№26 сабақ
|
Химия
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Көміртек және оның қосылыстары
|
Сілтеме:
|
Н. Нұрахметов, К.Жексембина. Н.Заграничная
|
Жалпы мақсаттар:
|
Аллотропиялық түр өзгерістерімен құрлысымен физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру. Көміртектің биохимиялық ролі және табиғаттаңы айналымы туралы мағлұмат беру
|
Күтілетін нәтижесі
|
Көміртектің физикалық қасиеттерін аллотропиялық түр өзгерістері арқылы түсіндіре алады, химиялық қасиеттерімен танысады.
|
Түйінді идеялар
|
Көміртек және оның қосылыстары.
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке жұмыстар, диалог әдісі.
|
Керекті құрал - жабдықтар
|
Графит, таскөмір, белсендірілген көмір, алмаз бен графиттің кристалдық тор үлгісі, бор, әктас, тұз, күкірт қышқылдары, сынауықтар, тұрғы
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Электрондық оқулық, слайдтар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
1.Калий нитратындағы азоттың массалық үлесін табыңдар.
2.Қос суперфосфаттағы Ca(H2PO4)2. 2H2O қоректік элемент фосфордың массалық үлесін (%) табыңдар.
3.Калий карбонаты мен калий нитратының формуласын жазыңдар.
4.Азот тыңайтқыштарының жіктелуін айтып беріңдер.
5.Фосфор тыңайтқыштарды қалай жіктеледі?
|
Жаңа сабақ
|
« Ой қозғау»
Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келеді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанады. Бір күні Алмас қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көреді де қара із қалдыратынын байқады. Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келеді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан ауыр әкті суға ағады. Жарқырап күнде шығады. Күн сәулесінің жылуынан әрі жерде әкті су, ұзақ кепкен ақ тастар шашылып жатады. Оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа қалай айналдырғанын көріп таң тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып, сызып көреді. Оның да өзіндік ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болды?
Жауабы: (С →СО2→Н2СО3→Са(НСО3)2→СаСО3 )
Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады.
І топ Көміртектің периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы
ІІ топ Көміртектің физикалық, химиялық қасиеттері, қолдануы
ІІІ топ Көміртектің сутекті, оттекті қосылыстары
|
Тапсырмалар
|
Деңгейлік тапсырма
А
1. Көміртектің периодтық жүйеде орналасуын баянда.
2. Көміртектің қандай табиғи қосылыстарын білесің?
3. Қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар?
В
1. Көміртек қандай оксидтері бар?
2. Сутекті қосылыстарына мысал келтір
3. Көміртектің ІҮ оксидін зертханада қайдан алады?
С
1. Массасы 12 грамм көміртек жану үшін қанша грамм оттек қажет болады?
2. Айналымдыжүзеге асыр: С – СО2- Н2СО3-СаСО3
3. 22,4 моль метен оттекпен әрекеттескенде неше мол су түзіледі?
Бағдарлы карта
№2 есеп.
Массасы 33 грамм метан алу үшін қанша грамм көміртек жұмсалды.
Жауапты оқушы:
- Есептің шартын оқы
- Белгісіз затты анықта
- Формуланы еске түсір
- Есептің берілгенін жаз
- Белгісіз затты анықтап жаз
- Есептің шешуіне қажетті формуланы жаз
Жақсы! Сенің қолыңнан келетіне сен!
- Арықарай, реакция теңдеуін теңестір
- Берілген затпен белгісіз заттың молярлық массасын есепте
Ұмытсаң көршіңнен сұра
- Негізгі формуланың орнына мәндерін қой
- Есепте
- Жауабын жаз
Тамаша! Сен өте тапқыр оқушысың!
|
Бағалау
|
Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.
. Критерий арқылы бағалау
|
Кері байланыс
|
Рефлексия:
• Сабақ ұнады ма?
• Қандай тапсырманы орындаған ұнайды ?
• Қандай тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар келтірілді ?
Оқушы рефлексиясы
|
Үйге тапсырма
|
|