Сабақ тақырыбы:
Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер §56-58 (10 сынып)
Дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны §45-47 (11 сынып)
Қарастырылатын мәселелер:
1.
Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын ақпараттық технологиялардың даму
көрсеткіштері
2.
Дүниежүзі аймақтары картасындағы
Қазақстанның орны
3.
Азия жүрегіндегі Ұлы дала елі
Тапсырмалар:
1-тапсырма.
Дүниежүзінде жыл сайын тұрақты телефонға қарағанда мобильді телефон мен
кеңжолақты Интернетті пайдаланушылар санының артуының
нақты дәлелдермен 2 себебін
жазу.
2-тапсырма.
Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Ақпарат – таусылмайтын, өзіндік ерекшеліктері
бар ресурс» дегенді
2 сөйлеммен
нақты дәлелдермен
түсіндіру.
3-тапсырма.
Қосымша дерекөздерді пайдалана отырып, «Қазақстанның ғарыш саласындағы
жетістіктері» тақырыбында
тізім немесе ассоциациялық сызба
жасау.
4-тапсырма.
Оқулық мәтітін пайдаланып, кесте бойынша Қазақстанның экономикалық-
географиялық жағдайының ерекшелігін сипаттау.
Қазақстанның
ЭГ жағдайы
Ерекшелігі
Физикалық-
географиялық жағдайы
Еуразия орталығында екі дүние бөлігін қамтиды. Жазықты және ойпатты
ел.
Шығыс және ОШ-да Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-
Шань тау жүйелері орналасқан. Ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңы (6995ж),
ең төменгі нүктесі –Қарақия ойысы(– 132 м).
Математикалық -
географиялық жағдайы
ДЖ 9-орын,
Жер көлемі 2 млн 724 мың км
2
., 5 мемлекетпен шекараласады.
Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км. 21.12.1991 жылғы ТМД-ға,
02.03.1992 жылы БҰҰ-на мүше болды. 17 облысқа, 3 республикалық
маңызы бар қалаға, 160 ауданға бөлінеді.
Тарихи-географиялық
жағдайы
Мәдени- географиялық
жағдайы
Экономикалық-
географиялық жағдайы
Геосаяси жағдайы
Экологиялық-
географиялық жағдайы
5-тапсырма.
«Азия жүрегіндегі Ұлы дала елі» тақырыбына эссе жазу.
Дереккөздер:
1.
География оқулығы, § 54-55-56 (10 сынып)
2.
Дүниежүзінің саяси картасы
3.
Интернет ресурстар
Бағалау критерийі:
1-3 – тапсырмаларды дұрыс орындағандар – 70-80 балл
1-2-3 - тапсырмаларды дұрыс орындағандар – 80 -89 балл
1-2-3-4-5 - тапсырмаларды дұрыс орындағандар – 90-100 балл