Сабақ тақырыбы: Инерция құбылысы Сабақ түрі



бет2/2
Дата11.12.2019
өлшемі132,22 Kb.
#53405
түріСабақ
1   2

Ортасы
10 мин



Қолдану

  1. Тапсырма

а) Неліктен, жүргізуші тежеген кезде автомобильдің артқы қызыл жарығын жағады?

б) Қозғалып бара жатқан пойыздың вагонының еденінде тыныштықта тұрған доп, пойыздың қозғалысына қарсы бағытта домалап кетті. Пойыздың жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабыңызды дәлелдеңіз.



Дескриптор Білім алушы

  • Инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді.

ҚБ: мадақтау (жарайсың, дұрыс )

2 – тапсырма

Берілген мысалдардың ішінен инерция арқылы қозғалысты таңдаңыз.



А) Кілемді ұрғышпен қаққанда, шаңның ұшып шығуы.

В) Сүрінген адамның алға қарай құлауы.

С) Автомобильдің қозғалысы.

Д) Жердің өз осінен айналуы

Дескриптор Білім алушы

  • Инерция құбылысын белгілейді

Қ/Б: жұлдызша арқылы

3 – тапсырма

Массалары 1 кг және 3 кг екі арбаша өзара әсерлескен кезде, үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады? Арбашалар жылдамдықтарын салыстырып, олардың мәнінің массаға тәуелділігін анықтаңыз.



Дескриптор Білім алушы

  • Екінші арбаша жылдамдығын анықтайды;

  • Дене жылдамдығы мен массасы арасындағы байланысты анықтайды.

Қ/Б: жұлдызша арқылы

суреттер




Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

«Өрмекші» әдісі

Оқушыларға постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.



Плакат, маркерлер

Сабақтың соңы

37-38 мин

38-40 мин



Үй тапсырмасы:

§ 12 оқу,жаттығуларды орындау


Рефлексия. Өз жетістіктерін өздері анықтау мақсатында жазбаша өткізіңіз.

«Бес саусақ» әдісі

  1. Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

  2. Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза еттім?

  3. Ортан терек – ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

  4. Шылдыр шүмек – шынайлық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  5. Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет