Орыс мектептеріндегі қазақ тілінен ашық сабақ жоспары. 9- сынып
тақырыбы: Қазақстан суретшілері. Құрмалас сөйлемді қайталау.
Қазақ тілі. 9 - сынып
Сабақ тақырыбы 1.Грамматика
Құрмалас сөйлемді қайталау
2. Лексика
Қазақтың атақты суретшісі
Сабақ мақсаты 1.Оқушыларға қазақ халқының суретшілері туралы толық мәлімет беру;
Тақырыпқа қатысты сөз оралымдарын меңгерту;
Құрмалас сөйлемді қаншалықты меңгергендігін тексеру
2.Оқушылардың тіл байлығын,мәдениетін дамыту;
Танымдық қабілеттерін жетілдіру;
Ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру;
Сөздік қорын молайту
3. Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі қайталау сабағы
Сабақ типі қиыстыру
Сабақ көрнекілігі интерактивті тақта (слайд,флипч.жұмыс)суреттер
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер сұрақ-жауап,эвристикалық,сын тұрғысынан ойлау
стратегиясы,әңгімелеу,ойландыру,талдау,топтық жұмыс
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып,тіл дамыту.
Сабақтың өткізілу барысымен оқушыларды таныстыру
Мұғалім:
Бүгінгі сабақ- ерекше сабақ,өйткені біздің жұмысымызды келген қонақтарымыз бағалайды,сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып,білімдеріңді көрсете алуларыңа тырыссаңдар деп тілек білдіремін
Олай болса,іске сәт дей отырып, бүгінгі сабағымыздың мақсатын хабарлауға рұқсат етіңіздер
Сабақ мақсаты Құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша білімдеріңді тиянақтау, «Қазақ суретшісі»лексикалық тақырыбын жалғастыра отырып, оны толықтай меңгеру,ауызекі сөйлеу тілдеріңді топтық жұмыс арқылы дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ал, олай болса, балалар, үй тапсырмасын әр топ өзі үйден дайындап әкелген сұрақтары бойынша қорытындылайық.үй тапсырмасы «Құрмалас сөйлем және оның түрлері»болатын,сұрақтарыңыз дайын болса, әр топ бір-біріне екі сұрақтан қоюға тиіс.Сұраққа қысқа,бірақ толық жауап береміз.
Ал қанеки,дайын болсақ, І топ өз сұрағын бастасын...
ІІ топ Ітоп Ітоп
І топ ІІтоп ІІІтоп
ІІІ топ ІІІтоп ІІтоп
ІІІ . Мұғалім:
Жақсы,балалар, барынша жауап беруге тырыстыңдар,құрмалас сөйлем бойынша өз білгенімізді жинақтадық,енді осы ережені пайдалана отырып,мәтінмен қалай жұмыс жасайды екенбіз,өздерің білесіңдер біз Қазақстан суретшілері деген тақырыпты өткен болатынбыз,ендеше мына тақтаға қарайықшы, қандай бейне сіздерге таныс болып тұр?
Художник Романов Сахи(1926-2002гг) Художник Исмаилова Гульфайрус
Оқушылар:
Әбілхан Қастеев
Мұғалім
Жақсы,бұл қандай адам?
Оқушылар:
Қазақтың атақты суретшісі – Әбілхан Қастеев, ол қазіргі Алматы облысы,Жаркент қаласында 1904 жылы өмірге келген;
Ол Моквада Н.Крупская атындағы көркем студияда оқыған;
Оның атақты «Амангелді отрядының шабуылы», «колхоз тойы»атты туындылары бар...
Мұғалім:
Рахмет,өте жақсы, Ендеше, мына бейнелерге де назар аудара отырайық,бұл кісілер де Қазақстанның атақты суретшілері,Мысалы, мынау – Аскар Есдаулет деген суретші,оның туындылары өте көп,сонау 2000 жылдан «Тарлан»сыйлығының иегері;
Мынау – Романов Сахи – атақты суретші,график,кино суретшісі.1958 жылдан бастап суретшілер Одағының мүшесі.Оның «Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы», «үш Қоңыр»,т.б. туындылары бар.
Мынау – Смайлова Гүлфайруз – Қазақстан театр суретшісі, кино актрисасы,Қазақстан өнерінің еңбегі сіңген қызметшісі.16 жыл бойы Қазақстан балет театрының декоратор-суретшісі.Оның «Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың »портреті, «К.Байсеитованың»портреттері елге белгілі.
Балалар, біздің бүгінгі жұмысымыз осы атақты суретшілердің ішіндегі қазақтың ең алғашқы кәсіпқой суретшісі – Ә.Қастеев туралы болмақшы.Айтайын дегенім, мәтінмен жұмыстардың барлығы осы суретші жайында болмақ.
Дайын болсаңдар, мына үлестірмелі қағаздарды таратамын,ал сіздер бұл жұмысқа 2минут арнайсыздар.
Тапсырма:
Мәтінді оқып,құрмалас сөйлемді тауып,түрін ажырату.
І топ
Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой суретшісі Әбілхан Қастеев болды.Оның шығармашылығы сан қырлы, сондықтан ол тарихи тақырыпта да, түрлі жанрда портрет пен пейзаждар жасады.1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.
Әбілхан Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді.Атақты суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш көрме өтеді және сол жылы суретшіге өнер қайраткері атағы беріледі.Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізде үлкен орын алады.
Әбілхан Қастеев – Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Әкесінен ерте айрылған ол байдың жалшысы болды.Алматыда атақты суретші шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылып, 1984 жылы мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.
Перде арқылы жұмыстың дұрыстығын тексеру:
І топ – « Оның шығармашылығы сан қырлы, сондықтан ол тарихи тақырыпта да, түрлі жанрда портрет пен пейзаждар жасады».(себеп-салдар салалас, « сондықтан», жалғаулығы арқылы жасалған,1-жай сөйлем- Оның шығармашылығы сан қырлы, 2-жай сөйлем- ол тарихи тақырыпта да, түрлі жанрда портрет пен пейзаждар жасады ).
ІІ топ – «Атақты суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш көрме өтеді және сол жылы суретшіге өнер қайраткері атағы беріледі.»(ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, «және»жалғаулығы арқылы жасалған...)
ІІІ топ – «Алматыда атақты суретші шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылып, 1984 жылы мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі берілді»(мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем, 1-жай сөйлем баяндауышы –ЫП жұрнағы арқылы жасалып тұр).
Мұғалім:
Жақсы, балалар, енді мына бір тапсырманы орындайық...(үлестірме бойынша)
Тапсырма: Берілген жалғаулық бойынша сөйлем құрап,сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру
_______________,бірақ__________________________
_______________,өйткені_________________________
_______________ да,_____________________________
Келесі үлестірме карточка
Тапсырма: Адасқан сөздерді орнына қойып,сөйлем мүшесіне талдау
І топ
негізін салушы,Ол,өнерінің,сурет.
ІІ топ
оқуын,Ресейде,Ә.Қастеев,жалғастырды,1934 жылы.
ІІІтоп
жұмыстарын,Оның,көптеген,көруге болады,сурет көрмелерінен.
Пердеде дұрыс жауабы тұрады,кейін соны тексеру.
ІҮ Сабақты бекіту
Ой-толғам жасау,ол «Менің армандаған мамандығым»атты эссе түрінде болмақ.
Мұғалім:
Ал, балалар ,өздерің байқағандай,қазақтың ұлы,әрі алғашқы суретшісі Әбілхан аталарың жайлы біраз мәлімет алғандаймыз, яғни ол 1904 жылы туып,1973 жылы дүниеден өтті.Осы аралықта ол қаншама жаңа туындылар өмірге әкелді.Оның барлығы адамның ықыласына, алдына қойған мақсатына, арманына байланысты болған шығар.Ол кісі де кішкентайынан суретші болуды армандаған шығар,міне соған жету үшін көп жұмыс жасады,мақсатына жетті.Мүмкін, сендердің де армандарың бар шығар.Мен бүгінгі сабағымызды сіздердің бірауыз ой-толғамдарыңызбен аяқтағым келіп отыр.Соған орай берілетін тапсырма «Менің армандаған мамандығым»атты эссе жазу.Әр топқа 5 минуттан уақыт беріледі.Араларыңыздан бір оқушы жұмысын таңдап алыңыздар, ол әрине өз ойын оқып берсе.
Оқушылардың жұмысын тыңдау
Ү Сабақты қорыту
ҮІ Оқушылады бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма : «Қазақстан суретшілері»тақырыбында диалог дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |