Диалог/жазылымға арналған пайдалы сөздер/сөздер тіркестері/фразалар: Заттардың бір бірімен араласып, біріне бірі өтуі құбылысын Х деп атайды.
Әсіресе Х … жылдам жүреді, баяуырақ – …, өте баяу – ... .
Температураны арттырғанда Х құбылысы ... жүреді.
Құндылықтарды дарыту
Топта/жұпта жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық.
Сыни тұрғыдан ойлаудың дамуы.
Талдау, қорытынды жасай алу дағдыларының дамуы.
Пәнаралық байланыс
химия–физика: молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары
АКТ дағдылары
Видео көру
Алдыңғы білім
Бастауыш мектептің «Жаратылыстану» пәнінен оқушылар заттардың агрегаттық күйлері бойынша жіктелуін біледі және оларды сипаттай алады.
Сабақ барысы
Сабақтың
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ой қозғау
(М) (Д) Қоңырауда (оқушылардың көңілін аудартпай) жағымды, хош иісті заты бар құты/флакон ашып қойыңыз (әтір немесе кофе). Оқушылардың біреуі жағымды хош иісті сезген соң кабинеттегі ауада иіс қалай таралатыны жайлы әңгімені бастаңыз. Әңгіме бірқалыпты сабақтың басталуына әкелуі тиіс. Күнделікті бақылаударының негізінде оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
Егер әтір құйылған құтыны ашса, онда …;
Егер марганцовканың түйіршігін суға салса, онда …;
Егер мұзды қыздырса, онда …;
Егер бір тамшы майды суға тамызса, онда …;
Біздің сабағымыздың мақсаты болып жатқан осы құбылыстарды бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру.
Әтір құйылған құты/флакон немесе басқа да жағымды хош иісті зат