(W) Мұғалім түсіндірмесі.
1. Итеру күші мен тарту күші дененің қозғалысы мен қозғалыс бағытын өзгерте алады ма? Қалай? Неліктен?
2. Қозғалмайтын денені итерген кезде не болады?
3. Қозғалмайтын денені тартқан кезде не болады?
4. Қозғалмайтын денені 2 жақтан екі жаққа тартқан кезде не болады?
5. Қозғалмайтын денені 2 жақтан итерген кезде не болады?
(W) Сыныппен жұмыс. Бейне баян.
Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің теңәрекетті күші деп аталады.
Егер екі күш денеге (материялық нүктеге) бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың теңәрекетті күші де сол түскен күштердің бағытымен бағытталады және осы күштердің сан мәндерінің қосындысына тең болады:
Егер денеге (материялық нүктеге) қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекет ететін болса, онда олардың теңәрекетті күші түсірілген үлкен күш бағытымен бағытталады және осы күштердің сан мәндерінің айырмасына тең:
күштерінің мәні тең болса, онда тепе-теңдік орын алады
Егер денеге (материялық нүктеге) мәндері бойынша тең, ал бағыттары қарама-қарсы екі күш әрекет етсе, онда олардың теңәрекетті күші нөлге тең болады, яғни
1-тапсырма: Жауабы:
2-тапсырма:
Жауабы:
3-тапсырма:
Жауабы:
Сабағымызды И. Крыловтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалымен бастайық.
(G) Топтық жұмыс.
Мақсаты: бір денеге түсірілген күштерді анықтау, бірнеше күшті графиктік түрде бейнелеу.
Топтық жұмысты өзара бағалау критерийлері
Топтың белсенділігі
Дәлелдердің нақтылығы
Жұмыстың көркемдігі
1 -топ
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмсаса орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Асылы жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр.
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Қалай ойлайсыздар жүк неге орнынан қозғалмайды?
Жүгі бар арбаны орнынан қозғау үшін мысалдың кейіпкерлеріне қандай кеңес берер едіңіздер?
Қандай денелер өзара әрекеттесуге түсіп тұр?
Егер жүк орнынан қозғалмаса, яғни өз жылдамдығын өзгертпесе, осы күштердің тең әрекетті күші неге тең болады?
2-топ.
Шалқан ертегісі
Шалқанды қандай күштің әрекетінен суырып шығарды?
Ол күштің шамасы неге тең?
3- топ. «Арқан тарту» ұлттық ойын.
Қандай денелер өзара әрекеттесуге түсіп тұр?
Қай топтың күші басымырақ?
Олай болса, біз бүгін тең әрекетті күшті және оны графике бейнелеуді қарастырамыз.
(W) Сыныппен жұмыс. Топтық жұмысты өзара бағалау.
і. топ мүшелерінің белсенділігі
іі. денеге түсірілген күштерді дұрыс анықтау
ііі. қорытқы күштің бағытын дұрыс анықтау және тұжырымдау
(G)(E) Жұптық жұмыс. Массалары әр түрлі денелерге әрекет ететін күштің әсерін зерттеу. Оқушылар алдымен дененің массасын, соңынан денені жазықтық бойымен жылжытуға қажет күшті өлшейді. Олар өз жұмыстарының нәтижелеріндегі заңдылықты анықтаулары тиіс.
1. Денеге түсірілген күшті графикалық түрде кескінде.
2. Ғ=mg формуласын пайдаланып дененің ауырлық күшін есептеу.
Массалары әр түрлі денелерге әрекет ететін күштің әсерін зерттеу.
1.Оқушылар алдымен дененің массасын анықтайды
2. Соңынан денені жазықтық бойымен жылжытуға қажет күшті динамометрмен өлшейді.
3. Олар өз жұмыстарының нәтижелеріндегі заңдылықты анықтаулары тиіс.
4. Денеге түсірілген күшті графикалық түрде кескінде
5. Ғ=mg формуласын пайдаланып дененің ауырлық күшін есептеу.
Алынған мәліметтерді кестеге толтыру.
№
|
Дене массасы
г
|
Дене массасы
кг
|
Ауырлық күші
Н
|
Жазықтық бойымен жылжытуға қажетті күш
Н
|
1
|
50
|
|
|
|
2
|
100
|
|
|
|
3
|
150
|
|
|
|
(W) Сыныппен жұмыс. Жұптық жұмысты өзара бағалау.
і. тапсырмалардың дұрыс орындалуы
іі. жұптардың шапшаңдығы, белсенділігі
ііі. жұптық жұмыстың нәтижесін қорытындылай алуы және тұжырымдау
Топтық жұмысты қорытындылау.
(I) (f) Жеке жұмыс. Оқушылар одан әрі түсірілген күштерді ескере отырып, масштаб арқылы графикалық түрде көрсетеді.
1-нұсқа:
1. Солтүстікке бағытталған 200 Н күшті графикпен кескінде. Масштаб 1см=40 Н.
2. Дене горизонталь бағытта 10 Н және 20 Н екі күш әсер етеді. Әртүрлі жағдайдағы теңәрекет күшін анықтаңыздар.
3.Массасы 30 кг шойын дененің ауырлық күші қандай?
2-нұсқа:
1.Оңға бағытталған 210 Н күшті графикпен кескіндеңіздер. Масштаб: 1 см-30 Н
2.Вертикаль бағытта әсер ететін 10 Н және 15 Н екі күштің әртүрлі варианттағы теңәрекетті күшті табыңыздар. Суретін сызыңыздар.
3. Массасы 2,5 кг кірпіш әсер ететін ауырлық күші қандай?
3-жұп:
1. 300 Н күш шығысқа бағытталған. Күшті графикпен кескінде. Масштаб 1см=50 Н.
2. Екі адам бір түзудің бойымен 50 Н және 100 Н күштермен жүкке әсер етеді. Мүмкін жағдайлардағы теңәрекетті күшті анықтаңыздар. Суретін сызыңыздар.
3.Сүті бар құмыраның массасы 40 кг, ауырлық күші қандай?
4-жұп:
1.Батысқа бағытталған 150 Н күшті графикпен сипатта 1см-25 Н.
2. Денеге 12 Н және 5 Н күштер әсер етеді. Теңәрекетті күштердің мүмкін мәнін табыңыздар.
3. Жәшіктегі алманың ауырлық күші 600 Н. Массасы қандай?
5-жұп:
1. Солға қарай бағытталған 400 Н күшті графикпен кескінде 1 см-100 Н.
2.Денеге әсер еткен екі күштің теңәрекетті күші 0-ге тең болудың қандай мүмкін жағдайлары бар?
3.Көлемі 5 л судың ауырлық күші қандай?
(W) Сыныппен жұмыс. Жеке жұмысты өзара бағалау.
і. Есептің шартының дұрыс жазылуы
іі.Есептің шартқа сай дұрыс шығарылуы
ііі. Есептің схемасының дұрыс салынуы, вектор бағыттарының дұрыс салынуы.
|
1-жұп
|
2-жұп
|
3-жұп
|
4-жұп
|
5-жұп
|
1 есеп
|
5 см
|
7 см
|
6 см
|
6 см
|
4 см
|
2 есеп
|
10 Н, 30Н
|
5 Н, 25 Н
|
50 Н, 150Н
|
7 Н, 17 Н
|
Ғ2 =-Ғ1
|
3 есеп
|
294 Н
|
245 Н
|
392 Н
|
61,2кг
|
49 Н
|
|