Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме



бет40/61
Дата08.02.2022
өлшемі330,31 Kb.
#119216
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
Байланысты:
00039933-5932f97c

Сабақтың көрнекілігі

Күкірт, темір ұнтағы, тұрғы, индикаторлар, сынауықтар, құты, зат жағатын қасық, спирт шамы.



Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру



I нұсқа

II нұсқа

1. Br2 + H2
MgCl2 + AgNO3
2.Бейметалдарға тән физикалық қасиеттерін айтып, оттектің аллотропияқұбылысын еске түсіріңдер.

1. NaOH + HCl→
KBr + Cl2
2.Не себепті период саны өскен сайын бейметалл элементтер азаяды. Атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріңдер.






«Ой қозғау »

Осы затпен ескі үйді аластайды,түсіне қарасаң алтынға ұқсайды
бұл не деп ойлайсыңдар, балалар?
Иә , бұл күкірт.
Ендеше бүгінгі сабағымызда «Күкірт және оның қосылыстары»
туралы әңгімелейтін боламыз.

Жаңа сабақ

Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
Сыныпты 3 топқа бөлу.
«Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбы бойынша оқушылардың
слайд бойынша жұмыстарын қорғауы.
І топ «Күкірт»
ІІ топ «Күкіртсутек»
ІІІ топ «Күкірттің (ІV,VІ ) оксидтері

1- топ
Күкірттің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы


Күкірт VІ А топ элементі.
Электрондық формуласы: S 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4
Физикалық қасиеттері
Күкірт –сары түсті,қатты кристалды зат
Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады
Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді;б ензолда, күкіртті көміртекте және т.б. жақсы ериді
Химиялық қасиеттері
Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады
күкірттің жай заттармен әрекеттесуі
күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі
Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі (жанады)
Табиғатта таралуы
Күкірттің табиғи қосылыстары
Балқаш, Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер (ZnS,PbS, FeS,т.б) күйінде болса, сульфаттары
(СаSO4. 2 H 2O, Na 2SO4.10H2O, MgSO4. 7H2O) т.б болады
Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі
Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады
2- топ Күкіртсутек
Табиғатта таралуы және физикалық қасиеттері
Күкіртсутек –шіріген жұмыртқа йісті,түссіз газ.
-60°с-та сұйық күйге ауысады.ал -86° с-та қатады.
Күкіртсутек табиғатта жанартау атқылағандағы газдардың құрамында,емдік қасиеті бар минерал суларда кездеседі (Алма-Арасан т.б)
Күкіртсутек өте улы, оның өте аз мөлшерімен тыныс алғанда адам есінен танып, тіпті өліп те кетуі мүмкін.
Күкіртсутек тыныс алғанда гемоглобинмен байланысып,сал ауруын туғызады.
Күкіртсутекпен уланған адамды тез арада таза ауаға шығару керек.
Химиялық қасиеттері
Күкіртсутеке тотықсыздандырғыш қасиет тән.
2S +O2→2S+2H2O S- тот-с-ш , O2- т-т-ш
Металдармен әрекеттесіп сутек бөледі, активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен:
Н2S+Mg → Mg S+ Н2
Галогендермен әрекеттескенде сәйкес галогенсутек қышқылдарын түзеді:
Br2 + Н2S →2HBr+S
Күкіртсутек екі негізді қышқыл болғандықтан, орта (сульфидтер) және қышқыл тұздар (гидросульфаттар) түзеді. Н2S+КОН →КНS+H2O
Алынуы:
Зертханада:
Н2S Кипп аппаратында алынады:
ҒеS+ 2HCI → Н2S↑ + ҒеCI2
Қолданылуы:
Күкіртсутек емдік қасиеті бар, буын ауруларын емдеуде күкіртті сутек ванналарында қолданылады
Күкірттісутектің тұздарымен түсі әр түрлі тұнба түзуі аналитикалық химияда ерітіндіден сәйкес металл катиондарын бөлуде және анықтауда қолданылады
3- топ Күкірт окидтері
Физикалық қасиеттері
Күкірт екі түрлі оксид түзеді:S (ІҮ) оксиді-SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл-өткір тұншықтырғыш иісі бар, түссіз газ
S (ҮІ)оксиді-күкірт ангидриді- SO3,ұшқыш,түссіз сұйықтық; олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл Н2SO3 және күкірт қышқылы Н2SO4 түзіледі, олай болса бұлар қышқылдық оксидтер
Алынуы:
Зертханада: Күкіртті ауада жағу арқылы 2S+O2→ SO2
Өндірісте: 2ZnS+3O2 → 2ZnO+ 2SO2
2SO2+O2 → 2SO3
Химиялық қасиеттері:
Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:
SO2+Na2O→Na2SO3
Негізбен әрекеттескенде тұз және су түзе жүреді
SO2+2 NaOH →Na2SO3+H2O
Қолданылуы:
SO2-қантты,маталарды,сабынды ағарту үшін,қоймаларды аластау үшін қолданылады

Тапсырмалар

Өздік жұмыс.
І топ
1.Күкірттің химиялық таңбасы
2.Электрондық формуласы
3.Мүмкін болатын валенттігі
4.Мүмкін болатын тотығу дәрежесі
ІІ топ
Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстардың формуласын тауып ,атын ата:
СаО,Н2S, NaOH ,SO2, H 2O, HNO3,MgCI2 ,Fe2 (SO 4)3
2.Күкірттің (ІҮ) оксиді ....оксид деп аталады
Күкірттің (ІҮ) оксиді сумен әрекеттесіп,түзеді
4.Күкірт қышқылының формуласы

ІІІ топ


1.Күкірт қышқылына және оның тұздарына қай зат сапалық реактив болып табылады ?
2.Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері қандай?
3.Мына реакция теңдеуін аяқта: а) Mg+H2S O4→ ә) Zn O+ H2S O4→ б) Na3 PO4 + H2S O4→



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет