Сабақтың ортасы
10 минут
7 мин
5 мин
10 мин
5 мин
|
Оқушыларды суреттердің көмегімен 3 топқа біріктіруге болады, мысалы, техника, табиғат және жасуша бөліктері.
(С) ДНҚ туралы мультфильмді көрсетіңіз, оқушылар мультфильмді мұқият көруі және ДНҚ ашылуының маңызы туралы қорытынды жасаулары үшін оның мазмұны бойынша алдын-ала дайындалған сұрақтарды ұсыныңыз.
Мультфильмді көріп болған соң топта талқылау үшін сұрақтар беріледі және өз ойларын ортаға салады.
(М) Балаларға Нобель сыйлығы туралы әңгімелеп беріңіз, себебі бұл аса көрнекті ғылыми зерттеулер, төңкерістік ашылымдар немесе мәдениет пен қоғамның дамуына қомақты үлес қосқаны үшін жыл сайын берілетін беделді халықаралық жүлде.
(М) Телефон дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін оқушылармен бірге анықтау
(Э, Т) «Телефон» атты физика бойынша өнертапқыштық тәжірибесі. Ұсынылған ресурстарды қолданып, оқушыларды телефонды құрастыруларын өтініңіз. Оқушылар телефонды дайындап болған соң оны тексеріп көрулері қажет.
|