Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ц әрпі және дыбысы»
1 сынып
Өткізген: Касимова А.Н.
Әліппе. Ашық сабақ..
Сабақтың тақырыбы: Ц әрпі және дыбысы
Мақсаты: 1. Ц дыбысымен танысу. Ц дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. 2. Сөз, сөйлем құру, буынға бөлу, қол жаттықтыру, Ц әрпін жазу. 3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайдтар, карточкалар, шарлар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Қонақтарға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Үй жұмысын тексеру.
а. Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық? (Щ)
б. Щ дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
в. Щ әрпі келетін қандай сөздер білесіңдер?
Борщ, щетка, ащы, тұщы.
г. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Борщ – 4 дыбыс
4 әріп
1 дауысты
3 дауыссыз дыбыс бар.
Щетка – 5 дыбыс
5 әріп
2 дауысты
3 дауыссыз дыбыс бар
Ащы – 3 дыбыс
3 әріп
2 дауысты
1 дауыссыз
Тұщы – 4 дыбыс
4 әріп
2 дауысты
2 дауыссыз
д. Балқаш көлі. Мәтінді мазмұндау
1. Балқаш мәтіні не туралы? (көл)
2. Онда не көп? – онда әр түрлі балықтар көп.
3. Суы қандай екен? Батыста тұщы, шығысында ащы.
4. Жұппен жұмыс
Ш, Щ әріптерінің орнын тауып, сөзді оқу (карточка тарату).
Сергіту сәті.
5. Жаңа сабақ
- Біз сабағымызда жаңа дыбыспен, әріппен танысамыз.
а. Цирк келіп ауылға,
Балаларды қуантты.
Билет сатып алуға,
Жібердім мен де Қуатты.
Өлең не туралы? Дұрыс цирк жайлы. Цирк деген не? Кім циркте болып
көрді?
б.
в. Цирк сөзінде таныс емес қандай дыбыс бар? Ц дыбысы. Олай болса, бүгінгі танысатын әрпіміз Ц дыбысы (көрсету). Газет, баспа, жазбаша түрі.
Қане, айтып көрейік, Ц-Ц-Ц. Біз дыбыстарды не істедік? Көрдік, айттық, естідік. Олай болса, Ц әрпін қандай дыбысқа жатқызуға болады? Ц дыбысы дауыссыз дыбыс, оны көк текшемен белгілейміз.
Ц дыбысы қазақ тілінің төл сөзінде кездеспейді, ол орыс тілінен енген сөздермен халықаралық тән. Ц дыбысы сөздің басында, ортасында келеді.
Ц сөзі келетін сөздерді айту:
Циркуль, цех, цирк. Буынға бөлу.
6. Оқулықпен жұмыс.
Бағандарды сөздерді оқыту. Буынға бөлу.
Цирк, цемент, цех, а-ви-а-ци-я, о-фи-цер.
Неліктен сөз буынға бөлінбейді?
7. Мәтінді оқу
а. Жалпы оқып беру. Балалармен тізбектеп оқу.
б. Шарлардан буындар оқу.
в. «Клоун сыры» өлеңін оқыту (екі-үш балаға)
8. Көркем жазу
Ц әрпінің элементтерін тақтада көрсету.
Ц әрпін бастырып жазу.