Сабақ тақырыбы: «Кебеже жасау технологиясы»


Кебеже. ҚР МОМ қорынан (КП 3272)



бет2/2
Дата18.03.2017
өлшемі230,06 Kb.
#11767
түріСабақ
1   2
Кебеже. ҚР МОМ қорынан (КП 3272)

К.-нің үстінен ашылатын кейбір түрінде топса болмай- ды (КП 3272). Қақпағын үстінен екі қолмен тік көтеріп ашатын К. беті мен алдыңғы екі қазығы сүйектелген. Сүйек оюлар күміс шегелермен бекітілген. Құс қауырсынын бай- лайтын қазық басы биіктеу етіп жасалған.



Кебеже. ҚР МОМ қорынан (КП 3270)

ҚР МОМ қорындағы (КП 3270) сандық тәрізді К.-нің аяғы аласа. К. қақпағы үстінен топса арқылы жарты- лай ашылады. Қақпағына тұтқа орнына құлып салатын ілгек темір орнатқан. Астыңғы бөлігінде екі суырмасы бар. Үстіңгі бөлігінің асты тақтаймен бекітілген. Бетіне түсірілген оюлар түгелдей әртүрлі түспен боялған. Аяғы аласа болғандықтан, жүкаяқтың үстіне қойылады.



 Кебеже. ҚР МОМ қорынан (КП16378)

ҚР МОМ қорындағы (КП 16378) К. бетіндегі шаршы және оның ішіндегі үшбұрыш пішінді геометриялық өрнектер марал мүйізінен шабылған. Олар қызыл түспен боялып, жылтыратылған, ұз. 65 см, ені 37 см, биікт. 31 см.



 Кебеже. РЭМ қорынан (коллекция 13750)

Ертеде ауқаттылар ұзатылатын қызына арнап К.-ні ерек- ше сәндеткен. Айталық, Ресей этнографиялық қорындағы (13750 коллекциясы) К. қалыңдық бұйымдарын салуға ар- налып жасалған. Кейде К. жасату үшін шеберлерді бірнеше күнге үйіне алдырып, жалдайтын болған.



Кебеже.

Бетіне көгеріс өрнегі түсіріліп, түрлі бояумен боялған сырлы К. (КП 11275/1). Оның топса орнатылған қақпағынан ұстап ашатын тұтқасы бар. Қақпағы жартылай ашылады. Қазық басы қақпағының бетімен бірдей етіп жасалған. Босаға қазықтарына ою түсіріліп, әртүрлі түспен боялған. Мұндай қымбат бұйымға қолы жетпеген кедейлер К.-нің қарапайым түрін қолданған. Қазақ тұрмысында көшіп-қонғанда түйенің арқасына мықтап байлап, ішіне балалар мен қарттарды отырғызып алып жүретін ағаш қорап, шарбақтап жасаған қоршауды кебеже, кей жерде ауған кебеже деп атаған. Мұндай қоршау-шарбақтың шала туған қозы-лақ, жас ботаны марқайғанша ұстап бағатын және алып жүретін түрін бота кебеже деп айтқан. Бұлар кәдімгі К. емес, К. тәрізді қоршау, қорап болғандықтан осылай аталып кеткен.



Кебеже.

ҚР МОМ қорындағы (КП 23129) сүйекті К. тіктөртбұрыш пішінді, бетіне геометриялық фигуралар оймыштау тәсілімен әшекейленіп, сүйекпен бастырылған. Қазық басы аяғының төрттен біріндей биіктікте жасалған. Қақпағы бар, ақ сары түсті, ұз. 76 см, биікт. 41 см.Негізгі тұрмыстық бұйымдардың бірі болған К.-нің көлеміне қарап бірсыпыра заттардың, адамның дене бітімін соған салыстырып, мөлшерлеп айтудың үлгісі қалыптасқан. Мысалы: шанақты, қорапты арбаны кебеже арба, шөп таситын қанатты шананы кебеже шана, үлкен шермиген қарынды адамдыкебеже қарын, қарны жер сызған сиыр туралы айтқанда кебеже құрсақ деп бейнелеп айтады.



ІІІ. Қортындылау.

ІУ. Үйге тапсырма:

Қазақ халқының қоөнері түрлері мәліметтер жинап оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет