Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезені
Бірлескен оқу ортасын құру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Алған білімдерін жүйелеу.
Координаталық түзу дегеніміз не?
Санақ басының координатасы неге тең?
Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта белгіленеді?
Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта белгіленеді?
координаталық түзуде санды белгілеу туралы;
координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу формуласы.
|
Оқушыларды төртеуден шағын топтарға біріктіру.
Бүгін «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану» тарауы бойынша қорытынды сабақ, мен осы сабақты «Математикалық пойыз» ойыны түрінде жүргіземін.
Аялдамалар: А – Теория; В – Санау; С – Есептеу;
D – Тексеру; Е – Ойлану.
Әр топ өзінің көшбасшысын тағайындайды, көшбасшы өзінің реттік номерін алады, сол реттік номерлер бойынша аялдамаларға келіп, тоқтау уақытында үлгеріп берілген тапсырмаларды орындайды. Мұғалім уақытты әр аялдама сайын белгілеп, көрсетіп отырады.
Тапсырмалар аялдама столында пакетте болады.
|