Сабақ тақырыбы. Клетка құрылымы және функциясы. Сабақ жоспары


Ӛсімдіктер және жануарлар клеткасының айырмашылықтары



бет2/3
Дата23.09.2022
өлшемі16,46 Kb.
#150522
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Цит және гист 3л

Ӛсімдіктер және жануарлар клеткасының айырмашылықтары.

Клеткалық қабықшасы әсіресе ӛсімдіктер клеткаларында жақсы жетілген. Саңырауқұлақтарда клеткалық қабықша хитин мен полисахаридтен тұрады, ал балдырларда, оомицеттерде және жоғарғы сатыдағы ӛсімдіктерде клеткалық қабырғаның негізгі компоненті полисахарид, целлюлоза. Клеткалық қабықшаның гликопротеидтері мен полисахаридтері клетканың ішіндегі Гольджи аппаратының қатысында синтезделеді де, бірнеше қабаттан тұратын күрделі клеткалық құрылым күйінде клеткадан экзоцитоз арқылы сыртқа шығарылады.
Жануарлар мен ӛсімдіктер клеткаларының үш негізгі құрылыстық айырмашылықтары бар: 1) жануарлар клеткаларында болатын центриоль жоғары сатыдағы ӛсімдіктер клеткаларында болмайды; 2) ӛсімдіктер клеткаларының жануарлар клеткаларынан ӛзгешелігі цитоплазмасында пластидтер болады; 3) ӛсімдіктер клеткаларына целлюлозадан тұратын қатты клеткалық қабырға тән.
Сыртқы ортадан алынатын энергияның түріне байланысты тірі клеткаларды үлкен екі типке бӛлуге болады. Бірінші типтің клеткаларын гетеротрофты клеткалар деп атайды. Бұған жататындар: адам организмінің барлық клеткалары мен жоғары сатыдағы жануарлардың клеткалары. Бұл клеткаларға химиялық құрамы күрделі дайын органикалық молекулалардың үнемі келіп тұруы қажет. Атап айтқанда, кӛмірсулар, белоктар мен майлар.
Гетеротрофты клеткалар энергияны осы күрделі заттарды тотықтыру арқылы алады. Гетеротрофты клеткалар бӛлінген осы энергияны ӛзінің биологиялық функцияларының қажетіне жұмсайды.
Клеткалардың екінші типін автотрофты немесе фотосинтездеуші клеткалар құрайды. Бұған жататындар: жасыл ӛсімдіктердің клеткалары. Фотосинтез процесі кезінде олар күн сәулесінің энергиясын хлорофилл пигментінің кӛмегімен химиялық энергияға айналдырады және атмосфералық кӛміртегінің қос тотығынан кӛміртегін бӛліп алып, жабайы органикалық молекуланы (глюкозаның молекуласын ) түзеді. Жасыл ӛсімдіктер мен басқа организмдердің клеткалары ӛзінің құрамына кіретін күрделі молекулаларды да құрайды. Сонымен барлық тірі организмдер энергияны күн сәулесінен алады; ӛсімдік клеткалары энергияны тікелей күннен алатын болса, ал жануарлар оны жанама жолмен алады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет