Сабақ тақырыбы есімдік, оның ТҮрлері. КӨмекші есімдік. ӘЙтеке би. 2 Сабақ мақсаты



Дата29.03.2017
өлшемі193,13 Kb.
#12699
түріСабақ
____________күнделікті сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Күні / Топ №

/102

/103

/105

Тексерген

1

Сабақ тақырыбы

ЕСІМДІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. КӨМЕКШІ ЕСІМДІК. ӘЙТЕКЕ БИ.

2

Сабақ мақсаты

1. білімділік – оқушыларға есімдіктің ерекшелігі туралы жан-жақты мәлімет беру отырып есімдік тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

2. дамытушылық – жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту;

3. тәрбиелік –оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.



3

Сабақтың түрі

Аралас.


4

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту, алған білімді қорытындылау және жүйелеу.



5

Сабақ формасы

Мотивация-оқушылардың субъективті тәжірбиесін өзектендіру-қабылдауды ұйымдастыру-ұғынуды ұйымдастыру-түйсіну; жеке жұмыс, топтық жұмыс.



6

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, сатылай кешенді талдау, диалог, баяндау, жаттығу жұмысы, сөздікпен жұмыс, пәнішілік және пәнаралық байланыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, дамыта оқыту, қайталау.



7

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, георграфия.



8

Қолданатын құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, тақта, бор, презентация(слайд), бейнеролик ғылымның тіл заңдылықтарын қарастыратын саласының жекелеген бөлімдерінің стендтері.



9. Сабақ барысы


Атауы

Уақыты

Ұпай саны

1

Ұйымдастыру бөлімі.



5 минут

2

Үй тапсырмасын пысықтау.



7 минут

3

Оқушы білімін өзектендіру.



5 минут

4

Жаңа сабақ. Дәріс.



15 минут

5

Сергіту сәті.



5 минут

6

Жаттығу орындау (кітап, тақта, дәптермен жұмыс).



15 минут

7

Білімді бекіту.



13 минут

8

Қорытындылау. Бағалау.



7 минут

9

Үйге тапсырма беру.



3 минут



Жұмыс түрі



Мұғалімнің іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Баға

лау

Күтілетін нәтежие

1

ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ.



Оқушылармен амандасып, жоқ студенттерді анықтайды, оқу құралдарын тексереді, аудиторияның тазалығына көңіл бөледі, білім алушылардың сабаққа дайындығына назар аударады.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырады. Есімдік, оның түрлері. Көмекші есімдік. Әйтеке би.

Амандасады, оқу құралдарын түгендейді, тыңдайды, сабақ тақырыбымен мақсатымен танысады. Сабаққа деген қызығушылығы оянып, зейіндерін аудартады

Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын ретке келтіруді әдетке айналдырады

2

ҮЙ


ТАП-

СЫРМАСЫН ПЫСЫҚТАУ.

Үй тапсырмасын оқытушының сұрауы бойынша өз жұмыстарын тексереді, өзге оқушылардың жұмыстарымен салыстыра отырып жасалған тапсырмалардың дұрыс/бұрыс екендігін анықтайды

Өтілген сабақтарды қайталау қалыптасыды, үйге берілген әр жұмыстың қателіктері ескеріліп ендігіде қайталамау үрдісі қалыптасады

3

ОҚУШЫ БІЛІМІН ӨЗЕКТЕНДІРУ.



Пәнішілік байланыс. Меңгерілген сабақтарды сабақтастырып, жаңа тақырып бойынша мектеп бағдарламасындағы берілген негізгі білімді еске түсіру.

Сөзжұмбақ.

1. Ханның аты

2.Айтыс ақыны

3.Септік аты

4.Ақын,батыр

5.Астық өсіруші

6.Ұлттық тағам

7.Септік аты


Е

С

І

М

С

А

Р

А

І

Л

І

К

М

А

Х

А

М

Б

Е

Т

Д

И

Қ

А

Н

І

Р

І

М

Ш

І

К

К

Ө

М

Е

К

Т

Е

С

Тақырып бойынша осы уақытқа дейін білетіндерін еске түсіріп, ойларын жинақтай отырып түйінді ой айтады

Жаңа тақырыпқа деген түсінік қалыптасады. Оқушылардың білімді жүйелі қабылдау түйсігі дамиды

4

ЖАҢА САБАҚ. ДӘРІС.



Қосымша № 1.

Кесте


Түсініп, конспект жазады (түртіп алу технологиясы) , кесте бойынша сөйлейді

Дұрыс жазу мәдениеті қалыптасады, ептілік қасиеттері дамиды

5

СЕРГІТУ СӘТІ.



- Екі көз не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

- Тіл мен жағың не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін.

- Ал аяғың ше?

- Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.

- Ал, есімдік не үшін қажет?

- Ия,туған жерге жету шін екі аяғың қандай қажет болса,қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор.Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.

Дене жаттығуларын жасайды

Зейіні демалып, жаңа энергияға бейімделеді



6

ЖАТТЫҒУ ОРЫНДАУ (КІТАП, ТАҚТА, ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС).



Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса,есімдіктердің түрлері де сонша.Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.шақпаққа мынаны жазсаңыздар,ерекше тордағы сөзді оқисыздар.































































































































  1. Сілтеу есімдігі

  2. Сұрау есімдігі

  3. Өздік есімдігі (І жақ,көпше түрі,тәуелденіп тұр)

  4. Белгісіздік есімдігі

  5. Жалпылау есімдігі

(ережесін бірден сұрап отырамын)

Қосымша №2.

7

БІЛІМДІ БЕКІТУ.



«Бұл қай есімдіктер?»

1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)

3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен,сен)

4.Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)

5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері)

Сабақтағы тақырыптарды түйіндейді

Ақпаратты ой өзегінен өткізіп қабылдауды дамытады

8

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. БАҒАЛАУ.



Сабақ барысында берілген ақпараттарды жинақтап қортындылайды. Студенттердің сұрақтарын жауап береді

Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар қояды

9

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ.



Сатылай кешенді талдау.

Бұл жерде ешкім сырмды білмейді.

Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.

Бұл Ешкім Бүкіл

негізгі негізгі негізгі

дара күрделі дара

есімдік есімдік есімдік

сілтеу болымсыздық жалпылау

сұрағы : қай сұрағы : кім сұрағы : қай

анықтауыш бастауыш анықтауыш

Тапсырманы дәптерлеріне жазып жатады

Жауапкершілікке баулиды

10

PowerPoint - Microsoft Office/ презинтация №


Қосымша № 1.

септеледі


Жіктеу

жіктеледі

көптеледі
Белгісіздік


Болымсыздық

Есімдіктің

мағыналық

түрлері

тәуелденеді


сілтеу

септеледі

көптеледі
Жалпылау

тәуелденеді
сұрау

септеледі


Өздік

жіктеледі

көптеледі

септеледі жіктеледі тәуелденеді көптеледі.


Қосымша № 2.

Жаттығу. «Полиглот» ойыны. Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына, сұрағына, тұлғасына қарай жазбаша талдатамын.

(асты сызылған сөздерді орыс,ағылшын,неміс тілдеріне аудару керек)

І топ

Тарих қана,халық қана туатын



Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

ІІ топ


Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

ІІІ топ

Әркімді адам сүйремек,



Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Заманы оны илемек.

***

Жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қойып жазыңдар:

1....оқушымын.2....дәрігерсің.3....етікші.4...оқушымыз. 5....Отанымды сүйемін.6.Сыныпта ... оқушы бар? 7.Сен үйге .... келесің? 8.... не істеп отырсың? 9.... ұстазсыз. 10.... адамдар. 11.Менің ... кітабым бар.12.... мектеп осы жерде орналасқан. 13....досым өте жақсы адам. 14.... атыңыз кім? 15.... дәрігерсіңдер. 16.... не істейтініңді мен білемін. 17.Достарың ... келеді? 18.... мені танисың ба? 19.... үйлерің осы жерден алыс та ма? 20.... 5- сыныпта оқимын. 21.... мұғалімсіз бе? 22.... мектепке ертең барады. 23....- менің досым. 24. Менің айтқаным ... адам ғой. 25...., Айман келе жатыр. 26.... өзенге шомылуға барамыз. 27.... жерге сенің кітабыңды қойып едім. 28.....- оқушы. 29.... қазір келемін. 30.... ма айтайын дегенің?



Жауабы:Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қойып жазыңдар:

1 Мен оқушымын.2. Сен дәрігерсің.3.Ол- етікші.4 Біз оқушымыз. 5. Мен Отанымды сүйемін.6.Сыныпта неше оқушы бар? 7.Сен үйге қашан келесің? 8.Сен не істеп отырсың? 9.Сіз ұстазсыз. 10.Олар адамдар. 11.Менің өз кітабым бар.12Мына мектеп осы жерде орналасқан. 13.Менің досым өте жақсы адам. 14.Сіздің атыңыз кім? 15.Сендер дәрігерсіңдер. 16.Сенің не істейтініңді мен білемін. 17.Достарың қашан келеді? 18.Сен мені танисың ба? 19.Сенің үйлерің осы жерден алыс та ма? 20. Мен 5- сыныпта оқимын. 21.Сіз мұғалімсіз бе? 22.Ол мектепке ертең барады. 23.Ол .- менің досым. 24. Менің айтқаным осы адам ғой. 25.Әне , Айман келе жатыр. 26.Біз өзенге шомылуға барамыз. 27.Осы жерге сенің кітабыңды қойып едім. 28.Ол - оқушы. 29.Мен қазір келемін. 30. Осы ма айтайын дегенің?

***

Жаттығу. Берілген сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін ажыратып жазыңдар:

1.Мен оқушымын. 2.Ол-әкімшілік ғимараты. 3. Асқар әне келе жатыр. 4.Жұмысты өзім жасаймын. 5.Сабақта кім жоқ?. 6.Өз үйім-өлең төсегім. 7.Сіз кімсіз?. 8.Сен отыр. 9.Біз 5-сыныпта оқимыз. 10.Ол-үлкен жер. 11.Неше оқушы?. 12.Мына кітап жақсы екен!. 13.Мынау не?. 14.Міне, жаз келді!. 15.Өзі үйде отыр. 16.Осы жер маған ұнайды. 17.Неге ауа райы өзгере береді?. 18.Бүгін күн қандай?. 19.Анау келе жатқан Вова шығар. 20.Мен жазды ұнатамын. 21.Бұл –Ақтөбе.. 22.Бір жылда неше мезгіл бар? 23.Сендер осы мектептің мақтанышысыңдар.24. Ана жерде біздің мектеп орналасқан.25.Мынау менің – Отаным. 26.Олар айтқандарын істейді. 27. Мен елімді сүйемін. 28.Өз еліңе қызмет ет! 29.Бірінші қатарда сіздер шығар. 30.Өзімнің кітабым бар.



Жауабы:

Берілген сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін ажыратып жазыңдар:

Жіктеу есімдіктері:

1.Мен оқушымын. 2.Ол-әкімшілік ғимараты. 3. Асқар әне келе жатыр. 7.Сіз кімсіз?. 8.Сен отыр. 9.Біз 5-сыныпта оқимыз. 10.Ол-үлкен жер. 20.Мен жазды ұнатамын. Ақтөбе. 23.Сендер осы мектептің мақтанышысыңдар.26.Олар айтқандарын істейді. 27. Мен елімді сүйемін. 29.Бірінші қатарда сіздер шығар.



Сілтеу есімдіктері:

3. Асқар әне келе жатыр. .12.Мына кітап жақсы екен!. 13.Мынау не?. 14.Міне, жаз келді!.. 16.Осы жер маған ұнайды. 19.Анау келе жатқан Вова шығар. 21.Бұл –Ақтөбе...24. Ана жерде біздің мектеп орналасқан.25.Мынау менің – Отаным.



Өздік есімдіктері:

4.Жұмысты өзім жасаймын. . 6.Өз үйім-өлең төсегім. 15.Өзі үйде отыр. 28.Өз еліңе қызмет ет! . 30.Өзімнің кітабым бар.



Сұрау есімдіктері:

5.Сабақта кім жоқ?. 11.Неше оқушы?. 17.Неге ауа райы өзгере береді?. 18.Бүгін күн қандай?. 22.Бір жылда неше мезгіл бар?



***

Жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар:

1.... оқушымын. 2....әкімшілік ғимараты. 3. ... 5-сыныпта оқимыз. 4.Жұмысты ... жасаймын. 5.....–менің досымсың.6.Сен .... келесің? 7.Емтиханға ... кітаптарымды алып келемін. 8.Сайыста Анар ... өнерін көрсетті. 9.... өзенге шомылуға барамыз.10....-Асқардың анасы. 11....,мен де келдім. 12....., Асқар болар. 13....., қаланың адамдары келе жатыр. 14..... жерде менің заттарым жатыр. 15.... ауылға бара жатырмын.16.Ертең біз .... жерде кездесеміз. 17......менің бөлмем. 18.... менің келгенімді айтарсыз.. 19.... барып келейін. 20..... жазды ұнатамын. 21.... елімнің көркеюіне үлес қосамын. 22.....дәрігер.23..... –дәрігерлер..24..... ән айтамын..25..... би билейсің. 26. ..... балаларды дайындайсыздар. 27..... концерт қоямыз..28..... әлі жаспыз..29.Ертең болатын жиналысқа .... барасың..30...... –оқушылар.



Жауабы. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар:

1.Мен кіммін?(мен). 2.Ол қандай ғимарат?. (ол). 3. Біз нешінші сыныпта оқимыз?. (біз).4.Жұмысты кім жасайды?(өзім). 5.Сен маған кім боласың?(сен).6.Сен қашан келесің?(қашан) 7.Емтиханға қай кітаптарды алып келейін?(өз). 8.Сайыста Анар не істеді?.(өз).9.Біз не істейміз?(біз).10.Ол кім?(ол)11.Кім келді?(міне). 12.Анау кім?(анау) 13.Кім келе жатыр?.(әне) 14.Менің заттарым қай жерде?.(анау) 15Кім ауылға бара жатыр?(мен).16.Ертең біз қай жерде кездесеміз?.(біз) 17.Қайсы сенің бөлмең?.(мынау) 18. Менің келгенімді кім айтады?.(сіз). 19.Кім барып келеді?.(мен) 20.Кім жазды ұнатады?.(мен) 21.Мен неге үлес қосамын?(өз) 22.Ол кім?(ол).23.Олар кімдер?(олар)..24.Мен не істеймін?(мен)..25.Сен не істейсің?(сен). 26. Сіздер не істейсіздер?(сіздер). 27.Кім концерт қояды?(біз)..28.Біз қандаймыз?(біз).29.Ертең болатын жиналысқа кім барады?(сен)..30.Олар кімдер? (олар)


***

Жаттығу. Сөйлемдерден есімдіктерді тауып астын сыз, сөз құрамына талда

1.Мынау-Алатау. 2. Оның етегінде Алматы қаласы. 3. Анау үлкен-үлкен үйлер. 4. Бұл «Қазақфильм» студиясы. 5. Ол - Әл Фараби көшесінде. 6. Бұлар –алтыншы сынып оқушылары. 7. Мыналар-біздің оқу құралдарымыз. 8. Астанадан қашан келдіңіз? 9. Сіз кімге келдіңіз? 10. Мен үшінші сыныпта оқимын. 11. Ол –үлгілі оқушы. 12. Өзімнің үйіме келдім. 13. Бүкіл халық бейбітшілікті қорғайды. 14. Барша адам жиналды. 15. Әрбір студент жақсы оқуға тиіс. 16. Бүгін ешкім келмеді. 17. Асқардан ешқандай хабар жоқ. 18. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. 19. Адамның жан дүниесі дегеніміз-оның ісі. 20. Адам-барлық нәрсенің өлшемі. 21. Ол мені театрға шақырды. 22. Дана менімен театрға барды. 23. Жиналысқа ауыл тұрғындары түгел жиналды. 24. Бүгін біз ешкіммен сөйлеспедік. 25. Мынау менің туған жерім. 26. Қай институтта, нешінші курста оқисың? 27. Сізді мерекеңізбен құттықтаймыз! 28. Оның аты-Серік. 29. Бұл іс туралы біреумен сөйлес. 30. Алмат өз ісіне әрқашан ұқыпты.



Жауабы:1.Мынау-Алатау. 2. Оның етегінде Алматы қаласы. 3. Анау үлкен-үлкен үйлер. 4. Бұл «Қазақфильм» студиясы. 5. Ол - Әл Фараби көшесінде. 6. Бұлар –алтыншы сынып оқушылары. 7. Мыналар-біздің оқу құралдарымыз. 8. Астанадан қашан келдіңіз? 9. Сіз кімге келдіңіз? 10. Мен үшінші сыныпта оқимын. 11. Ол –үлгілі оқушы. 12. Өзімнің үйіме келдім. 13. Бүкіл халық бейбітшілікті қорғайды. 14. Барша адам жиналды. 15. Әрбір студент жақсы оқуға тиіс. 16. Бүгін ешкім келмеді. 17. Асқардан ешқандай хабар жоқ. 18. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. 19. Адамның жан дүниесі дегеніміз-оның ісі. 20. Адам-барлық нәрсенің өлшемі. 21. Ол мені театрға шақырды. 22. Дана менімен театрға барды. 23. Жиналысқа ауыл тұрғындары түгел жиналды. 24. Бүгін біз ешкіммен сөйлеспедік. 25. Мынау менің туған жерім. 26. Қай институтта, нешінші
***

Жаттығу. Есімдіктердің түрін, қай септікте тұрғанын анықта.

1. Менің үйім 2.менімен қайтты 3.сізге барды 4.осында тұр 5.қаншадан жинады?, өздеріңіз сұраңыз 6.нешінші қабат? 7.бәрін шақырды 8.ешкім білмейді 9.әркімнен сөз естіді 10.барлығының жинағаны 11.өзіміз айттық 12.бұл дәптер 13.сені күттім 14.қанша оқушы? 15.аналардың дәптері 16.біреуден естідім 17.оның мойыны 18.ешнәрседен қорықпайды 19.өздері білмейді 20.сендермен қайтамын 21.нешеден салдың? 22.неге келмеді? 23.осылардан естідім 24.бізден үлкен 25.оларға түсіндірді 26.сізді алдады 27. бәрін шақырды 28.осыларды шақырсам 29.әлдеқашан айтқанмын 30.мен оқушымын.



Жауабы: 1.Менің үйім- жіктеу есімдік, І.с. 2.менімен қайтты- жіктеу есімдік, К.с., 3.сізге барды- жіктеу есімдік, Б.с., 4.осында тұр- сілтеу есімдік, Ж.с.,5. қаншадан жинады?- сұрау есімдік, Ш.с., 6.өздеріңіз сұраңыз- өздік есімдік, А.с.,7. нешінші қабат?- сұрау есімдік,А.с., 8.бәрін шақырды- жалпылау есімдік,Т.с., 9.ешкім білмейді- болымсыздық есімдік,А.с., 10.әркімнен сөз естіді- белгісіздік есімдік, Ш.с., 11.барлығының жинағаны- жалпылау есімдік,І.с., 12.өзіміз айттық- өздік есімдік,А.с., 13.бұл дәптер- сілтеу есімдік, А.с., 14.сені күттім- жіктеу есімдік,Т.с., 15.қанша оқушы?- сұрау есімдік, А.с., 16.аналардың дәптері- сілтеу есімдік І.с., 17.біреуден естідім- белгісіздік есімдік,Ш.с., 18.оның мойны- жіктеу есімдік,І.с., 19.ешнәрседен қорықпайды- болымзысдық есімдік,Ш.с., 20.өздері білмейді- өздік есімдік,А.с., 21.сендермен қайтамын- жіктеу есімдік,К.с., 22. нешеден салдың?- сұрау есімдік,Ш.с., неге келмеді?- сұрау есімдік,Б.с., 23.осылардан естідім- сілтеу есімдік,Ш.с., 24.бізден үлкен- жіктеу есімдік,Ш.с., 25.оларға түсіндірді- жіктеу есімдік, Б.с., 26.сізді алдады- жіктеу есімдік,Т.с., 27.бәрін шақырды- жалпылау есімдік, Т.с., 28.осыларды шақырсам- сілтеу есімдік, Т.с., 29.әлдеқашан айтқанмын- белгісіздік есімдік, А.с. 30. мен оқушымын – жіктеу есімдік А.с.

***

Жаттығу. Есімдіктің түрлерін анықтап, сөйлем құрастыр.

1.өзім 2.ешкім 3.бәрі 4.мен 5.қашан 6.бұл 7.сен 8.бірнеше 9.ештеңе 10.өзіміз.11.қанша 12.мынау 13.ана 14.әрқашан 15.әрдайым.16.ешқашан 17.әлдеқашан18.біздің 19.ешкімнен 20.барлығы 21.түгел 22.қайда 23.біз 24.өзің 25.ешқайсымызға 26.ешқашан 27.олар 28.сол 29.әрдайым 30.олар.



Жауабы: Жіктеу: 4.Мен әдемі сөмке сатып алдым.7. Сен енді барма.23Біз Отан туралы шығарма жаздық.27. Олар кешке қарай оралды..18. Біздің аулада Асыл дейтін бала тұрады.Сілтеу: 6.Бұл ескерткіш үлкен емес. 28.Сол жерде асыл тастар орнатылған ғажайып бұйымдар табылған.12. Мынау ауыл шетіндегі қалың тоғай. 13.Ауыл адамдары ауыз суды ана бастаудан алады.Сұрау: 11. Қанша адам келді? 5. Жиналыс қашан басталды? 22.Қайда кетті? 30.Олар қашан келеді?Өздік:1.Өзім қиын есепті тез шығардым. 10.Үйді өзіміз тұрғыздық. 24.Себебін өзің айт. Белгісіздік: 8.Университеттің бірнеше корпусы бар. 14.Құндыздың терісі әрқашан бағалы болады. 15.Әрдайым ісіңді ересектермен ақылдасып істе. 17. Көкшетау ,оның маңындағы қалың орман әлдеқашан артта қалған . 29.Күріш әрдайым суды көп қажет етеді. Болымсыздық : 2.Ешкім екі рет жас болмас. 9.Ештеңе айтқан жоқ.16. Ешқашан біреуді сыртынан жамандама.19. Ал бүгін ешкімнен ақша алмыды.25. Асан иттен қорққаның ешқайсымызға білдірітпеді.26. Ешқашан нанды бір қолмен бөлме. Жалпылау : 3.Бәрі қатысты20.. Сынып оқушылары спорттық жарысқа барлығы қатысты. 21. Асқардың туған күніне достары түгел жиналды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет