«МАНАП ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
|
|
ТЕКСЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
___________Н.С. Касымбекова
"____" ___________2023ж.
|
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 11
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Модуль /пән атауы
|
ОН 1.5. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету ақауларынан кейін жабдықты қалпына келтіру және олардың алдын алу
|
Сабақ тақырыбы
|
Электрлік және функционалдық схемаларды модельдеу және талдау
|
Жалпы мәліметтер
|
Курс
|
Оқу жылы
|
Тобы
|
Күні
|
II
|
2023-2024
|
АЖ-03-22
|
|
Сабақ түрі
|
Тәжірибелік
|
2. Мақсаты, міндеттері
|
Процессордың командалар жүйесінің құрылымы мен көлемі оның тез әрекеттілігін, икемділігін, пайдаланылу ыңғайлылығын анықтайды.
|
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
|
Микропроцессорлық техниканың қазіргі заманғы қолданылым аймағы кең, оларға қойылатын талап та алуан түрлі. Сондықтан, микропроцессорлық жүйелердің, қуаты, әмбебаптылығы, тез әрекеттілігі және құрылым ерекшеліктерімен танысу.
|
Қажетті ресурстар
|
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
|
Сапарходжаева Н.П., Ниязова Г.Ж., Рахмет Ү.Р. Білім берудегі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 2020 ж.
|
Техникалық құралдар, материалдар
|
Ноутбук
Дербес компьютер
Интерактивті тақта
|
5. Сабақтың барысы
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Амандасу, келмеген студенттерді белгілеу.
Лекция жазуға дәптерлерін дайындау.
3. Сабақтың мақсаттары мен жоспарын хабарлау.
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
1.Қандай танымал антивирустік бағдарламалар бар?
2.Операциялық жүйенің алдын-ала профилактикасын жасау әрекеттері қандай?
3.«Трояндарды» және тыңшы бағдарламаларды жою жолдары?
4.Реестрді тазартатын бағдарламалар?
5.Деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру қандай әдістермен іске асады?
6.Деректерді қалпына келтірудің басқа жолдары?
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
|
Жоспар:
1. Модельдеу әдісі
2. Электрондық схеманы модельдеу
|
Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта)
|
Plickers әдісі бойынша жылдам сұрақтар
|
6. Үйге тапсырма
|
Сапарходжаева Н.П., Ниязова Г.Ж., Рахмет Ү.Р. Білім берудегі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 2020 ж. Н1: 210-213 беттер
|
Дайындаған педагог
|
Усербаева Г. К.
Т.А.Ә.
__________
(қолы)
|
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ №11
Электрлік және функционалдық схемаларды модельдеу және талдау
Жоспар:
1. Модельдеу әдісі
2. Электрондық схеманы модельдеу
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді.
1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.
2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Егер модель абстракты түрде бейнеленсе, оларды сипаттауға мүмкіндік беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм, математикалық формулалар т.б. таңбалық жүйелер қолданылады. Ал оларды тарату үшін кәдімгі аспаптар және компьютер қолданылады.
Компьютерлік модель- бағдарламалық орта көмегімен жүзеге асатын модель. Бағдарламалық орта ретінде графикалық редактор, мәлімттер базасы, мәтіндік процессор т.б. қолдануға болады. Математикалық модельдерді зерттеудің тиімді құралы ретінде программалау орталары болып табылады. Электронды кестелер де ауқымды құрал бола алады. Мұнда бастапқы ақпараттық таңбалық модель осы ортаның құру ережелеріне сәйкес элементар объектілерді байланыстыратын кесте түрінде берілді.
Модельдеу жеке тұлғаны зерттеуші болуға итермелейді.
Бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытқа арналған. Дайындық деңгейіне қойылатын негізгі талаптар: Visual Basic программасын білу, Microsoft Excel электронды кестесімен жұмыс жасау дағдыларын білу.
Электрондық схеманы модельдеу математикалық модельдерді нақты электрондық құрылғының немесе схеманың әрекетін қайталау үшін қолданады. Имитациялық бағдарламалық жасақтама тізбектің жұмысын модельдеуге мүмкіндік береді және баға жетпес талдау құралы болып табылады.
ЧЕК-ЛИСТ:
Plickers әдісі бойынша жылдам сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: |