Практикалық жұмысты орындау үшін оқушыға қойылатын талаптар:
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін мұқият сақтау.
Орындалған жұмысқа дұрыс қорытынды жаса берілген жаттығу жұмыстарын тексеру.
Жаңа сабақ
Практикалық жұмысты орындау.
№1 Мына заттар ерітінділері арасында жүретін реакцияны тәжірибе жүзінде іске асырып, қадағалаңдар:
А) Калий карбонаты мен тұз қышқылы;
Б) Темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксиді;
В) натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы;
Реакция теңдеулерінің толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
№2 Мынадай айналуларды іске асырыңдар:
Мыс (ІІ) сульфаты → мыс (ІІ) гидроксиді → мыс (ІІ) оксиді → мыс (ІІ) хлориді
Реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
№3 Лакмус пен фенолфталеин қатысында бейтараптану реакциясын жүргізіңдер. Мысалы, натрий
гидроксиді мен тұз қышқылы ерітінділері арасында толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар. Байқағандарыңды қорытындылап, түсіндіріңдер.
№4 Үстел үстіндегі реактивтерді пайдалана отырып, алмасу реакциясы арқылы мына заттарды алыңдар:
а) темір (ІІІ) гидроксиді;
ә) мыс (ІІ) гидроксиді;
б) барий сульфаты.