Өзін-өзі тану
Мейірімділік – асыл қасиет
Сабақ тақырыбы:
Білімділік:
Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды мейірімді болуға, қайырымдық көрсетуге дағдыландыру.
Дамытушылық:
Мейірімділікті білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік:
Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты
«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі.
Сара Алпысқызы Назарбаева
Үй тапсырмасы
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай
Құнанбаев
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі.
Абайдың қара сөздері.
Он төртінші сөз.
Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Мейірімділік –
асыл қасиет
Жаңа сабақ
Мен апамның ай мен күні
Апам мені: “Айым” – дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мені: “Күнім” – дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Ойланайық, пікірлесейік
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Өздеріңе мейірімділік көрстекен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Сары тауық пен балапандары
Ой толғаныс - Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- “Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады” дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Мен мейірімді баламын!
Мейірімді істер
Мейірімді адамның қасиеттері
“Мейірімділік” кестесі
Дәйексөз
Мейрімділікті анадан үйрен
Халық даналығы
АНА
Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Ана туралы жыр
Ардақты ана
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
Шығармашылық жұмыс . . . суға батпас, бір шығар, тегін жатпас.
. . . - жүректен, мейірімсіздік - білектен.
. . . арба жол бұзар, . . . адам ел бұзар.
. . . ағаш басында, . . . аяқ астында.
Шығармашылық жұмыс Жақсылық суға батпас, бір шығар, тегін жатпас.
Мейірімділік - жүректен, мейірімсіздік - білектен.
Жаман арба жол бұзар, жаман адам ел бұзар.
Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
Үйге тапсырма:
Мейрімділік жайлы
мақал-мәтелдер жазып келіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |