Организмдердің тіршілік формалары Өсімдік немесе жануардың қоршаған ортаның жағдайларына байланысты бейімделген сыртқы келбеті түрдің тіршілік формасы болып табылады. Бір-бірімен туыс емес организмдер бірдей жағдайда тіршілік етуте бейімділе отырып ұқсас белгілерге де ие болады (морфологиялық бейімделу). Организмнің тіршілік ету ортасының экологиялық жағдайларына бейімделуін ағзалардың тіршілік формалары (экобиоморфа) деп атайды. Бір тіршілік формаларына жататын азғалар әртүрлі экологиялық топтарға жатуы мүмкін. Мысалы, Asarum europaeum және Alchemilla vulgaris өсімдіктері тіршілік формалары бойынша қысқа тамырсабақты өсімдіктерге жатады. Егер оларды экологиялық классификация тұрғысынан қарастырсақ, мысалы жарыққа байланысты, онда Asarum - көлеңке сүйгіш, Alchemilla - жарық сүйгіш өсімдік. Ал ылғалдылыққа байланысты екі өсімдік те мезофиттерге жатады. Тіршілік формалары деп шығу тегі әртүрлі, бірақ бірдей жағдайда тіршілік ететін, экологияльщ-морфологиялык бейімделушіліктері ұқсас ағза (өсімдіктер немесе жануарлар топтарын атайды.
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары әртүрлі, сәйкесінше олардың классификациялары да әртүрлі. Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы ұғымды алғаш рет 1806 жылы неміс ғалымы А.Гумбольдт қолданды.
Ол тіршілік формасы деп, онтогенез (аналық жүмыртқаның үрықтанганынан бастап, тіршілігінің соңына дейінгі особьтың жеке дамуы) кезінде ортаның белгілі бір жагдайларында өсіп-дамыған белгілі бір топтардағы өсімдіктердің қабысуын (ағзаның сыртқы көрінісін) атайды И.Г.Серебряков жер үсті өркендерінің құрылымы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты өсімдіктерді 4 бөлімге және 8 типке бөлді:
1 бөлім. Ағашты өсімдіктер (ағапггар, бұталар, бұташықтар);
2 бөлім. Жартылай ағашты өсімдіктер (жартылай бұталар және жартылай бұташықтар);
Ағашты тіршілік формаларға бүкіл өмір бойы сақталатын сүректенген діңгегі бар көпжылдық өсімдіктер жатады. Барлық ағаштар - негізінен ылғалды, аз мөлшерде шөлейтті жерде өсетін, экваторлық белдеуден қоңыржай салқын аймақтарға дейш кездесетін өсімдіктер. Олардың арасында діңгегі үнемі тік жоғары өсетін (ортотропты), мысалы, емен, жөке, терек және т.б. кең тараган өсімдіктер бар. Ылғалдылығы жоғары және мерзімі қысқа, біршама салқын температурада (субарктикалық және субальгалық климатта) өседі: ағаштардың (кәдімгі шетен) бірнеше діңгектері болады. Өсімдік 3-5 діңгекті топ ағаш сияқты болып келеді. құрғақ, орманды далалы және саванналарда өсетін ағаштардың діңгектері әдетте қысқа болады. Кейбір ағаштардың жерге төселіп жатып өсетін формалары да кездеседі (мысалы, аршаның кейбір түрлері). мұндай ағаштар ызғарлы суық желді, қысы ұзақ, жазы салқын жерлерде (орманның солтүстік жағында, таудың субальпі белдеуінде) өседі.
Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н.Краснов, А.Б.Келлер, И.С.Серебряковтың есімімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник-эколог А.Б.Келлер(1993) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа,тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін керек». В.Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген,оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уақыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтады.
И.Джефридің,кейінірек Э.Синнота мен И.Бейлидің микроскопиялық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршлік формаларының құрамы климаттық жағдайларының көрсеткіші де бола алады.
К.Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі бес тобын ажыратады, олар: фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.
1. Фанерофиттер (грекше «фанерос») - бұған ағаштар, бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабығымен жабылады. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар - ылғалды тропикалық орман өсімдіктері. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегафанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нанофанерофиттер деп бөледі (грекше «мега» - үлкен, ірі, »мезос» - орташа, »микрос» - кішкентай, нанос - ергежейлі).
К.Раункиер фанрофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады. Эпифиттер - ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік қабыршақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ереше тіршілік формасы.
2. Хамефиттер - бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана жоғары орналасады. Бұларға бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташықтар, көптеген төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шығады.
3. Гемикриптофиттер (грекше «геми»-жартылай, «крипто»-жабамын) - көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жабылып орналасады. Қыстап шығатын бүршіктерді өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қорғайды.
4. Криптофиттер (грекше «гео»-жер) - жандану бүршіктерінің орналасуына қарай геофиттер және гидрофиттер деп бөлінеді. Геофиттердің бүршіктері топырақта бір сантиметрден бірнеше сантиметрге дейінгі тереңдікте орналасады. Бұған тамыр сабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегатативтік өркені суға батып тұрады, сонддықтан бүршіктері су астында қыстайды.
5. Терофиттер(грекше «терос»-жаз) - біржылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегатациялық кезеңдерде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |