Сабақ тақырыбы Ғылымның рөлі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет3/126
Дата07.02.2022
өлшемі11,6 Mb.
#93283
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
5-сынып жаратылыстану мж

Сабақ жоспары №2





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Зерттеу сұрағы

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау

Сабақ мақсаттары

зерттеу сұрағын және болжамдарды тұжырымдайды
зерттеу сұрағының мәнін түсіндіру
зерттеу болжамын ұсыну жодарын талдау
зерттеу сұрағы негізінде болжамдарды тұжырымдау

Жетістік критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Зерттеу сұрағын анықтайды

  • Зерттеудің болжамын тұжырымдайды

  • Зерттеу сұрағы негізінде қорытынды жасайды

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Өз зерттеулеріне болжамдарды ауызша және жазбаша нысанда талқылай алады.
Өз идеяларын плакаттағы схема түрінде көрсете алады. Кейін оқушылар басқа оқушылардың тәжірибелеріне қатысты өз пікірлерін айтып және өз идеяларын дамыта отырып, басқаларының идеяларын толықтырады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Зерттеу сұрағы
Зерттеу жоспары
Гипотеза
Тәжірибе
Зерттеу мәселесі
Деректерді талдау
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.
Бұлай айтуға … негіз болды.
Бұл … түсіндіріледі.
Менің түсіндіруім ...

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс жасау барысында оқушыларды өзара көмек көрсетуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өзара ақпарат алмасу барысында бір-біріне құрмет көрсетуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Физика – диффузия жылдамдығы, соғу күші, ұшу алыстығы, зат салмағы, биология – жүрек соғысының жиілігі, жапырақтың түсуі

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында Power Point презентациясын және Интернет желісін қолдану

Бастапқы білім



Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.
Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақты ұйымдастыру
«Алма бағы» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (тақтаға алма ағашының суретін және оған түрлі түсті стикерлер (алма) жапсыру, сабақ басталғанда оқушыларға өзіне ұнаған алманы алуды тапсырыңыз. Сол арқылы оқушының сол сәттегі көңіл күйін білуге болады, сонымен қатар топқа бөлінеді).


(К) Балалар, алдарыңызда сумен толтырылған екі стақан берілген. Біреуіне - қабығы ашылмаған, ал екіншісіне - қабығы ашылған лимонды салсақ не болады, қалай ойлайсыздар? (Оқушылар әр түрлі болжамдар ұсынады және тәжірибені жасап көру арқылы болжам расталады немесе расталмайды)

(М) Осы қарапайым тәжірибе негізінде оқушыларда зерттеу сұрағын тұжырымдау және осы зерттеу сұрағы негізінде болжам жасау және тәжірибені жасап көру арқылы болжамның расталатын немесе расталмайтындығын тексеруге болатындығы туралы түсінік қалыптастыруға болады

Power Point презентациясы, алма ағашының суреті, түрлі-түсті стикерлер
Екі стақан, су, қабығы ашылған лимон, қабығы ашылмаған лимон
http://www.7ya.ru/article/Opyty-dlya-detej-zanimatelnaya-nauka-v-domashnih-usloviyah/

Сабақтың ортасы

(Т) (Э) Оқушылар сабақтың басында алма ағашынан алған стикерлері бойынша 3 топқа бөлінеді:
1-топ. Диффузияның жылдамдығын зерттейді
2-топ. Ұшу алыстығының соғу күшіне және зат салмағына тәуелділігін зерттейді
3-топ. Физикалық жаттығуларға байланысты жүрек соғысы жиілігінің өзгеруін зерттейді

Топтық жұмысқа қойылатын критерий:



  • Тәжірибені жүзеге асыру алдында зерттеу сұрағын қою

  • Тәжірибеге байланысты болжамдар (гипотеза) тұжырымдау

  • Нұсқаулыққа сәйкес тәжірибені жасау

  • Тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасау

1 топқа ыстық және суық суы бар екі стақан беріледі. Екі стақанға қара шай қалташасын салып, олар судың қоңыр түске боялу уақытын анықтайды.



2 топқа әр түрлі өлшемді өшіргіштің үш түрі ұсынылады. Оқушылар үстел үстінде жатқан өшіргішті саусақтарымен әр түрлі: көп, орташа және аз күшпен соғады.

3 топ оқушылары 10 рет отырып-тұрғанға дейін және одан кейін тамыр бойынша жүрек соғысының санын өлшейді

Әр топ тәжірибені жасап болған соң өзара ақпарат алмасады.


(Б) Алдын –ала таратылған китерий бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін –бірі бағалайды.
Бағалау критерийлері.

  • Зерттеу сұрағының ғылымилығы;

  • Болжамның түсінікті әрі тексеруге мүмкін болуы;

  • Зерттеу кезінде қауіпсіздік шараларының қадағалануы;

  • Әрекет ретінің сақталуы;

  • Деректердің нақты әрі шынайы жинақталуы;

  • Зерттеу бойынша қорытындының дұрыс, сауатты тұжырымдалуы.

Осы тапсырма арқылы оқушылардың болжамды тұжырымдау және оны тәжірибе жүзінде тексере білу дағдысы бағаланады.


Сабақты бекіту







(Б) Суретке қарап отырып:


А деңгей. Берілген құбылысты анықтаңыздар
В деңгей. Суреттегі берілген құбылысқа байланысты сұрақ қойыңыздар
С деңгей. Зерттеу сұрағына болжам жасаңыздар
«Табиғат деген не? » туралы білімдерін тексеру

  • Табиғаттың ерекшеліктері қандай?

Қоршаған ортаны қалай қабылдаймыз?

  • Табиғаттағы негізгі әрекеттерді ата?

Осы аталған сұрақтар төңірегінде 3 топ жұмыс атқарып, өз ойларын, пікірлерін ортаға салып жұмыс атқарады.
Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)
Бағалау СГ 3.Орындалған тапсырмалардың нәтижелерін көрсету
Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау критериі

Дескриптор

Негізгі түсініктерін берілген тәсілдер ақылы көрсетеді.

Алған білімдерінің нәтижелерін тиянақты түрде салыстырады





Мәліметтер мен тапсырмалардың дұрыс шешімдері арнайы мәліметтермен анықталды;
-Арнайы тапсырмалар мен салыстыру арқылы натурал сандардың мағанасын түснді.


Ыстық және салқын суы бар стақан, қара шай қалташасы, әр түрлі өлшемді өшіргіш

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлық оқушылар: белгілі бір мәселелер бойынша ойланып, тұжырымдар келтіреді
Көпшілік оқушылар: осы мәселелерге қатысты зерттеу сұрағын қоя алады
Кей оқушылар: осы зерттеу сұрағы негізінде болжам тұжырымдайды

  • Ауызша сұрақ-жауап

  • Топтық жұмыс

  • Деңгейлік тапсырмалар

  • Өзара бағалау




Оқушыларға ыстық сумен жұмыс жасауы барысында және өшіргішті үлкен күшпен соғуы кезінде зақым келмеуін қадағалау;

Партада отырған кезде омыртқа жотасының қисаюын болдырмау мақсатында тік отыруын бақылау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет