Сабақтың басталуы Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақта зат массасының сақталу заңы бойынша үйге берілген есептердің шығарылуын оқушылардың дәптерлеріне шолу жасау арқылы тексеру
Өткенді еске түсіру мақсатында «пияз сақинасы» активитиін орындау. Оқушылар ішкі және сыртқы сақинаға бөлініп тұрады. Ішкі сақинада тұрған оқушылар өздерін қарама – қарсы сыртқы сақинада тұрған оқушылармен берілген сұрақтар төңірегінде диалог жасайды. Мұғалім қол шапалақ соққан кезде сыртқы сақина орын алмастырып жылжып отырады.
Топтарға берілетін сұрақтар:
«Бар нәрсе жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды. Бір жерде материя қанша азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деген пікірге келісесіз бе?
Химиялық реакция кезінде атомдардың саны өзгермей сақталады. Ал атомдардың өздері өзгереді ме?
Жаңа сабақ тақырыбын болжау Тақтадан слайд презентация арқылы топқа суреттер көрсетіледі. Немесе әр түрлі реакцияларды жарық, жылу, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі) демонстрация түрінде көрсетуге болады.
Оқушылар химиялық реакция белгілері туралы алдыңғы сыныпта өткендерін естеріне түсіре отырып жаңа сабақ тақырыбын ашу керек. Оқу мақсатымен таныстыру
Оқушыларға БББ (KWL) кестесі таратылады.
Осы кестенің «Білемін» бөліміне оқушылар бұрыннан химиялық реакция туралы білетін ақпараттарын жазады.
«Білгім келеді» бөліміне бүгінгі сабақта химиялық реаекциялар туралы не білгісі келетіндігін жазады
Презентация,
оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.