Сабақ тақырыбы Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері



Дата07.02.2022
өлшемі123,57 Kb.
#83667
түріСабақ
Байланысты:
7


Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.1А Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Изимова Ақылай

Сынып: 7 «__» алгебра

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.6
көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;
7.2.1.1
санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Өткен тақырыптар бойынша ережелер мен анықтамаларды пайдалану. Өз бетімен ойлау қабілетін арттыру және өз білімін тексеру, есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ережелер жайлы түсіктерін қалыптасыра отырып, есептің өзекті түйінді жерлерін практикада қолдану.

Бағалау критерийлері

Көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табады. Санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:
- бүтін көрсеткішті дәреже;
- дәрежеге шығару;
- квадраттау, кубтау;
- санның квадраты, санның кубы.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;

  • теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

  • теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ....

Құндылықтарды дарыту



Өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету, топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

Пәнаралық байланыстар

математика

Алдыңғы білім

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5-7 минут



Топтарға бөлу. Парақшаларды алу арқылы оқушылар топтарға бірігіп отырады.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Домино ойнау.
Оқушылар арнайы жазылған сұрақтарды біріктіріп (домино арқылы) құрастырады.
Онда өткен тақырыпқа арналған сұрақтар мен есептер берілген.

Парақшалар



Сабақтың ортасы
30 минут

Тақырыпты ашу.
Оқушыларды тақырыппен таныстыру. Мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылау. Оқушылар нақты мақсатқа қол жеткізуге бағытталады.
(МК,Ұ)
Сіздер дәптеріңізге өзіңіз білетін кез келген натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері туралы ойланып формулаларын жазыңыздар. 
Топтық жұмыс.
«Білім биржасы» іскерлік ойын . Коммерциялық Математикалық Банк(КМБ) керек. Бұл банкте сіздер тапсырмаларды орындағанда мадақтау ретінде беретін менің ақшам бар, бірақ ол аз. Сондықтан демеушілік жасап, өз есебіңізден банкке бір теңге салуыңызды сұраймын (әр оқушыға 5 теңгеден беріп қойдым). Банкте жұмысты бастау үшін қажетті қаржы бар. Банк өз жұмысын бағасы 1 теңге тұратын лотерея сатудан бастайды. Сондықтан барлығымыз бір-бір лотерея билетін (лотерея деп отырғанымыз деңгейлеп есептер жазылған карточкалар) сатып аламыз, олардың арасында бақытты билеттер болуыда мүмкін. Егер сіздер сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер, ақшаларыңыз қайтарылады, олай болмаса ақша банкте қалады. Ең қиын есептерді шығарған оқушыға банк қосымша ақша төлейді.

Кітаптан топтар 7.9, 7.10, 7.12 есептерді шығарады


« Ақсүйек» ойыны;
Оқушылар кестедегі бос орындарды толтырады.


























Сабақтың соңы
3-5 минут


Фишбоун» әдісі (постерде)
Жапондық профессор Исикава бойынша
Балықтың қаңқасының суреті салынған постерге, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға сабақта не түсінгені, төменгі қанаттарға сабақта тұсінбегені жазылады .Ал ортасына сабақтан түйгені жазылады. Қойылатын сұрақтар құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
Үйге тапсырма беру.
№ 7.8,7.7 есептерді шығару.

Алгебра, 7-сынып, Алматы, «Атамұра», 2017ж.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарда қабілеті жоғары оқушылар нашар оқушыларға көмектеседі, сыныптасының білмегенін үйретеді, үйрете отырып өзі үйренеді.

Оқушыларды сабақтың әр кезеңдерін қорытындылап отыру.

Оқушылардың денсаулығын және қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Мектеп директоры:_________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет