Күні: 4.03.2016жыл. 7 Сынып _______________
Сабақ тақырыбы: «Қысым» тарауын қайталау
Білімділік: Оқушылардың білімін тексеру, белсенділігін арттыру, өз жетістіктерін сезінуге, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
Дамытушылық: Осы тарауда нені білді, қандай шамалармен танысты, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылыққа, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді тиянақтау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,анықтамалық кітапша
Пәнаралық байланыс: Математика,информатика,биология.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III. Өткен тақырыпты қайталау.
IV Сәйкесін тап ?(топтық тапсырма)
V. Физикалық аспаптар
. VI. Эстафеталық білім картасы (Картаны толтыру)
VII. Сапалық есептер:
VIII. “Теру” стратегиясы
IХ. Есептер шығарайық
X. Бекіту(сөзжұмбақ)
2 Топқа бөлу: 1 топ Паскаль 2 топ Архимед
Блез Паскаль: Француз философы,жазушы,математик және физик.Жазған еңбектері:”Арифметикалық үшбұрыштар туралы трактат”, “Сұйықтардың тепе-теңдігі жайында трактат”, “Ауа массасының салмағы туралы трактат” және т.б.
Архимед: Көне грек ғалымы,өнертапқыш.Астроном және математик.Жазған еңбектері:”Шар және цилиндр”, “Жүзетін денелер туралы” және т.б.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырыпты қайталау...(Бос орындарға тиісті сөз қою керек)
Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді.
Архимед күші ЖОҒАРЫ бағытталған.
Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең.
Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең.
Архимед заңы мына түрде жазылады: FА= ρc*g*Vд
Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ.
Физикалық шама
|
Белгіленуі
|
Өлшем бірлігі
|
Формуласы
|
Басқа шамамен байланысы
|
Архимед күші
|
FA
|
Н
|
FA=ρgV
|
ρ V
|
1.Сәйкесін тапыңдар?
S м2
m кг
P Па
t с
ρ кг/м3
V м3
F Н
Эстафеталық білім картасы (К артаны толтыру) 2 топқа берілет ішін толтыру керек
№
|
Физикалық шамалар
|
Математикалық өрнегі
|
Өлшем бірлігі
|
Өлшейтін құрал
|
1
|
Жылдамдық
|
ν=l/t
|
м/с
|
Спидометр
|
2
|
Уақыт
|
t=s/ν
|
с
|
Сағат, секундомер
|
3
|
Масса
|
m=ρV
|
кг
|
Таразы
|
4
|
Көлем
|
V=m/ρ
|
м3
|
Мензурка, сызғыш
|
5
|
Ауырлық күші
|
Fa=mg
|
Н
|
Динамометр
|
6
|
Салмақ
|
P=mg
|
Н
|
Динамометр
|
7
|
Қысым
|
P=F/S
|
Па
|
Барометр
|
Сапалық есептер: 2 топқа 2 есептен беріледі
I –ТОПҚА
1 Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?
Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.
2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?
Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .
II –ТОПҚА
3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?
Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?
Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.
“Теру” стратегиясы ( 2 топқа дұрыс бұрысын бөліп жазу)
Бұрыс:
2.Манометр –Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшеуге арналған
3.Атмосфераның ең төменгі қабаты - Мезосфера
5.Архимед заңы арқылы суда кемелер ұшады.
Дұрыс:
1. Архимед заңы мына түрде жазылады: FА= ρc*g*Vд
4.Барометр-атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал
6.Қысымның негізгі өлшем бірлігі: Паскаль.
Есептер шығару (кітаппен жұмыс 29-жаттығу: №1, №3)
3.Кім жүйрік.
1-есеп
Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.
Берілгені
|
ХБЖ
|
формуласы
|
шешуі
|
V=100см3
ρ=1000кг/м3
|
=1*10-4м3
|
FА = ρcVcg.
|
ҒА=1000*10-4*10=1H
|
т/к FА -?
|
|
|
Жауабы: ҒА=1H
|
3- есеп
Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар.
Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.
Берілгені
|
ХБЖ
|
формуласы
|
шешуі
|
m=500г
ρ(т)=7900кг/м3.
ρ(к)=820кг/м3.
|
=0,5 кг
|
FА = ρ(к)Vcg
V=m/p
|
V=0.5/7900=6,3*10-5м3
ҒА=820*6,3*10-5*10=0,51H
|
т/к FА -?
|
|
|
Жауабы: ҒА=0,51H
|
Бекіту: Сөзжұмбақ
1.Атмосфераның ең төменгі қабаты...
2.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
3. Грекше «манос» - ...
4.Грекше «сфигмос»-...
5.Қысымның айырымын өлшейтін құрал...
6.Грекше « метрео» - ...
7.Атмосфераның қысымы бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал...
|
1
|
т
|
р
|
о
|
П
|
о
|
с
|
ф
|
е
|
р
|
а
|
|
2
|
б
|
А
|
р
|
о
|
м
|
е
|
т
|
р
|
|
3
|
С
|
и
|
р
|
е
|
к
|
|
4
|
ж
|
ү
|
р
|
е
|
К
|
с
|
о
|
ғ
|
у
|
ы
|
|
|
5
6
|
м
|
А
|
н
|
о
|
м
|
е
|
т
|
р
|
|
ө
|
Л
|
ш
|
е
|
й
|
м
|
і
|
н
|
|
7
|
а
|
л
|
Ь
|
т
|
и
|
м
|
е
|
т
|
р
|
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Ф 55, 56 (29 жаттығу №6-9)
«Сам мектеп - балабақша кешені» КММ - сі
Ашық сабақ тақырыбы:
7-сынып
Өткізген физика пәні мұғалімі:
Бәтімова Қаламқас Аманкелдіқызы
2016жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |