Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология
Оқушылар төмендегі терминдердің аудармасын және анықтамасымен танысуы керек.
English Terms
|
Kazakh
|
Russian
|
transformer
alternating current
voltage
primary coil
secondary coil
step-up
step-down
energy loss
eddy current
electrical generation
|
|
|
Терминдерді / сөздерді дұрыс айту;
Терминдерді / сөздерді дұрыс жазу;
Ұғымдарды түсіндіргенде дұрыс грамматикалық ережені сақтау.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық: Сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастығына ерекше назар аударылады. Сондықтан топтық жұмыс маңызды әрі құнды болып табылады.
Құрмет: оқушылар бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика: оқушылардың сандық сауаттылығын дамыту және формулаларды дұрыс қолдану;
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет, интерактивті тақта, презентация, видео, ноутбуктерді тиімді қолдану;
|
Бастапқы білім
|
Электромагниттік индукция мен айнымалы токты зерттеу туралы кейбір мәліметтер.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Сәлемдесу арқылы сыныпта жайлы атмосфера орнату. Ол үшін мысалы мұғалім мынадай сұрақ қоюы мүмкін: «Бүгінгі көңіл күйің қалай?»
Оқушылар жауаптарын жабысқақ дәптерге жазады және апта сайын оқушылардың көңіл-күйіне бақылау жасалады.
Ұзақтығы: 2 минут
Өтілген тақырыпты еске түсіру:
WORD CLOUD
Жұптық жұмыс
• Оқушылар электр және магнит құбылысына қатысты кем дегенде 10 сөз/терминді табады.
Ұзақтығы: 2 минут
• Оқушылар өздері анықтаған сөздер мен терминдерді басқа оқушылармен салыстырады.
• Оқушылар өз тізімінде жоқ сөздер мен терминдерді жаттайды.
Ұзақтығы: 2 минут
Мұғалім оқу мақсатымен таныстырады, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар жетістік критерийі және сабақ соңында күтілетін нәтижемен таныстырады.
Ұзақтығы: 2 минут
WORD CLOUD-тан оқушылар мен мұғалім бірге оқу мақсатына қатысты сөздер мен терминдерді анықтайды.
Кілтті сөздер:
• трансформатор
• айнымалы ток
• кернеу
• бірінші ретті орама
• екінші ретті орама
• жоғарылатқыш трансформатор
• төмендеткіш трансформатор
• энергия шығыны
• құйынды ток
• электр энергиясын өндіру
Оқушылар кілтті сөздердің орысша және ағылшынша аудармаларын анықтап, дәптерлеріне жазады.
Ұзақтығы: 2 минут
|
Word cloud generated through
https://wordart.com/create
|
15 минут
|
Зерттеу жұмысы: Оқылым және Жигсо белсенді оқыту әдісі
Оқылым:
Сыныпты бес топқа бөлеміз
Әр топқа оқылым тақырыбы бекітіледі
Трансформатор дегеніміз не?
Трансформатор жасау және оны қолдану
Трансформатордың жұмыс істеу принципі
Транформатор теңдеуі
Электр энергиясын өндіруде трансформаторды қолдану
Ұзақтығы: 3 минут
Жигсо әдісі:
Әр топқа сұрақтар таратылады. Ол сұраққа басқа топтың оқушылары жауап бере алады.
Бірнеше топ мүшелері мәтінмен танысып болған соң, басқа топ мүшелерімен араласады. Бір бөлігі өз орнында қалып, өзіне бекітілген тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді.
Ұзақтығы: 7 минут
Ынтымақтастық
Топ мүшелері қайта жиналып, басқа топ оқушыларынан алған білімімен бөліседі.
Топ мүшелері жиынтық ақпарат жасап, сыныппен бөліседі.
Ұзақтығы: 3 минут
Бағалау:
• Мұғалім әр топтың ұсынған мәліметтерін қажет болған жағдайда толықтырады және топ жұмысына кері байланыс жасайды.
Ұзақтығы: 2 минут
|
|
5 минут
|
|