Іс-әрекеттегі, жоспарланған және болашақ міндеттерді шешу үшін орнатылған ережелерді, талаптарды кең және көпмәрте қолдану арқылы бір немесе бірнеше салада тәртіптіліктін қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
Стандарттаудың негізгі міндеттері:
- дайындаушы, сатушы және тұтынушы арасындағы түсінушілікті қамтамасыз ету; - мемлекет пен тұтынушылардың мүдделеріне қатысты өнім, үрдіс және қызмет түрлеріне қолайлы талаптарды орнату; - өнімнің өзараалмасуы және салыстыруы бойынша талаптарды орнату; - өнімнің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің келісілуі, - метрологиялық ережелер мен талаптар орнату; - өнімді, үрдісті және қызметті сертификаттаудың және сапаны бақылау мен бағалаудың нормативтік-техникалық қамтамасыз етілуі; - материалдың, энергияның және жұмыстың жұмсалуын төмендету үшін технологиялық үрдістерге талаптар орнату, - технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу мен кодтаудың жүйесін құру және енгізу; - мемлекеттік және мемлекетаралық әлеуметті-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламалардың нормативтік қамтамасыз етілуі; - өнімнің негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттармен тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін каталогтау жүйесін құру; - стандарттаудың әдістерімен құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларының орныдалуына көмектесу.