Сабақ Тақырыбы: «Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер»



Дата22.06.2017
өлшемі45,68 Kb.
#19827
түріСабақ
«Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер»

Бәйдібек би ауылы 2015-2016 оқу жылы

Күні: 07.04.2016ж. Сыныбы: 6 «А». Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер»

Сабақтың білімділік мақсаты: Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің мағыналық ерекшелігін таныту, өткен сабақпен байланыстыру, лексикалық сөздік қорларын дамыту, білім, білік дағдыны қалыптастыру.


Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларға еліктеу сөздерді түсіндіру арқылы, сөздердің мағынасын аша білуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, сөзжұмбақ, үн таспа т.б.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәтін құрау, топпен жұмыс т.б. Сабақтың технологиясы: Қ.Бітібаева ойлау, ойлату, ой тастау технологиясы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
а). Сәлемдесу
ә). Түгендеу
б). Оқушыларды сабаққа дайындау.
в). Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою. Қызығушылықты ояту. «Сөзжұмбақ» шешу. Оқушылар, егер сөзжұмбақты дұрыс шешсе, «Еліктеуіш» сөзі шығады.


1. Ертегі кейіпкері-Ертөстік
2. Биік сөзіне антоним- аласа
3. Әдемі сөзіне синоним - көрікті
4. 1-сәуір қандай күн-күлкі.
5. Күшейткіш үстеу- өте
6. Тар сөзіне антоним.- кең
7..... не түгел болса, төбедегі келеді.?
8. Септік жалғауы нешеу?(жеті)
9. Қос сөздің сыңары: бала -....

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.



Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:
1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тұрс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп;
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ-жұрқ, лып, маймаң-маймаң, ербең-ербең; Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. (Оқушыларға тақырып бойынша ертегі құрастырғызу). Ерте, ерте, ертеде сөз таптары деген патышалықта еліктеу сөздері деген патша өмір сүріпті. Оның екі уәзірі болыпты. Олардың бірінің есімі еліктеуіш сөздер, ал тағы бірінің есімі бейнелеуіш сөздер деп аталады екен.

Тапсырмалар орындау. 1- тапсырма. 231-жаттығу. Абай өлеңдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді табыңдар. (кітаппен жұмыс)

2-тапсырма. Еліктеу сөздерді құрамына қарай ажыратып жаз. (тақтамен жұмыс)
Күрс-дара, жылт – жылт-күрделі, қыңқ-дара, тапыр – тұпыр-күрделі, сырт – сырт-күрделі, жалп-дара, сарт-дара, тырс-тырс-күрделі, қызараң - дара, талпаң - талпаң – күрделі, баж - баж - күрделі, саңқ – саңқ-күрделі, қаңқ-дара, маймаң-дара.

Сергіту сәті. (видео көрсете отырып, жеңіл гимнастика жасау)

Ойлату, ойлау, ой тастау технологиясы . (Қ.Бітібаева) Сыныпты үш топқа бөлінген, әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. І - топқа.Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс жаз.
Үлгі: қалш - қалш ету.( мұздау, тоңу)
Жүрегі дүрс - дүрс соғу.( қорқу, қобалжу)
Шақ - шұқ болу (ренжісу)
Қалбалақтай жүгіру.(қуану) ІІ – топқа. Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс жаз.
Үлгі: Сақ - сақ күлді (күлкіні)
Лек - лек болып жүру.( адамның көптігі)
Шыр - пыр болды ( жаны ашыды, уайымдады) бұлқан-талқан болды (ашуланды)
ІІІ-топ. Мына тіркес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Үлгі: Күмбір - күмбір күй төкті. тарс - тұрс (атылды), желп (еткізді)
Сарт - сұрт (соғылу)
Желп - желп (секіру)

ІV. Түсінігін тексеру. Сұрақтарға жауап беру арқылы еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді ажыратыңдар.


1. Қатты қорыққан кездегі қозғалыс (селк) - бейнелеуіш
2. Қазанның жай қайнауы(бүлк-бүлк) - бейнелеуіш
3. Ең жіңішке дауыстың естілуі (шіңк-шіңк) - еліктеуіш
4. Жөтелдің түрі(күрс-күрс) - еліктеуіш
5. Тамшының дыбысы (тырс-тырс) - еліктеуіш
6. Күлкінің түрі(кеңк-кеңк) - бейнелеуіш
7. Қасыңнан бір нәрсе тез өте шықты, қалай сипаттайсың? (зу) - бейнелеуіш

V. Бекіту.


1. Жай ғана сарт етіп жабылады
Іздегенің ішінен табылады (сандық)
2. Қорбаң – қорбаң еткен
Өмірі орманда өткен (аю)
3. Сырт – сырт еткен дыбысы
Ояту оның жұмысы (сағат)
4. Жалт – жұлт етеді
Жерге сіңіп кетеді (қар) 5. Тоқ – тоқ етіп тамағын
Ағаштан іздеп табатын (тоқылдақ)
- сонымен балалар бүгінгі сбақ сендерге түсінікті болды ма? Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді түсіндік па? Ажырата білеміз ба? – жарайсыңдар. Ендеше балалар өз бойларыңдағы білімдеріңді шыңдап, әрдайым үздік бола біліңдер.

VІ. Үйге тапсырма беру.

232-жаттығу.

Бағалау.


-сау болыңдар!
І - топқа.Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс жаз.
Үлгі: қалш - қалш ету.( мұздау, тоңу)
1. Жүрегі дүрс - дүрс соғу.......................................... 2. Шақ - шұқ болу..............................................................
3. Қалбалақтай жүгіру.......................................................

ІІ – топқа. Берілген еліктеуіш сөздердің білдіретін мағынасын дұрыс жаз.


Үлгі: Сақ - сақ күлді (күлкіні)
1. Лек - лек болып жүру.............................................
2. Шыр - пыр болды......................................................... 3. бұлқан-талқан болды....................................................

ІІІ-топ. Мына тіркес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.


Үлгі: Күмбір - күмбір күй төкті. 1.тарс - тұрс 2.желп
3.Сарт - сұрт
4.Желп - желп

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет