Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Зерттеу сұрағы: Үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай?
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Синтез
"Таңда да таста" әдісі
https://www.akavideos.com/watch?v=RAo-zw5U8gQ
Үйсіндер мен Қаңлылар.
Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Батыс үйсіндердің шекарасы Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы ғұньмо деп аталған. Үйсін ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн (“Қызыл-Аңғар қаласы”) Есік көлдің жағасында болған. Ол ертеден белгілі “Ұлы Жібек” жолындағы маңызды сауда орталығы.Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. 2-ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастайды. Қытайдың Хань Император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, “Батыс өлкесіне” б.з.б. 138 ж.Чжан Цянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің жалпы саны 630 мың адам, 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады. Б.з.б. 73-жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және ғұньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі де ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғұн әміршілерінің қыздарын үйсін ғұньмоларына әйелдікке беріп отырды.
Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы ауланған. Үйсіндер жүн тоқып, тері илеп, киім қылып киген. Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және дін адамдар, жрецтер болып сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапйым топтарға бөлінген. Үйсіндержің әлеуметтік топқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді.Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда “Кангют” деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұқымдас тайпалар да болған. Сырдария және Талас өзенінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй князьдігіндегі 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардан жәрдем сұрап, көмек алып отырған. Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналысқан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.
|
"Таңда да таста" әдісі
|