Сәнді интерьер бұйымын (сағат, шырағдан және т.б.) жасауға қандай материал қолданады?
Оны жасаудың мақсаты неде?
Сәнді интерьер бұйымын (сағат, шырағдан және т.б.) дайындалу (жасалу кезеңдері), безендіру технологиясы қалай жүзеге асады?
Сіз сәнді интерьер бұйымын түріне қарай (сағат, шырағдан және т.б.) қандай баламалы материалдардан жасар едіңіз?
Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.
Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекей мен болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.
Интерьер стилі өте көп. Базалық түрде: ретро, антикалық, классикалық, модерн, хайтек, өндірістік және т.б. көптеген түрлері бар және пайдаланатын материалдар да табиғи және негізінен химиялық жолмен жасалған жлементтерді қамтиды.
Оқушылар сәнді интерьер бұйым түрлерінің бір түрін таңдап алып, толықтай зерттейді. Сәнді интерьер бұйымдарына мына заттарды қарастырулары мүмкін: