Кері байланыс.
«Ашық микрофон » әдісі арқылы жүргізіледі.
- Күн мен ғаламшарларға қандай ортақ атау беруге болады?
- Екінші суреттегі қателіктерге қарап нені еске түсіреміз ?
- Атаулары бірдей әріптен басталатын ғаламшарлар бар ма ?
-Қай ғаламшардың ауа райы ең ыстық және неліктен ?
- Жер Нептунның орнында болса,ол қазіргідей болар ма еді ? Неліктен?
Бағалау. Мұғалім көмегімен « Осы ғаламшарлардың ішінде ең алып әрі ең әдемі ғаламшар қайсы деп ойлайсыңдар ?» деген сауалға жауап бере отырып топтар бірін-бірі ең алып әрі әдемі ғаламшар Юпитердің суреттері арқылы бағалайды.
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұптық жұмыс жасау үшін топ ішінде жұпқа бөлінеді.
Жұптық жұмыс оқушыларға ғаламшарлардың орнын дәл көрсетіп үйренуі үшін ұйымдастырылады.
Тапсырма оқушыға арналған жұмыс дәптерінен беріледі.Жұптарға ғаламшарлардың атаулары жазылған қима қағаздар таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |