдыз», «Өткір көз» және т.б. Уақыт өткен сайын олар жеңілірек және жағымды естілетін түрге айналды.
Психологтардың айтуынша, есімнің дыбысталуын музыкалық әуенмен салыстыруға болады. Айналадағы адамдарда адам есімінен туындаған сезім сол адамның өзіне автоматты түрде беріледі екен. Ерболат және Бибігүл есімдерінің қаншалықты әртүрлі айтылатынын байқап көріңіз. Алғашқы есімде жинақылық пен жігерлілік бар, ал екінші есімде нәзік жанға тән ерекшелікті байқауға болады. Есімнің сипаты адамның мінезіне ғана емес, сонымен қатар оның кейінгі өміріне де әсер етеді екен.
Сондай-ақ адам өмірінде есімнің маңызы зор. Оның барлық іс-әрекеттері есімінің арқасында танымал болады. Осыған орай, «Оның есімі беделді», «Өз есіміңді ұятқа қалдырма» – деп айтып жатады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |