2-тапсырма. (Т)Ойлау, жүйелеу, тыңдалым, айтылым дағдыларын дамыту мақсатында «Ұқсастық немесе айырмашылық»әдісін пайдалану.
Бұл тапсырмада оқушыларға екі оқиғаны қарастыру ұсынылады және олардың қай белгілері ұқсас,қай белгілері өзгеше екендіктерін айтулары керек.
Суреттерге мұқият қара. Жануарлар не істеп жатыр? Олардың қайсысы жабайы, қайсысы үй жануары? Неліктен? Суреттердің жұбын тап.
Дескриптор: -Суреттерге мұқият қарайды.
-Жануарлардың әрекеттеріне түсінік береді.
-Бұл жануарлардың қайсысы жабайы, қайсысы үй жануарлары екендігін айтады.
-Себебін түсіндіреді.
-Суреттерді жұптастырады.