Сабақ тақырыбы: І топтың негізгі топшасындағы металдар сабақТЫҢ мақсаты: білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі186,79 Kb.
#29999
түріСабақ
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы

ӨТІЛГЕН КҮНІ:

МАМАНДЫҒЫ ТОБЫ:

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: І топтың негізгі топшасындағы металдар

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:


БІЛІМДІЛІК

ДАМЫТУШЫЛЫҚ

ТӘРБИЕЛІК

КӘСІБИЛІК

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Периодтық жүйедегі S элементтердің орналасуын, І топтың негізгі топшасындағы калий, натрий, литий, рубидий, цезий, франций металдарымен таныстыру, олардың физикалық-химиялық қасиеттерін, табиғатта таралуын, электрондық-графикалық формуласымен, қолданылуы мен алыну жолдарын түсіндіру


Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігімен дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, шығармашыл тұлға жасап шығару

Оқушыларды ізденімпаздылыққа, жеке тұлға болып қалыптасуға, жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге, өздігінен талпынып, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Ізденіс жұмыстарымен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақта қолданылған оқыту әдістері мен оқушылар жұмыстарын ұйымдастыру формаларын өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалануға ынтасын тудыру.

Білуі керек:

-периодтық жүйедегі S элементтердің орналасуын;

-атом құрылыстарының ерекшеліктерін;

-табиғатта кездесуін;

-физикалық қасиеттерін.
Істей алуы керек:

-S элементтердің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыра алуы;

-І топтың негізгі топшасы металдарының электрондық, графикалық формуласының жасалуы;

Химиялық қасиеттері бойынша реакция теңдеулерін жаза алуы


Сабақтың

түрі

Сабақтың типі

Көрнекілігі

Оқыту технологиясы

Қолданылатын әдебиеттер

Ашық сабақ


Жаңа білім беру

-Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі

-Таратпа материалдар

-Слайдтар

-Кестелер

-Жұмыс дәптерлері


-Дамыта оқыту технологиясы: сұрақ-жауап әдісі

-Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы элементтері: оқулықпен және өзіндік жұмыс, жазбаша жаттығу әдісі, тірек-сызбалармен жұмыс, сілтемелер , ақпарат беру әдісі



1.Н. Нұрахметов Химия 10-сынып

Жаратылыстану-математикалық бағыт

2.Н. Нұрахметов Химия 10-сынып

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

3.Химик анықтамалығы республикалық журнал №1/2011

4.Н. Нұрахметов Химия жұмыс дәптері




Сабақтың құрылымы:


Сабақтың бөлімі

Аты

Әдісі

Формасы

Үй тапсырмасын сұрау

І. «Алғырлық»

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт

Мақал-мәтелдерден сұрақ-жауап

Жекелей

Үй тапсырмасын қорытындылау

ІІ. «Тапқырлық»


Тиістісін тап

Кім жылдам?

Топпен

Жаңа сабақты түсіндіру

ІІІ. «Білгірлік»


Ой қозғау

Слайдтар, кестелер

Сатылай кешенді тәрбиелеу

Жаңа сабақты бекіту

IV. «Ойшылдық»


Көп білген көптік етпейді

Танымдық тапсырмалар

Тапсырмалар топтамасы

Сабақты қорытындылау

V. «Дарындылық»

VI. «Көшбасшы»

Талаптанған жетеді мұратқа

Білімді мыңды жығады



Рөлдік композиция
Мадақтау

Топпен
Жекелей



Үйге тапсырма

VIІ. «Ізденімпаздылық»


Оқысаң жетерсің мұратқа




Бағыттай берілу

Қорытынды

VIІІ. «Жетістік»

Еңбектің жемісі

Оқушыларды бағалау

Жекелей

Үй тапсырмасын сұрау:



І. «Алғырлық» оқығаныңды айтпа тоқығаныңды айт деп аталады.

Мақсаты: Оқушылар үйден металдарға теңестіріліп айтқан мақал – мәтелдер айтады. Сқйлемде кездескен металдардың физикалық, химиялық қасиеттерін, қолданылуы мен алыну жолдарын баяндап, электрондық, графикалық формуласын жазады.

Үй жұмысын қорытындылау, жаңа сабаққа жол ашу


ІІ. «Тапқырлық» Тиістісін тап деп аталады.

Мақсаты: Тақтаға металдар деп жазылған парақ ілінеді оқушылар парта бетінде қойылған тиісті парақтарды алып тақтаға жабыстырады әр партадан 3 оқушы шығады.




Тиісті сөздер: Сілтілік металдар өте жұмсақ, ауыр және жеңіл деп бөлінеді, иілгіштік, кристалдар түзеді. Жылу және электр өткізгіш, сыртқы электрондарын оңай береді.

Артық сөздер: Сілтілік металдар өте қатты, барлық металдар Р-элементтер ұяластарын

түзеді, сыртқы электрон қабаттарында 3-тен 7-ге дейін электрондар бар.



Оқытушы мақсаты: Оқушылардың дұрыс, бұрыс жазғандарын тексеріп жаңа сабақ

тақырыбын хабарлайды, мақсат міндетін айқындайды.



ІІІ. «Білгірлік»

Мақсаты: Оқытушы сабақ тақырыбымен жоспарымен таныстырады, түсіндіреді.

Тақырыбы: І топтың негізгі топшасындағы металдар

Жоспары: 1. S – элементтеріне жалпы сипаттама.

2. Сілтілік металдар

3. натрий және калий қосылыстары

Жоспардың 1-шісі кесте арқылы түсіндіріледі S – элементтеріне жалпы сипаттама беріледі




S – элементтері

Химиялық қасиеттері

Электрондардық формуласы

Графикалық формуласы

Литий – Li

- S – элементтер өздерінің валентілік электрондарын оңай береді

- күшті тотықсыздандырғыш ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді

- атомдарының ядро зарияды өскен сайын атом радиусы артады


1s2 .2s1




Натрий - Na


1s2. 2s2.2p6.3s1.



Калий - K


1s2. 2s2.2p6.3s2. 3p6.4s1



Рубидий - Rd

1s2. 2s2.2p6.3s2. 3p6.3d10. 4s2 4p6 5s1


2. литий Li



Франций Fr

натрий Na

цезий Сs калий K

рубидий Rd



2. Натрий және калий қосылыстары ерте кезден бері белгілі болған бірақ, бұл металдар ағылшын химигі Г.Дэви және неміс химигіР. Бунзен жұмыстарының нәтижесінде ХІХ ғасырда ғана алынған.

№87 элементтің болу мүмкіндігін Д.И. Менделеев болжап айтып, оны «экацезий» деп атаған. Бұл радиоактивті элементті 1938ж француз химигі М.Пере анықтаған және оны өз отаны францияның құрметінк франций деп атаған.Алғаш рет оныөте аз мөлшерде 1955ж жасанды жолмен алған.

Натрий және калий табиғатта кең таралған.литий, рубидий, цезий – сирек элементтер,франций – жер қыртысында болмайтын радиоактивті элемент.

Атомдардың құрылысы:Сілтілік металдаратомдарының сыртқы электрондық қабатында бір электроннан болады.

Элементтің реттік нөмірі артқанда:

а) ядродағы протондар және атом қауызындағы электрондар саны артады;

ә) атомының энергетикалық деңгейінің саны артады;

б) атомдық және иондық радиустары артады;

в) элементтердің электртерістігі кемиді (6.4 - кесте).

Ядродан қашықтау валенттік электронның ядромен байланысының әлсіреуіне әкеледі, сондықтан металдардың химиялық белсендігі топта жоғарыдан төмен қарай өседі.

Физикалық қасиеттері: Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе, кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді (6.5 - кесте). Олардың барлығы басқа типті торларға қарағанда тығыздығы аздау кубтық көлемді центрлі тор типі бойынша кристалданады. Атомдық қабаттар мұндай кристалда бір- біріне қатысты өзара үш перпендикуляр бағытта сырғуы мүмкін, сондықтан сілтілік металдар өте иілгіш, жеңіл болып келеді.

Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті (жаңадан кескен кезде), олар жұмсақ (литийден басқасы пышақпен кесіледі). Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге(Сs қолдың жылуынан балқиды) қарай төмендейді, өйткені атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.

Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.

Химиялық қасиеттері: Химиялық қасиеттері бойынша сілтілік металдар бір- біріне өте жақын. Олар- ең күшті тотықсыздандырғыштар және басқа металдарға қарағанда белсенділігі ең жоғарылар. Олардың тотықсыздандырғыштық белсенділігі Li-ден Cs-ге қарай өседі, өйткені кристалдағы химиялық байланыстың беріктігі және атомнан электронды үзіп алып, катиондар түзуге қажетті энергия кемиді.

Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сонымен бірге сумен, қышқылдармен әрекеттеседі. Табиғатта тек қана байланысқан түрде (хлоридтер, силикаттар, сулфаттар) кездеседі.

Сілтілік металдардың жоғары реакциялық қабілеттерін ескеріп, оларды керосин немесе парафин майы (сұйық қаныққан көмірсутектердің қоспасы) қабатының астында сақтайды.

