Сабақ тақырыбы. Әлеуметтік басқару теориясының қалыптасуы, қағидалары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата14.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#126512
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
downloadPdfUmkd (2)

Регламенттеуші әдістер 

бұл ықпал етудің қатаң типі. Олардың көмегімен ұйымдастырудың 

сол  немес  басқа  жүйесі  жасалынады.  Басқару  құрылымының  міндеттері,  құқығы  мен 

жауапкершілігі  анықталады.  Белгілі  бір  ережелер  тағайындалады,  әрекетке  нақтылы 

нұсқамалар, басқарушы мен бағынушылардың жүріс-тұрыстарының шептері анықталады. Бұл 

топқа жататындар регламенттеу, бағдар ұйымдастырушылық әдістер, инструкциялау және т.б. 



Регламенттеу 

–  ұжым  мүшелерінің  іс-әрекетін  реттеуші  қағидаларды,  қызметтік  міндет 

инструкцияларын  және  басқа  да  құжаттарды  өңдеу  мен  қолдану.  Басқару  аппаратының 

қағидаларында  әдетте  төмендегідей  қағидалар  бар.  Жалпы  білім,  негізгі  міндеттер, 

функциялар, басқа бөлімшелермен өзара байланыстар, жауапкершілік. Регламенттік әдіс келесі 

жағдайлардан  тұрады,  яғни  ұйымдық  құрылым,  ұжымды  және  оның  бөлімдерін  басқару 

органдарының  құрылым.  Құқықтар  мен  міндеттердің  нақтылы  шектелуі,  басқару 

органдарының  өкілеттігі,  кәсіби  іс-әрекет  процесінде  туындайтын  басқарудың  жекелеген 

органдары арасында туындайтын қайшылықтарды шешу, сол немесе басқа сұрақтарды шешуде 

ұжымда қолданылатын басқару түрлері мен әдістерінің жиыны. Түрлері:  ортақ жиналыстар, 

конференциялар, комиссия және т.б. 

Әдістер:  мәселені  ұжымдық  талқылау,  қоғамдық  пікірлерді  зерттеу.  Қоғамдық 

экспертиза және т.б. 

Басқарушылық-әкімшілік  әдістер.  Басқару  міндеттерін  шешуге  бағытталған  және 

ұйымды  жетілдіру  үшін  басқару  міндеттерін  оперативтік  нақтылаумен  жүйесін  түзету  үшін 

пайдаланады.  Мұндай  әдістер  2  түрде  қолданылады.  Жазбаша  құжаттық  және  ауызша. 

Басқарушылық  ықпал  етудің  директивалар  нұсқаулар  мен  қаулылар  сияқты  түрлері  тек 

құжаттық түрде, ал бұйрықтар мен өкімдер 2 түрде де қолданылады. 

Тәртіптілік әдістер. Әлеуметтік жұмыста көптеген мәселелерді шешу қажет болған жағдайда 

адамдарға  сәйкес  тәртіп  пен  тәртіп  ережелерінсіз  шын  ықпал  ету  мүмкін  емес.  Тек  еңбек 

тәртібін сақтау туралы айтылып отырған жоқ, сондай-ақ клиенттер топ, ұжым алдындағы жеке 

және кәсіби жауапкершілікті тағайындау. Жауапкершіліктің әртүрлі түрлерін дұрыс үйлестіру 

басқарудың ұйымдастырушылық әдістерінің тиімділігі мен әрекеттілігін күшейтеді. 

Басқарудың  кейбір  әдістері  белгілі  бір  жағдайларда  басқару  функциясы  ретінде  көрінсе, 

сондай-ақ  басқару  әдістері  ретінде  де  көріне  алады.  Яғни  осыған  орай  әдістерді  басқару 

әдістері бойынша жіктеуге болады. Басқарудың барлық субъектілеріне әлеуметтік жұмыстың 

мамандары келесідей ортақ директивалар тән. Яғни мақсаттың қойылуы мен ранжировкасы, 

мақсатқа  жету  тәсілдерін  жоспарлау,  оның  ішінде  материалдық  және  материалдық  емес 

ресурстармен  қамтамасыздандыру.  Біріккен  іс-әрекетті  қадағалау  мен  координациялау. 

Мәселелерді  талқылау  мен  шешу.  Персоналдармен  клиенттермен  қатынастарды  реттеу. 

Байланыстарды  құру  мен  ақпараттандыру,  қамтамасыздандыру.  Клиенттерге  көрсетілетін 

әлеуметтік  қызметтің  саны  мен  сапасын  қадағалау.  Ұйымның  болашақтағы  қажеттіліктерін 

қадағалау. Ұйым немесе мекеменің өкілдік директиваларын орындау. 

Әлеуметтік басқару функцияларының бірі – жоспарлау. Бұл принциптер қатарына негізділік, 

директівтілік,  жалпы  мемлекеттік,  ұжымдық  және  жеке  қызығушылықтардың  бірлігінің 

бейнеленуі.  Жоспардың  тиімділігі,  олардың  тепе-теңдігі,  жоспарлаудың  бірлігі,  оның 

кешенділігі. 



Жоспарлау  іс-әрекет  мақсатын  анықтауда  қойылған  мақсатқа  жету  құралдарын  таңдауда, 

қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, өмірлік іс-әрекетпен әлеуметтік көмекті ұйымдастыру 

түрлерін  анықтау.  Қойылған  мақсатқа  жетудің  бағдарламасын  жасау.  Бағдарламаның 

орындалу  көлемі  мен  нақтылы  мерзімін  анықтау,  іс-әрекет  нәтижелеріне  есеп  жүргізу. 

Қабылданған бағдарламаларды түзету. Бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижелерін ғылыми 

негізбен болжай білу. Бағдарламаны жүзеге асырғаннан кейін пайда болатын жаңа міндеттер 

мен мақсаттарды қою. Жоспарлау басқару функциясы ретінде күрделі құрылымға ие және іс- 

тәжірибеде  өз  ішінен  функцияларға  болжау,  моделдеу  және  бағдарлауға  бөлінумен  жүзеге 

асырылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет