Келіcемін Бекітемін
........................................ ......... ...............................
«.......»...............2015 жыл «.......»...............2015 жыл
«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ
Орынгүл Отеулиева тарих және құқық пәні мұғалімі.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. 6-сынып. Қазақстан тарихы.
Сабақ тақырыбы
|
Ғұндар
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы, шаруашылығы, мәдениеті , жауынгер халық екендігі туралы мағлұмат алады, ғұндар туралы төменгі сыныпта өткендерін, білетіндерін толықтырады..
|
Сілтеме
|
Оқулық, дидактикалық құралдар.
|
Күтілетін нәтиже.
|
Ғұн мемлекеті туралы толық мәліметтер алады, білімдерін толықтырады, Ғұн мемлекетінің құрылуы, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығымен танысады және алған білімдерін өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыланды.
|
Сабақтың жабдықтары.
|
Интербелсенді тақта, сызба-кестелер, постер, стикер қағаз, маркер, слаид т.б
|
Технология
|
Сындарлы оқыту
|
Сәлемдесу
|
1 мин
|
Топқа бөлу.
|
3 мин. Қайталау бағытында тапсырма беріледі.
1 - топ «Мемлекет»
2 - топ «Глоссарий»
3 - топ «Мәдениет»
|
Топтарға бағалау көрсеткіші беріледі.
|
1 мин
|
Топтық тапсырмалар. 1-әрекет
|
5-мин..«Ассоциация»әдісі «Ғұндар»
|
Топтық тапсырмалар. 2-әрекет
|
15-мин. «Джигсо» әдісі, консеп карта
|
1-топ.
|
Ғұндар тарихы.
Қоғамдық құрылымы. Қоғамдық құрылысы.
|
2-топ.
|
Ғұндар әскери қуаты мен Ғұн билеушілері.
|
3-топ.
|
Ғұндардың мәдениеті мен тұрмысы және деректер
|
Топтық тапсырмалар. 3-әрекет
|
10-мин. Тест
|
Жеке тапсырмалар. 4-әрекет
|
6-мин. «Ыстық орындық» әдісі хронологиямен жұмыс
|
Бағалау
|
2-мин. Критериалды бағалау
|
Кері байланыс
|
2-мин. Босқа келдім, қанағаттандым,
жақсы , өте жақсы.
|
Үйге тапсырма
|
«Ғұндар» тақырыбына эссе жазу
|
Топқа бөлу : Алтын Орда- Батый. Ақ Орда-Орда Ежен, Моголстан- Тоғылық Темір. Ханталапай-хан сайланғанда мал-мүлкін таратып алу. Сойырғал-мұрагерлікпен сыйға берілген жер. Хараж-егіншілерден алынатын салық. ХIV-XV ғасырдағы тарихи ескерткіштер- Алаша хан, Жошы хан, Дурбек-«Жүсіп-Зылиха», Өтемісқажы еңбегі- «Шыңғыснама».
1.«Ассоциация» әдісі «Ғұндар»сөзі жазылады оқушылар өз білімдерін ортаға салады. Қызығушылығы оянады.
2.«Джигсо» әдісі, консеп карта. Топтарға мәтін таратылып, білімін толықтырады. консеп картаға түсіріп, қорғайды..
3. Тест. Жаңа сабақты бекіту мақсатында алынады.
4.«Ыстық орындық» әдісі бір оқушы шығады да жаңа тақырып хронологияны топтарға қояды.
Ғұндар тарихы
Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Б.з. б 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Қытай деректерінде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпалар бірлестігі б.з.б 4-3 ғасырларда құрылған.Б.з. б 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Қазақстан жеріне б.з.б 1 ғасырдың соңы мен 1 ғасырда келген.
Қоғамдық құрылымы;
1.Жоғары билеушісі «тәңірқұты» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды.
2.Түменбасы-ру басшысы , он мың атты әскер басшысы (шаньюйдің ұлдары, інілері, жақын туысқандары) Түменбасыны шаньюй тағайындаған.Ал түменбасы мыңбасы, жүзбасы, онбасыны тағайындаған.
3.Мыңбасы
4.Жүзбасы
5.Онбасы
Империяның басқару тобы ақсүйектерден тұрды. Жылына үш рет ақсақалдар кеңесі шақырылды. Ғұндар мемелекеті әскери жүйе бойынша 3-ке бөлінді:.Сол қанат, орталық қанат, оң қанат
Қоғамдық құрылысы: Ғұн тайпаларында әлеуметтік теңсіздік болды. Көшпелі патриархалды ел. Тақ мұраға қалдырылды. Ауыр қылмыс пен опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілді. Ұрлық жасағандардың беті тілінді.
Ғұндар әскери қуаты
Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Б.з.б 3 ғасырда Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Қорған 4000 шақырымға созылған. Биіктігі 10 метр, 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған. Қытайлар мен Ғұндар 300 жылдан астам соғысты. Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы (катапульта) қолданды. Қарулары садақ, қылыш, найза, қалқан.
Ғұн билеушілері
Мөде Б.з.б 228-174 жылдары өмір сүрген.
Ғұн мемлекеті негізін қалаушы. Әскери реформа жүргізуші. Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерлерді ғұндарға бағындырды. Мөде өз әскерлерін «ысқыратын жебесін» қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды.
Б.з.б. 209 жыл. Мөде шаньюй билікке келеді.203-201 ж. Қырғыз тайпасын бағындырды. Негізгі қарсыласы-Қытай мен юэчжтлер болды. Мөде тұсында халық саны 300 мыңға жетіп гүлденеді
Чжи-Чжи Б.з.б 1 ғасырда ел биледі. Б.з.б 55 жылы ғұндар екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань әулеті қол астына өтті. Солтүстіктегі ғұндар Чжи-Чжи (Шөже) басқаруымен тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресті.Қаңлы тайпасымен келісімге келіп, Талас өзенінің шығысына қоныстануға мүмкіндік алды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. Оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. Б.з 1 ғасырда ғұндардың і жылжуы басталды. Дунай арқылы Еуропаға жетті. Шығыстан батысқа жылжуы б.з.б 2-б.з 4 ғасырға дейін созылды. Халықтардың ұлы қоныс аударуы ғұндардың жылжуынан басталады.
Атилла (Еділ) 400—453 жылдары өмір сүрген. Румыния мен Венгря елдеріндегі ғұндарды біріктірді Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.Ол әскери-демократиялық мемлекет құрды.451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктерді, франктер т.б біріккен күштерін жеңді. 453 жылы Аттила өлгеннен кейін Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
Ғұндардың мәдениеті мен тұрмысы және деректер
Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген, қой өсірген, ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер.Киіз үйдің төрінде қамшы. Ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебе т.б іліп қойған. Астық сақтайтын ұралары үйдің ішінде болған.Жүннен кілем, төсеніш тоқыған.Олар зергерлік алтын әшекей жасауда үлкен жетістіктерге жеткен. Зерлеу – бұйым бетіне алатын түйіршіктерді дәнекерлеу.
Бұйымға ширатылған сымды дәнекелеп отырған,бұйымға түрлі-түсті затты жапсыру-безендіруді қолданды.Мүндай стиль «полихромдық стиль» деп аталды. Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды).Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенді. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған, тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған
Ғұндар тарихына қатысты
Джузеппе Верди “Аттила”операсын жазды.
Т.Амеди « Аттила мұрагерлерінің тарихы» еңбегін жазды.
Цахариас Вернер «Ғұн патшасы Аттила»атты бес актілі трагедия жазды .
Прииск. Аттила туралы : «Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».
А.Марцеллин ғұндар туралы «Ертелі-кеш ат үстінен түспейді, маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті ат үстінде отырып өткізеді»
Прииск ғұндар туралы «Олар соғыстан кейін тынығады, әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барына қанағат етді»
М.Қашғари: “ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын”жазған
Л.Н.Гумилев: “Мөде бастаған хунну(ғұн) державасы б.з.б.209 ж. пайда болды”
Бағалау бетшесі
1 Топқа бөлудегі қайталау сұрақтары 1 сұраққа 1 ұпай .
2.«Ассоциация» әдісі 1 жауапқа 1 ұпай
3«Джигсо» әдісі топтық жұмысқа қосқан үлесіне қарай,
топтық жұмысты басқа топтар бағалауы негізінде ұпай қою
10 ұпай- қанағаттанарлық,
20 ұпай- жақсы,
30 ұпай- өте жақсы.
4. Тест. 1 жауапқа 1 ұпай
5.«Ыстық орындық» әдісі 1 жауапқа 1 ұпай
Критериалды бағалау көрсеткіші
1. 10-30 ұпай - «Қанағаттанарлық»
2. 31-45 ұпай - «Жақсы»
3. 46- жоғары - «Өте жоғары»
№
|
Оқушының ат-жөні
|
іс-әрекеттер
|
ұпайы
|
баға
|
Қай-та-лау
|
.«Ассо-циа-ция» әдісі
|
«Джи-гсо» әдісі
|
Тест.
|
.«Ыстық орын-дық» әдісі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алтын Орда
.............................................................................................
Батый.
.............................................................................................
Ақ Орда
...........................................................................................
Орда Ежен
.............................................................................................
Моголстан
...........................................................................................
Тоғылық Темір
.............................................................................................
Ханталапай
..........................................................................................
Хан сайланғанда мал-мүлкін таратып алу
............................................................................................
Сойырғал
................................................................................ .........
Мұрагерлікпен сыйға берілген жер
Хараж.
...........................................................................................
Егіншілерден алынатын салық.
............................................................................................
ХIV-XV ғасырдағы тарихи ескерткіштер
............................................................................................
Алаша хан, Жошы хан
.............................................................................................
«Шыңғыснама».
.............................................................................................
Дурбек
.............................................................................................
«Жүсіп-Зылиха».
............................................................................................
Өтемісқажы
.............................................................................................
Тест. Қазақстан тарих 10 сынып. О.Отеулиева
1.Ғұн тайпаларының билеушісі қалай аталады?
А) патша В) шаньюй С) хан Д) гуньмо
2.Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт:
А) 200 жыл В)300жыл С) 100жыл Д) 150жыл
3. Б.з.б.55 жыл Ғұн мемлекеті қандай бөліктерге бөлінеді?
А) Орталық және Шығыс В) Солтүстік және Оңтүстік
С) Солтүстік және Шығыс Д) Батыс және Шығыс
4. Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған тайпа?
А) сақтар В) ғұндар С) үйсіндер Д) арабтар
5. Ғұндардың аты аңызға айналған қолбасшысы?
А) Дарий В) Аттила С) Шырақ Д) Ескендір
6. Еділ туралы қай тарихшы жазды?
А) Геродот В) Присск С) Страбон Д) Ксенофонт
7. «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз», - деген ғұн басшысы:
А) Чжи – Чжи. В) Мұқан. С) Аттила. Д) Мөде.
8.Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша:
А) 2 қанатқа бөлінген. В) 3 қанатқа бөлінген.
С) 4 қанатқа бөлінген. Д) бөлінбеген.
9. Ғұн мемлекетінің ақсақалдар кеңесіне жылына:
А) 5 рет шақырылды. В) 6 рет шақырылды.
С) 1 рет шақырылды. Д) 3 рет шақырылды
10. Ғұн билеушісі Еділдің қайтыс болған уақыты:
А) 93 жылы. В) 193 жылы. С) 253 жылы. Д) 453 жылы.
11. «Атилла» операсын жазған италян композиторы:
А) Бах. В) Чайковский. С) Шоппен. Д) Джузеппе Верди.
12. Ғұндар жөнінде маңызды дерек қалдырған:
А) Ктесий. В) Торг. С) Марцеллин. Д) Страбон.
13. Б.з.б. IV-III ғғ. Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген?
А) сақтар В) арабтар С) үйсіндер Д) ғұндар
14.Каталаун шайқасы қашан болды:
А) 451 жылы.+ В). 455 жылы. С). 450 жылы. Д). 452 жылы.
15.Хань әулетінің қол астына түскен :
А) Оңтүстіктегі ғұндар. В). Солтүстіктегі ғұндар.
С). Шығыстағы ғұндар. Д). Батыстағы ғұндар.
16.Ғұндарда ұсақ қылмыстар үшін қолданылған жаза:
А) Өлім жазасы .В) Зынданға қамаған . С) Қолын кескен.
Д) Бетін тілген. Е).Айыппұл салынған .
17.Ғұн мемлекетіндегі Түменбасы әскерінің құрамы:
А) 5 мың жаяу және 5мың атты әскер.
В). 10 мың жаяу әскер 10 мың атты әскер.
С). 5 мың атты әскер.
Д). 10 мың атты әскер.
18.Ғұн мемлекетіндегі Ру саны:
А) 14. В). 12. С). 16. Д). 24.
19.Рим империясына қауіп туғызған ғұн басшысы:
А) Мөде. В). Шаньюй. С). Еділ. Д). Чжи – Чжи.
20.Ғұндардың негізгі баспанасы:
А) Үңгірлер В). Ағаш үйлер. С). Киіз үй.
Д). Тастан қашап жасалынған үйлер.
Тест. Қазақстан тарих 10 сынып. О.Отеулиева
1.В
2.В
3.В
4.В
5,В
6.В
7.Д
8.В
9.Д
10.Д
11.Д
12.С
13.Д
14.А
15.А
16.Д
17.Д
18.Д
19.С
20.С
Мемлекет
Глоссарий
Мәдениет
.
Достарыңызбен бөлісу: |