(Ұ) 1-тапсырма «Атаулар туралы 4 сұрақ» әдісімен іске асады.
Бейнежазба көрсетіледі. «Сен білесің бе? Ерден атаның әңгімелері.»
Кім?
Қандай?
Қайда?
Не істеді? Сұрақтарына жауап жазады.
Дескриптор:
-Оқиға кім туралы екеніне дұрыс жауап береді;
-Томиристің қандай болғаны туралы сұраққа дұрыс жауап береді;
-Қайда? сұрағына дұрыс жауап береді;
-Не істеді? сұрағына дұрыс жауап береді;
ҚБ: «Тәж» әдісі арқылы орындалады.
Боялған алтын тәж- 4 сұраққа да толық жауап берілсе;
Жартылай боялған тәж-1 -2-3 сұрақтарға жауап жазылса;
Боялмаған тәж-1- 2 сұраққа ғана жауап берілсе;
Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі көрінеді.
Кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.
-Ержүрек сөзін тағы қандай сөздермен алмастыруға болады?
-Томиристің мақсаты қандай болған?
Көмекті қажет ететін оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.
-Батыр деп кімді айтамыз?
-Сақ патшайымының аты кім?
(Т) 2- тапсырма «Микс жаттығуы» әдісі арқылы жүзеге асады.
Саралаудың жіктеу тәсілі бойынша талаптары әртүрлі оқушыларды топқа бөлдім.
І топқа Тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы эссе жаз. Тірек сөздер: Сақтар, көшпенді халық, патшайым, бостандық, елін, жерін, Томирис, қорғаған, ержүрек.
ІІ топқа
Суретті Томирис есімімен байланыстыр. Сақтардың тұрмысын зерделе. 5 сөйлеммен жаз
ІІІ топқа Тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы өлең құрастыр.
Саралаудың дереккөздер тәсілі бойынша қарқыны жоғары оқушыларға тапсырма беріледі.
Кейбір оқушыларға қосымша карточка ұсынылады.
Тапсырма: Томиристің ерлік жолын анықта
Томирис 5 жаста
|
Томирис 6 жаста
|
Кейін
|
|
|
|
Дескриптор:
-тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы эссе жаза алады;
-тірек сөздерді пайдаланып сақтардың тұрмысын зерделейді, Томирис есімімен байланыстырады;
-тірек сөздерді пайдаланып Томирис туралы өлең құрастырады;
ҚБ: «Киіз үй» әдісі бойынша іске асады
Толық тігілген үй- сақтардың тұрмыс тіршілігіндегі ерекшеліктер толық айқындалып, Томирис туралы дұрыс сипатталса;
Жартылай тігілген киіз үй- сақтардың тұрмыс тіршілігіне қатысты деректер толық айқындалмай және Томирис туралы сипаттама толықтыруды қажет етсе;
Жабдықталмаған киіз үй- Томирис туралы ешқандай мәлімет келтіре алмаса;
Сергіту сәті.«Көшпенді халық» Шеңберге тұрады. «Көш қозғалды» -балалар қозғалады, орын ауыстырады. «Көш тоқтады»- балалар қайтадан орындарына келеді. Көш тоқтағанда көшпен бірге әкелген заттарын атайды.
Мақсаты: пәнге тән термин сөзді меңгерту мақсатында қолданылады.
(Ж) 3-тапсырма «Сөйлесетін әріптес» әдісі бойынша іске асады. Берілген сөйлемдерді толықтыр.
Біздің ежелгі ата бабаларымыз- --------------
Сақтар -------- халық болған.
Сақ патшайымының есімі -----------------
Томирис---------------------- болған.
Томирис елінің -------------------- қалаған.
Дескриптор:
- сақтар екенін анықтайды;
- көшпелі халық болғанын анықтайды;
- Томирис екенін анықтайды;
-ержүрек болғанын анықтайды;
- бостандығын қалағандығын дұрыс анықтайды;
Саралаудың қарқын тәсілі көрінеді.
Кейбір оқушыларға тапсырма беріледі
Тапсырма: Томириске мінездеме бер.
Қарқыны оқушыға қолдау көрсету, уақыт беру.
ҚБ «Айбалта» әдісі арқылы бағаланады
Жасыл айбалта- тапсырмадағы бес сұрақ та дұрыс толықтырылса;
Сары айбалта- тапсырмадағы үш сөйлем дұрыс толықтырылса;
Қызыл айбалта-тапсырмадағы бір, екі сөйлем ғана толықтырылса;
|