Барлық металдар жақсы ериді және сұйық сынапта сақталады. Бұл кезде амальгама деп аталатын құймалар түзіледі.Олардың таза металдарға қарағанда белсендігі төмен.



Сілтілік металдар- типтік металдар, ең белсенді тотықсыздандырғыштар. Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері – жұмсақтық, жеңілдік, иілгіштік, балқу температурасының төмендігі- атом радиустарының үлкендігімен және кубтық көлемді орталықтанған кристалдық тордың құрылысымен түсіндіреледі.
6.3. Натрий және калий

Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы. Натрий және калий үшінші және төртінші периодты бастайды. Өз периодтарында ең үлкен атом радиустарына ие болғандықтан олардың сыртқы энергетикалық деңгейлерінде бір- бірден электрон бар. Сондықтан натрий және калий, барлық сілтілік металдар сияқты өздерінің валенттік электрондарын жеңіл береді, өте күшті тотықсыздандырғыштар және өздерінің периодтарында өте белсенді металдар (қосылыстарында тотығу дәрежесі +1) болады.

Табиғатта таралуы. Біздің планетамызда таралуы бойынша натрий барлық элементтердің ішінен алтыншы орынды алады. Оның үлесіне жер қыртысы массасының 2.64 пайызы тиесілі

Натрий табиғатта адамға ежелгі заманнан белгілі қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысында натрий далалық шпат және гранит құрамына кіреді. Тау жыныстары желдің әсерінен мүжілгенде натрий ерімтал қосылыстары түзіледі, ол теңізге және мұхиттарға дейін жетеді.

Мұхит суларында шамамен 2,8 пайыз натрий хлориді бар, ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да жоғары. (Өлі теңізде 7,9 пайыз натрий хлор бар). Ертеде теңіз жағалауларының байқалатын құбылыстарды қазіргі кезде каспий және арал теңіздерінің жағалауларынан көруге болады. Саяз сулы шығанақ теңізден бөлінеді де ондағы құрғақ климаттың салдарынан қарқынды булану жүреді және теңіздің тұздары концентрленеді. Шығанақ тұзды көлге айналады. Осындай көлдерден жүз мыңдаған жылдар бұрын галит деп аталатын тас тұздардың шөгінділері түзілген.

Натрий хлоридін өндірудегі көздері








Адам ағзасы- металдар мекені. Адам ағзасына қажетті металдар.

Металдар атауы

Кездесетін тағамдар

Маңызы

Калий

Банан, жаңғақ, күріш

Жасуша ішінде орналасады

Магний

Картопта, сиырдың етінде

Жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады

Натрий

Қойдың етінде

Қанның плазмасында лимфада болады

Темір

Алмада, қара, сары өріктеде, бауырда

Қант құрамында

Натрий және калий қасиеттері

Металдар атауы

Физикалық қасиеттері

Химиялық

Қасиеттері

Маңыздылығы

Натрий және калий

Күмістей ақ түсті, жаңадан кескенде жалтырайды, иілгіш,жұмсақ, созылғыш, оңай балқиды, судан жеңіл, электр тогын өте жақсы өткізеді.

Оңай тотығады және күңгірттенеді.

1.Күкіртпен үйкелегенде тұтанады.

2NA+S=NA2S натрий сульфиті.

2.Сутекпен қосылып, гидридтер түзеді:

2NA+H= 2NAH


Керосин мен парафин майы қабатының астында сақтайды.

Натрий және калиймен жұмыс істегенде оларды қолмен ұстауға болмайды, теріні күйдіреді.















Натрий және калий қосылыстары

Оқытушы натрий мен калий қосылыстарын оқушыларға түсіндіре отырып реакция теңдеулерін тақтаға оқушылардың өздеріне жаздырылады.

1.Сумен сутекті бөліп , металдар сияқты әрекеттеседі.

NaH+H2O= NaOH+ H2

2. Ауада жанады, кадімгі оксидтер түзеді.

Na+O2= Na2 O2 (Натрий пероксиді)

3. Кадімгі оксидтерді, пероксидтерді сәйкес металдармен балқыту арқылы синтездейді.

150о С

Na2 O2 + 2 Na 2 Na2 О

4. Натрий және калий гидроксидтері барлық қасиеттерін көрсетеді.

Na OH+ HCl= NaCl+H2O

Na OH+ CuSO4= CuH)2+ Na2 SO4

Na OH+СO2= Na2 СO3+ H2O

Na OH+ZnH)2= Na2 [Zn ОH)4]

Металл натрийдің қолданылуы











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет