Сабақтың мақсаты
|
Оқушылардың жеке құжаттарына графикалық нысандарды және декоративті жазбаларды кіріктіре отырып, безендірілген құжаттар алу.
|
Күтілетін нәтиже
|
1. Сурет түрлерін ажырата алады;
2. Суреттерді құжатқа түрлі жолдармен кірістіреді;
3. WordArt декоративтік жазбаларды пайдаланады;
4. SmartArt суреттерін құжатқа кірістіреді;
5. Безендірілген жеке жұмыстарын қорғайды.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Интербелсенді тақта,компьютерлер, үлестірме материалдар, электронды оқулық, http://bilimland.kz сайты.
|
Оқыту әдістері
|
Сөздік, практикалық, түсіндірмелі.
|
Әдіс-тәсілдері
|
ЖИГСО-1, СТО, диалогтық оқыту
|
Пайдаланылған модульдер
|
АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту, оқыту үшін балалау және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сәйкес білім беру, білім беруді басқару және көшбасшылық.
|
Оқыту формалары
|
Жеке, топтық, жұптық.
|
Пайдаланылған әдебиеттер
|
С.Т. Мұхамбетжанова, А.С.Тен «Информатика, 6 сынып» оқулығы, Б. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ», «Информатика негіздері» журналы.
|
Сабақтың барысы
|
а) Ұйымдастыру.
ә) Өткенді жаңғырту.
б) Қызығушылықты ояту (бейнеролик).
б) Мағынаны тану.
в) Ой қозғау.
г) Кері байланыс.
д) Үйге тапсырма.
|
Кезеңі
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
2 мин
|
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару, оқулық, дәптерлерінің толықтығын тексеру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
|
Сабаққа дайындық жұмыстарын жүргізеді. Тілек арнайды
|
Өткенді жадыда жаңғырту
|
3 мин
|
Оқушыларға анықтама жазылған қағаздар таратылады. Сәйкестендіріп өткен білімдерін естеріне түсіртеді.
|
Сәйкестендіру арқылы өткен тақырыптарды естеріне түсіреді.
Сәйкестендірілген қағаздар арқылы жұп құрайды.
Ережелерді тақтаға іледі.
|
Қызығушылықты ояту
|
3 мин
|
Bilimland.kz сайтынан видеожинақ бөліміндегі танымдық фильмдер бөлімінен «Сурет өнері дегеніміз не?» тақырыбындағы фильмді көрсетеміз. http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11978
Бейнефильмнен түсініктерін сұрақ арқылы сұрап, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
|
Танымдық фильмді көреді. Сұрақтарға жауап береді.
|
Мағынаны тану
|
2 мин
3 мин
2 мин
3 мин
5 мин
8 мин
3 мин
|
1. Тыңдалым:
Bilimland.kz сайтынан 6 сынып «Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру» электрондық оқулығындағы «Түсіндіру» бөлімін тыңдату.
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=16362
2. Оқы (жеке) – талда (жұптық) – бөліс (топтық)
- «Оқы» - берілген мәтін бөліктерін оқу;
- «Талда» - жұптасып мәтінді талдау; ЖИГСО әдісі.
- «Бөліс» - топта түсінікпен бөлісу.
Графикалық нысандарды және жазбаларды кірістіру.
3. Постер жасап, қорғау.
І топ: «Жарнама» Берілген суреттерді пайдаланып постер жасату.
ІІ топ: «Журнал» Берілген суреттерді пайдаланып постер жасату.
4. Компьютермен жұмыс (әр оқушы компютерде жұмыс жасайды).
Тапсырма №1
1-тапсырма
|
Фигура салып, ішіне аты-жөніңді жаз
|
2-тапсырма
|
WordArt, SmartArt, жазбаларды кірістір
|
3-тапсырма
|
Журналдың бірінші бетін жаса
| |