«Дәуір жалпы орта мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ
Й,й ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ
Орынбасарова Ж
Пәні:Сауат ашу.
Тақырыбы:Й,й дыбысы және әрпі.
Мақсаттары:
1.Білімділік:Й дыбысы мен әрпін таныстыру.Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2.Дамытушылық:Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау,буын ішінде бекіту.
Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрау,буын ішінде бекіту.
3.Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер:сөздік,сұрақ –жауап.
Көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты суреттер,кеспе әліппе,суреттер.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау
«Сөз ойла ,тез ойла» ойын
-Балалар ,біз өткен сабақта қай әріппен таныстық?
-Қане ,кім айтады Ш қандай дыбыс?
-Балалар,мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Кім жылдам шешеді екен?
Ти десем,тимейді,
Тиме десем ,тиеді
2.Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады
Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар(Түйе)
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар(Қой)
Әдемі түнде,
Мен жүрсем жүреді бірге(Ай)
Түйе,қой,шай,ай сөздеріне дыбыстық талдау жасау
(Үш тілде айтқызу)
Сергіту сәті
Оқушылар өлең,тақпақ айтады.
Жаңылтпаш хормен айтқызу
Ай-ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар
Суретпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Ойын «Күннің көзін ашу»
Й әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастау.
Й әрпі.
Бұл Й-дың сөз басында,
Болмайды көп керегі.
Йог пен йодтың расында,
Алдында тек келеді.
Соңында ол айдың да,
Соңында ол тайдың да.
Тұрады ол ортада
«Айбын» менен «Айдында».
-Балалар,сонымен бүгін біз қандай дыбыспен танысады екенбіз?
-Й қандай дыбыс?
Тіл ұстарту :Й дыбысына сөз құрай отыра,буын ішінде бекіту.
Мысалы:ой-на,ой-ла, Сай-ран, Ай-ман,ой-лан.
Тапсырма бойынша үстел үстіндегі әр түрлі суреттерге қарап,тақтаға шыққан бала й дыбысының қай жерде тұрғанын анықтайды.Егер жаңылысса,жұмбақ не тақпақ айтады.
Ойын : «Кім көп сөз ойлайды?»
-Ал,балалар ,қазір дәптерлеріңді ашып,үлгіге қарап сызықтарды қосып, «Й» әрпінің баспа түрін жазамыз.
Ауада жазып көрсету
Қорытынды.
-Балалар, бүгін біз қай дыбыспен таныстық?
-Й дыбысы келетін сөздерді секіріп көрсету арқылы буынға бөлгізу:Ай-дын,ай-на,ай-ла,Ай-ша.
Үйге:
Й дыбысы келетін сөздерге сурет салып келу.
Бағалау:(Смайликтер арқылы)
Достарыңызбен бөлісу: |