Шығармашылық жұмыс
Топпен жұмыс.
1-топ: «Отыз бірінші» сөз
Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
2-топ: - төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
(әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады)
«Пікірі жоқ адамнан қорық» деген шығыс даналығы бар. Әрбір адамның өзіндік мені,өз пікірі болуы керек. Сендер оны «өзін-өзі тану» сабағынан да үйреніп жүрсіңдер.
Мақал-мәтелдер
|
Абайдың сыны
|
Өз пікірің
|
Қалауын тапса, қар жанады
Атың шықпаса, жер өрте
Алтын көрсе, періште жолдан таяды
Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті.
|
Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?
Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қоштағалы айтқаны.
Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?
|
|
9. Асыл сөздің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)
Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)
Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)
10. Дискуссиялық карта.
Достарыңызбен бөлісу: |