(Т) Оқушыларға Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері бойынша коллаж жасау ұсынылады.
Кері байланыс: оқушы – оқушы, мұғалім - оқушы
(Ж) Оқушылар Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерінің бірін қамтитын ақпарат көздерінен алынған мақалаларды талдайды. Зерттелген мәліметтер бойынша оқушылар кесте құрады. Кестеде мәселені, себебін, шешу жолын ұсынады.
Кері байланыс: мұғалім - оқушы (Т) Оқушыларға ҚР экологиялық мәселелерін өз дәлелдемелерін келтіре отырып, маңыздылығы бойынша реттілікпен орналастыру тапсырмасын орындату. Мәселелер ретінде оқушыларға келесі тізім берілді :
Атмосфераның ластануы;
Тұрмыстық қалдықтар;
Судың ластануы;
Жерлердің шөлейттенуі;
Ауыз суының жетіспеушілігі;
Климаттың өзгеруі;
Ормандардың азаюуы;
Жабайы жануарлардың жойылуы;
Жиі кездесетін және эндемиялық өсімдіктердің жойылуы.
Кері байланыс: оқушы – оқушы, мұғалім – оқушы
(С) Мұғалім оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.
Электронды ресурс «Зеленый пакет» http://education.rec.org/ru/main.php?lang=ru
Ғаламдық экологиялық мәселелер бойынша бейне баян: https://www.youtube.com/watch?v=1pe-KV6J-uE