Сабақ тақырыбы Ежелгі ата- бабаларымыз



Дата25.06.2020
өлшемі224,86 Kb.
#74480
түріСабақ
Байланысты:
Искакова Р


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімі:

Тарих беттерінде



Күні:

Сынып: 1

Мектеп: «Өкпеті» орта мектебі КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Райгүл

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ежелгі ата- бабаларымыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.4.1. дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелейді.

Көптеген оқушылар: Томиристің ержүректілігін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Дереккөздерді зерделеу арқылы Томиристің маңызды тұлға екенін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелейді


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Томирис туралы әңгімелейді. Ежелгі ата бабаларымыздың тұрмыс тіршілігін зерделейді.

Пәнге тән лексика мен терминология: көшпенді халық, бостандық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  1. Сақ патшайымының есімі кім?

  2. Томиристің ерекше қандай қасиеттері болған?

  3. Ежелгі ата-бабаларымыз қалай аталады?




Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Бейнематериал, слайд

Бастапқы білім

Батырлардың ерлігі туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

«Шаттық шеңбері»

Біз кішкентай батырмыз

Біз кішкентай ақынбыз

Қуанайық бәріміз

Өсіп келе жатырмыз.

Топқа бөлу: “Бес қару» әдісі бойынша бөлінеді. Оқушыларға қару түрлерінің суреттері (садақ, айбалта, қылыш) таратылады.

«Ой ашар» әдісі. Әр топ өз аттары туралы айтады. Топ аттарының басқы әріптерінен сақ сөзі шығады.

Сұрақтар тізбесі арқылы оқу мақсаты жарияланады.

-Қандай батырларды білесіңдер?

-Батырлар қандай болады?

-Бес қаруға қандай қару түрлері жатады?

Сақ- біздің ежелгі ата бабаларымыз.

Оқу мақсаты жарияланады.

Осы сабақтың оқу мақсаты:

Сақ патшайымы Томиристің кім екенімен зерделеу.








Сабақтың ортасы

10 мин

11 мин

2 мин


10 мин

(Ұ) 1-тапсырма «Атаулар туралы 4 сұрақ» әдісімен іске асады.

Бейнежазба көрсетіледі. «Сен білесің бе? Ерден атаның әңгімелері.»



  1. Кім?

  2. Қандай?

  3. Қайда?

  4. Не істеді? Сұрақтарына жауап жазады.

Дескриптор:

-Оқиға кім туралы екеніне дұрыс жауап береді;

-Томиристің қандай болғаны туралы сұраққа дұрыс жауап береді;

-Қайда? сұрағына дұрыс жауап береді;

-Не істеді? сұрағына дұрыс жауап береді;



ҚБ: «Тәж» әдісі арқылы орындалады.

Боялған алтын тәж- 4 сұраққа да толық жауап берілсе;

Жартылай боялған тәж-1 -2-3 сұрақтарға жауап жазылса;

Боялмаған тәж-1- 2 сұраққа ғана жауап берілсе;

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі көрінеді.



Кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.

-Ержүрек сөзін тағы қандай сөздермен алмастыруға болады?

-Томиристің мақсаты қандай болған?

Көмекті қажет ететін оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

-Батыр деп кімді айтамыз?

-Сақ патшайымының аты кім?

(Т) 2- тапсырма «Микс жаттығуы» әдісі арқылы жүзеге асады.

Саралаудың жіктеу тәсілі бойынша талаптары әртүрлі оқушыларды топқа бөлдім.

І топқа Тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы эссе жаз. Тірек сөздер: Сақтар, көшпенді халық, патшайым, бостандық, елін, жерін, Томирис, қорғаған, ержүрек.

ІІ топқа

Суретті Томирис есімімен байланыстыр. Сақтардың тұрмысын зерделе. 5 сөйлеммен жаз



ІІІ топқа Тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы өлең құрастыр.

Саралаудың дереккөздер тәсілі бойынша қарқыны жоғары оқушыларға тапсырма беріледі.



Кейбір оқушыларға қосымша карточка ұсынылады.

Тапсырма: Томиристің ерлік жолын анықта


Томирис 5 жаста

Томирис 6 жаста

Кейін











Дескриптор:

-тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы эссе жаза алады;

-тірек сөздерді пайдаланып сақтардың тұрмысын зерделейді, Томирис есімімен байланыстырады;



-тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы өлең құрастырады;

ҚБ: «Киіз үй» әдісі бойынша іске асады

Толық тігілген үй- сақтардың тұрмыс тіршілігіндегі ерекшеліктер толық айқындалып, Томирис туралы дұрыс сипатталса;

Жартылай тігілген киіз үй- сақтардың тұрмыс тіршілігіне қатысты деректер толық айқындалмай және Томирис туралы сипаттама толықтыруды қажет етсе;

Жабдықталмаған киіз үй- Томирис туралы ешқандай мәлімет келтіре алмаса;

Сергіту сәті.«Көшпенді халық» Шеңберге тұрады. «Көш қозғалды» -балалар қозғалады, орын ауыстырады. «Көш тоқтады»- балалар қайтадан орындарына келеді. Көш тоқтағанда көшпен бірге әкелген заттарын атайды.

Мақсаты: пәнге тән термин сөзді меңгерту мақсатында қолданылады.

(Ж) 3-тапсырма «Сөйлесетін әріптес» әдісі бойынша іске асады. Берілген сөйлемдерді толықтыр.

  1. Біздің ежелгі ата бабаларымыз- --------------

  2. Сақтар -------- халық болған.

  3. Сақ патшайымының есімі -----------------

  4. Томирис---------------------- болған.

  5. Томирис елінің -------------------- қалаған.

Дескриптор:

- сақтар екенін анықтайды;

- көшпелі халық болғанын анықтайды;

- Томирис екенін анықтайды;

-ержүрек болғанын анықтайды;

- бостандығын қалағандығын дұрыс анықтайды;

Саралаудың қарқын тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға тапсырма беріледі

Тапсырма: Томириске мінездеме бер.

Қарқыны оқушыға қолдау көрсету, уақыт беру.



ҚБ «Айбалта» әдісі арқылы бағаланады

Жасыл айбалта- тапсырмадағы бес сұрақ та дұрыс толықтырылса;

Сары айбалта- тапсырмадағы үш сөйлем дұрыс толықтырылса;

Қызыл айбалта-тапсырмадағы бір, екі сөйлем ғана толықтырылса;

www.youtube.com




Тірек сөздер жазылған плакат

















Сабақтың соңы

2 мин


Кері байланыс. «Жетістік ағашы»

1.Ежелгі сақтардың тұрмыс тіршілігі туралы және Томирис туралы толық мағлұмат алса жапырақты «Жетістік ағашының» басына орналастырады.

2. Томирис туралы танып, ежелгі сақтар өмірі туралы білімді толықтыру керек болса жапырақты ағаштың ортасына орналастырады.

Мақсаты: Бүгінгі сабақ бойынша түсінген, көңілге түйген ой түйіндерін айтып шығады.






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1-тапсырмада Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.

-Ержүрек сөзін тағы қандай сөздермен алмастыруға болады?

-Томиристің мақсаты қандай болған?

Көмекті қажет ететін оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

-Батыр деп кімді айтамыз?

-Сақ патшайымының аты кім?

2 -тапсырмада Саралаудың жіктеу тәсілі бойынша талаптары әртүрлі оқушыларды топқа бөлдім.

Саралаудың дереккөздер тәсілі бойынша қарқыны жоғары оқушыларға тапсырма беріледі.



Кейбір оқушыларға қосымша карточка ұсынылады.

Тапсырма: Томиристің ерлік жолын анықта


Томирис 5 жаста

Томирис 6 жаста

Кейін










3-тапсырмада Саралаудың қарқын тәсілі көрінеді.

Кейбір қарқыны жылдам оқушыларға тапсырма беріледі

Тапсырма: Томириске мінездеме бер.

Қарқыны төмен оқушыға қолдау көрсету, уақыт беру.





1.ҚБ: «Тәж» әдісі арқылы орындалады.

Боялған алтын тәж- 4 сұраққа да толық жауап берілсе;

Жартылай боялған тәж-1 -2-3 сұрақтарға жауап жазылса;

Боялмаған тәж-1- 2 сұраққа ғана жауап берілсе;

2.ҚБ: «Киіз үй» әдісі бойынша іске асады

Толық тігілген үй- сақтардың тұрмыс тіршілігіндегі ерекшеліктер толық айқындалып, Томирис туралы дұрыс сипаттаса;

Жартылай тігілген киіз үй- сақтардың тұрмыс тіршілігіне қатысты деректер толық айқындалмаса және Томирис туралы сипаттама толықтыруды қажет етсе;

Жабдықталмаған киіз үй- Томирис туралы ешқандай мәлімет келтіре алмаса,

3.ҚБ «Айбалта» әдісі арқылы бағаланады

Жасыл айбалта-Берілген сөйлемдер бес сұрақта дұрыс толықтырылса;

Сары айбалта- Үш сөйлемде ғана толықтырылса;

Қызыл айбалта-Бір сөйлем ғана толықтырылса

Кері байланыс: «Жетістік ағашы»

1.Ежелгі сақтардың тұрмыс тіршілігі туралы және Томирис туралы толық мағлұмат алса жапырақты «Жетістік ағашының» басына орналастырады.



2. Томирис туралы танып, ежелгі сақтар өмірі туралы білімді толықтыру керек болса жапырақты ағаштың ортасына орналастырады.

Топтық, жұптық жұмыстар жасау кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі сақталады.










Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын, ойлау дағдыларын дамытады.

2: Оқушыны дер кезінде бағалау сабақ құндылығын арттырады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Оқу мақсатындағы мәселені шешудің жолын қарастыру-тапсырманы дұрыс құруға негіз болады.

2.Әрбір тапсырма соңында оқушыны ҚБ арқылы бағалау сабаққа оң нәтиже береді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушы қажеттіктерін қанағаттандыратын жұмыс ұсынылған жағдайда менің келесі сабағымды жетілдіруге болатынын ескеремін.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет