Сабақ тақырыбы: Баскетболдағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру



Дата08.02.2022
өлшемі18,49 Kb.
#118942
түріСабақ
Байланысты:
20П-к1 Баскетбол


Пәні: «Дене шынықтыру»
Күні: 29.09.2021ж
Сабақ тақырыбы: Баскетбол: баскетболдағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру.
Мақсаты: Денсаулықты нығайту бағытындағы орындалатын физикалық жаттығулар барысында техникалық қауіпсіздік сұрақтарымен хабардар болу.
Оқытушы: Касенов М.К.

Баскетбол ойыны арқылы күш- жігер, төзімділігін жетілдіретін жаттығулардың түрлері


Команданы жинақтай отырып, мұғалім төмендегідей маңызды мәселені шешеді: толып жатқан жеке ерекшеліктеріне қарамастан орта мақсатқа біріккен, жаттықтырылған, өзара түсіністік пен көмекке құрылған ойын тобын құру. Бұл жерде ойыншылардың тәсілдік- әдістік дайындығын ғана емес, сонымен бірге белгілі командаға тән ойындық бағыттарды да, сол кезеңдегі баскетбол дамуындағы тенденцияларды да есте ұстаған жөн. Баскетболшыға орын ауыстыру үшін жүру, жүгіру, жанымен жүгіру, секіру, тоқтау және әр түрлі бұрылыстар жасау жаттығуларын жасау қажет болады. Жаттығулардың бұл түрлері допты дұрыс бере білу және шығыршыққа тастау мақсатында қолданылады. Оқушылардың күш-жігер, төзімділігін жетілдіру мақсатында сабақта жаттығуларды қолданудың тиімділігі арта түсуде.
Жүгіруді жетілдіру үшін тез жүгіру, артқа қарай жүгіру, бағытты тез өзгертіп жүгіру және жылдам жүгірулерді үйрену қажет болғандығын есте сақтаған жөн. Осы мақсатта әрдайым мынадай жаттығулар қолданылады:

  • - тура жүгіру барысында аяқтың ұшымен итеруді қадағалау;

  • - орында тұрып жүгіруден әр түрлі қашықтыққа жүгіруге ауысу;

  • - бір аяқтан екінші аяққа секіре ауысу арқылы жүгіру (белгілі жерге дейін), сосын белгіленген межеге дейін жәй жүгіру;

  • - сөреден 10-15 м-ге қайталап жүгіру;

  • - жәй жүгіруден жылдам жүгіруге ауысу;

  • - әдеттегі жүгіруден артқа қарай (арқамен) жүгіруге ауысу;

  • - белгілі жерге дейін жүгіріс түрін және жылдамдықты өзгертіп жүгіру;

Бүйірге қарай жүру, жүгіру тепе-теңдікті сақтай отырып, қозғалыс бағытын тез арада өзгерту үшін қолданылады. Бүйірге қарай жүру, жүгіру әр қашанда қорғаныс ойынында қолданылады, себебі бұл тәсіл 37 шабуылшының бағытына қарай қозғалуға және қарсы қимылдар жасағанда доптан айырылып қалмау үшін өте қолайлы. Ең бірінші ол жанына және артқа орын ауыстыру үшін көп қолданылады
Баскетбол ойынындағы барлық әдіс, тәсілдерді орындау үшін қолданылады. Секірулер бір немесе екі аяқпен серпілу арқылы бір орында немесе қозғалыста орындалады. Баскетболда кең көлемде тараған секірулерден бір түрлі ол қозғалыста бір аяқпен серпілу арқылы орындалады, әсіресе секірудің бұл түрі допты беруде, лақтыруда көп пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет