Сабақтың тақырыбы: 5.3С Энергия түрлері мен көздері
Сабақтың оқу мақсаттары
5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату
5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату
5.5.1.3 термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу
Бағалау критерийлері
Төмендегі критерийлер орындалса, оқушы оқу мақсатына жетеді: оқушы жылулық ұлғаюды тұрмыстағы мысалдар арқылы сипаттайды;
оқушы жылулық ұлғаюды көрсететін экспериментті сипаттайды;
Тілдік мақсаттар
Тақырып бойынша глоссарий
қазақ
русский
English
жылу
тепло
heat
жылулық ұлғаю
тепловое расширение
Thermal expansion
Арнайы пәндік лексика және терминология Жылу, жылулық ұлғаю, сығылу, температура, дене жылынғанда оның көлемі ұлғаяды.
Құндылықтарды дарыту
Топтық жұмысқа қатыстыру арқылы бірлесе жұмыс жасауға баулу, өз пікірін дәлелдеуге және басқалардың пікірін сыйлауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс
Математика: көлем, ұзындық, аудан түсініктері
АКТ
Power Point презентациясы
Осыған дейін меңгерілген білім
5 сынып: энергия
Уақыттыжоспарлау
Жоспарланғаніс-шаралар
Ресурстар
0-5 мин
(Т) (W) Сәлемдесу. Сабақ тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Power Point презентациясы
5-15
(Т) (D)Дененің қызған кезде ұлғаюын демонстрациялау. Эксперимент жасау алдында оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережелерін ескерту.
Бөлме температурасында болаттан жасалған металл шар сақина арасынан оңай өтеді.
Оқушыларға сұрақ: шар мен сақина өлшемдері тупалы не айтуға болады? Жауап: шардың диаметрі сақинаның ішкі диаметрінен сәл кішірек. Егер болаттан жасалған шарды от жалынына қыздырсақ, ол шар сақинадан өтпей, тұрып қалады.
Оқушыларға сұрақ: шардың сақинадан өтпей тұрып қалуын қалай түсіндіреміз? Жауап: шардың өлшемдері ұлғайды. Біраз уақыттан кейін шар өз-өзінен сақинадан өтіп кетеді.
Оқушыларға сұрақ: осы құбылысты қалай түсіндіресіңдер? Жауап: дене қызған кезде оның өлшемдері артады, суыған кезде – азаяды. Ескертпе: егер арнайы құрал болмаса, екі шеге арасында тұрып қалатын теңгемен экспериментті ұсынуға болады.
Құрал-жабдықтар: металл сақина, металл шар, спирт жанарғысы. Екі шеге арасынан өтетін монета туралы эксперимент:
https://www.google.kz/url?sa=i&rct=j&q=&esrc=s&source=i