Сабақтың соңы
|
Жанкелді:
Өз денсаулығымызды сақтау үшін спортпен айналысып,зиянды заттардан аулақ болу.Ең бастысы тазалық сақтауымыз керек.
Сапаркүл :
Бүгінгі таңда кімді алып қарасақ та, кез-келген адам өмір сүріп жатқан ортасының әрдайым таза болғанын қалайды. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұстанымды да бәрі біледі. «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші мектебіміздің ажары кіріп, тазалығы артып жатса нұр үстіне нұр болады. Осы орайда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұйымшылдық танытып,мектебімізді гүлдендіріп таза ұстайық.
Ендеше сабақтың соңында оқушылар мақал-мәтел арқылы сабақты пысықтайды
Д - Дәрі шөптен,ақыл көптен.
Е - Емнің алды-еңбек.
Н - Негізгі байлық-денсаулық.
С - Саулық-байлық негізі.
А - Ас-адамның арқауы.
У - Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы-шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның,ырысы таза.
Қ - Қотыр қолдан жұғады.
Денсаулықтың арқасында еліміздің гүлденіп өсуіне өз үлесімізді қоса берейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |