Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары»


Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі182 Kb.
#50930
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
d0b0d188d18bd29b-d181d0b0d0b1d0b0d29b-1

Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары:
Квадрат тобы:
Күкірттің химиялық таңбасы
Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстардың формуласын тауып ,атын ата:
СаО,Н2S, NaOH ,SO2, H 2O, HNO3,MgCI2 ,Fe2 (SO 4)3
Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері қандай ?
Үшбұрыш тобы:
Күкірттің электрондық формуласы
Күкірт қышқылының формуласы
Мына реакция теңдеуін аяқта: а) Mg+H2S O4→ ә) Zn O+ H2S O4→ б) Na3 PO4 + H2S O4→
Шеңбер тобы:
Мүмкін болатын валенттігі
Мүмкін болатын тотығу дәрежесі
Мына айналымды жүзеге асыр: S → SO2 → SO3 → H2 S O4 → K2 S O4
Сабақтың барысы:
ҮІІА топшасы элементтерінің қасиеттері



Қасиеттері

F

Cl

Br

I

At

Реттік нөмірі

9

17

35

53

85

Салыстырмалы атомдық массасы, м.а.б

18,998

35,453

79,904

126,90

209,99

Валенттік электрондары

2s2 2p5

3s2 3p5

4s2 4p5

5s2 5p5

6s2 6p5

Физикалық күйі

Ашық жасыл газ

Сары жасыл газ

Қызыл қоңыр сұйық

Қара күлгін крист.

Қара көкшіл крист.



Химиялық қасиеттері. Күн сәулесі әсерінен хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі:
H2 + Cl2 = 2HCl
2Sb + 5Cl2 = 2SbCl5
Cu + Cl2 = CuCl2
2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3
2Na + Cl2 = 2NaCl
Қолданылуы.
Хлор – маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады. Хлорды уландырғыш заттар алуда да қолданылады: Фосген СОCl2, иприт (С2 Н4 Cl)2 S, хлорпикрин CCl3 NO2 т.б (видео көру)хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде Геррмания мемлекеті қолданған.
Алынуы. Алғаш рет 1774ж швед химигі К.Шееле тұз қышқылымен МnО2 – ге әсер етіп, хлорды алды. Астат- радиоактивті элемент.
Зертханада.
МnО2 + 4HCl = MnCl2 + Cl2↑ +2H2 O
16HCl + 2KMnO4 = 2MnCl2 + 5Cl2↑ +8H2 O + 2KCl
6HCl + KClO3 = KCl + 3Cl2↑ +3H2 O
Өнеркәсіпте.
2NaCl + 2H2 O → H2 ↑ + Cl2↑ + 2NaOH
Хлорсутек, тұзқышқылы және хлоридтер. Хлорсутек ауада түтінденетін концентрлі ерітінді. HCl – өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
Алынуы. NaCl + H2 SO4 = NaHSO4 + HCl
NaHSO4 + NaCl = Na2 SO4 + HCl
Химиялық қасиеттері.
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
MgO + 2HCl = MgCl2 + H2 O
NaOH + HCl = NaCl + H2 O
AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3
Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады.
NaCl – тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
KCl – маңызды минералды тыңайтқыш
ZnCl2 – ерітіндісін теміржол шпалдарына сіңіріп, шіруден сақтау үшін, сондай – ақ дәнекерлеу кезінде қолданылады.
CaCl2 – суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз CaCl2 газдарды кептіру үшін қолданылады.
І кезең Шығармашылық жұмыс
Квадрат
Йод. 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер
Куртуа ашты. Аты грекше иодус- күлгін, қара көк деген мағынаны береді.
Теңіз орман- жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6 %.Адам организміне йод жетіспесе бақшаңкөз ауруына шалдығады,
сондықтан құрамында йоды бар асты пайдалану қажет.
Йодтан медицинада дәрілер даярлайды,алғашқы көмекке пайдаланады, тамақ өнеркәсібінде, фото, кино
ісінде, лабораториялық реактив ретінде де қолданады.
Үшбұрыш
Фтор. Фторды 1886 жылы Муассан ашты. Фтор -бүлдіргіш элемент, қ.ж. солғын сары түсті бейметалл. Өткір иісті улы газ. Қосылыстарында бір валентті, өте белсенді, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттеседі. Фторды органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсаттарда да қолданады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өмірінде де елеулі рөл атқарады. Ауыз суда фтор жетіспесе тістер ауыратын болады. Тоңазытқыш сұйықтар алуға қолданылады. (фреон) Фтор адамзатқа қажетті элемент.
Шеңбер
Бром. Бром 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісі сасық болғандықтан бромнан бәрі қашады. Бром қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтық, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түзеді. Судағы ерітінді бром суы деп аталады. Бром қосылыстары өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданады.
Сергіту сәті.
1.Екі буыннан тұратын химиялық элемент,
Бірінші буыны атау септігінің сұрағы,екінші буыны сан есім, бұл қандай элемент? (неон)
2.Бірінші буыны тасқын су, екінші буыны мал құлағындағы белгі.
(селен)
3.Табылса бұрын там-тұмнан ,қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан ,қандай металл ертеде. (алюминний)
4.Күмістей түсі жылтыр,өзі сұйық,буланбас,қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты,жылуды анық ,қандай зат;құрал жасар соны құйып?(сынап)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет