Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Құқық және бизнес колледжі
Бекітемін
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_______ Бекмухамбетова М.Б. «__» __________ 2014 ж.
Компьютер БУМ ШОУ
Іскерлік ойын
Экономика және информатика пәні бірлестігінде қаралып бекітілген
Хаттама №__ «__» _____ 2014ж
ПЦК төрағасы ________ Тукенова В.Д.
Семей - 2014ж
Пәні: Информатика
Топ: ПОВТ-21 тобы
Күні: 10.11.2014ж
Сабақ тақырыбы: «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойын
Сабақ мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білімдеңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету;
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Түсіндіре – баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайд.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Ойын кезеңдері.
Қорытынды.
Бағалау және марапаттау.
І. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Экономика информатика апталығына орай ұйымдастырылған «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынына қош келдіңіздер. Біздің іскерлік ойынымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндергежәне де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.
ПОВТ-21 тобынан құралған үш топ «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынында өз біліктіліктерін көрсетеді. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған іскерлік ойынымыз оқушыларының білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Іскерлік ойынымызда бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.
Топты таныстыру кезеңі
І топ: «Информатика» топ басшысы: ..................................................................
ІІ топ: «Компьютер» топ басшысы:.............................................................
ІІІ топ: «Интернет» топ басшысы:..........................................................
Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Меруерт Берікханқызы
Колледждің әдіскері – Айнагүл Капшукерқызы
Экономика және информатика ПЦК-ның төрайымы – Венера Дәулетбекқызы
Енді бүгінгі ойынға қатсушы топтарды ойын кезеңдерімен таныстырып өтейн:
І – кезең: «Ақылдассаң шешерсің...»
ІІ-кезең: «4 сурет 1 сөз»
ІІІ-кезең: «Ойлан, тап!»
IV – кезең: «Шешімін тап!»
V– кезең: «Кім жылдам?»
І-кезең:«Ақылдассаң шешерсің»жалпы 15 сұрақ қойылады.
Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл.
Теңізде қандай тacтap табылмайды?
Су; ә) Құрғақ; б) Ешқандай mac болмайды; в) Барлық жауап дұрыс емес;
Компьютердің ақылшысы.
Процессор; ә) Жады; б) Винчестер; в) Компьютер;
Елеуішпен су әкелуге бола ма?
Болады; ә) Болмайды; б) Болады, тек....; в) Болмайды, себебі....;
Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?
Монитор ә) Баспа қүрылғысы б) Сканер в) Пернетақта
Кім барлықтілде сөйлейді?
Адам; ә) Жәндік; б) Жанғырық; в) Аң;
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.
Монитор; ә) Баспа құрылғысы; б) Сканер; в) Пернетақта;
Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шагын арнайы компьютерлік багдарлама.
Вирус; ә) Архиватор; б) Антивирус; в) Бағдарлама;
Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшінқолданылады.
Босорын; ә) Болдырмау; б) Өшіру; в) Енгізу;
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
Елес; ә) Көлеңке; б) Сурет; в) Ешқайсысын да;
Өшірілген файлдар қайда сақталады?
Себет; ә) Жады; б) Менің қүжаттарым; в) С дискісінде;
Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысынбасқаратын арнайы бағдарлама.
Операциялық жүйе; ә) Бағдарламалар; б) Офис; в) Стандартты бағдарлама;
Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.
Пернетақта; ә) Дисплей; б) Принтер; в) Сканер;
Өзендегі су жоғарыда жылы ма,әлде төменгі жағында жылы ма?
Төменгі жағында; ә) Жоғаргы жагында; б) Екі жағында да бірдей; в)Дұрыс жауап жоқ;
Адам көзімен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек?
30 см; ә) 50 см; б) 70 см; в) 100 см;
Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердіңжиынтыгы.
Интернет; ә) Жергілікті желі; б) Желі; в) Модем;
ІІ-кезең: «4 сурет 1 сөз». Тапқан сөзді үш тілде айту керек.
Ақпарат – Информация - Information
Көшірме – Копия - Copy
Терезе – Окно - Windows
Телефон – Теле дыбыс - Telephone
Тінтуір – Мышка - Mouse
Кітап – Книга - Book
Диск –Диск - Disk
Желі – Сеть - Net
Батырма – Кнопка - Button
Камера – Бейне бақылағыш – Camera
ІІІ-кезең: «Шешімін тап!». Бұл кезеңде оқушылар компьютердің құрылғыларына арналған жұмбақтарды шешеді.
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті. (Пернетақта)
Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен он екі ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «F» (эф) әріпнен басталады. (Функционалдық пернелер)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Меңзер)
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (Терезе)
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрыңы ұзын.
Ойланып білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады оның аты. (Тышқан)
Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын)
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (Кактус)
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай аталады? (Принтер)
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер. (Бит)
Егер білсеі айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді. (сканер)
IV – кезең: «Ойлан, тап!» Бұл кезеңде әр топқа символдармен жасырылған бір сөйлем беріледі, топ мүшелері сол сөйлемді табады. Сонымен қатар көрермендерге ребустар беріледі. Ребусты шешкен көрермен өз ұпайын өзіне ұнаған топқа сыйлайды.
топ: Дүниежүзілік компьютерлік желі – интернет
Ω⁞ έ Ϛ♯ ⃰⁞ ᴥ ᴕ ‴ᴕ ⅎ ⅎ≈ ᴓ›ʹ⌂ ʬ♯۸‴ ᴕ ⅎ ⃰♯‴ ᴕ - Ϛ έ ʬ♯۸ έ♯ ʬ
2 – топ: Ақпаратты өңдеу құрылғысы - процессор
∞◊›∞۸∞ ʬ ʬ ͻ ● ɮ Ω♯∑ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ ψ ͻ - › ۸≈≡♯ ψ ψ ≈۸
3 – топ: Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы – пернетақта
∞◊›∞۸∞ ʬ ʬ ͻ ♯ έ҂ ᴕ ᴥ∑҂♯ ∞۸ έ ∞‴ ʭ ∞ έ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ - › ♯۸ έ ♯ ʬ∞◊ ʬ∞
Көрермендерге:
(клавиша)
(курсор)
(сканер)
(дисплей)
(информатика)
(процессор)
V– кезең: «Кім жылдам?». Бұл кезеңде әр топ басшыларына 2 минут ішінде 15 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап есептелір отырады.
«Информатика» тобы
Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді қалай атайды? Программалау тілдері
Паскаль программалау тілінің авторы кім? Никлаус Вирт
Паскаль тілі қай жылдары жасалды? 1968-1971 жылдары
«Алгоритм» атауы қай тілден енген сөз? Латынның Algorithmi сөзінен
Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды? Шеңбер, үшбұрыш
Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын атаңыз. CONST
Sqr операторының қызметі. Санның квадраты
Var қызметші сөзі не үшін қолданылады? Айнымалыларды сипаттау
Паскаль тілінде шартты оператордың қанша түрі бар? Екі
Қай белгі әрбір жолдан кейін міндетті түрде қойылады? ;
Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады? BEGIN
Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет. READ
Бір жолға неше символ жазуға болады? 255
Бүтін сандар Паскаль тілінде қандай типке жатады? Іnteger
Write операторының қызмет? Шығару операторы
«Компьютер» тобы
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? Информатика
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы? Компьютер
«Компьютердің миы» деп нені айтады? Процессор
Мәліметтерді қағазға шығаруға арналған құрылғы қалай аталады? Принтер
ЭЕМ – ның даму тарихы неше кезеңнен тұрады? 5-кезең
Пернетақтада неше батырма бар? 101-103
Пайдаланушы мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек? 60-70 см
Интернет деген не? Бүкіл дүниежүзілік байланыс.
Мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаратын құрылғы? Монитор
Меңзер дегеніміз не? Экранда жыпылықтап тұратын символ
1 және 0 сандарымен бейнеленетін ақпарат саны тізімі қалай аталады? Байт
Үлкен әріптерді басуда қандай түймені қосамыз? CapsLock
Paint қандай редактор? Графикалық редактор
Вирусқа қарсы арнайы программалар қалай аталады? Антивирус
Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microcoft Office құрамына кіретін программа қалай аталады? MS Excel
«Интернет» тобы
Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы қалай аталады? Колонкалар
Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы? Қатты дискі
Файл дегеніміз не? Белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны
Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа? Операциялық жүйе
Компьютерде деректерді уақытша сақтау жады? Жедел жады
Ең ерте заманғы есептеу құралы? Есепшот
Пернелердің ішіндегі ең ұзын перне? бос орын (пробел)
Компьютер мен адам арасындағы қарым- қатынас қалай аталады? Интерфейс
Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ? Терезе
Paint қандай редактор? Графикалық
Нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер? Таңбашалар
Әлемдегі ең ауқымды компьютерлік желі? Интернет
Антивирус қандай программа? Вирусқа қарсы аранайы программалар
Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді? Delete
Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсыну қалай аталады? Кодтау
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ойынымыздың қорытындысын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Бағалау
Оқушыларды қатысқандары үшін мадақтап, жауап беріп отырған оқушыларды бағалап, сұрақтарға мүдірмей жауап берген топ басшыларын бағалау.
Марапаттау:
Жоғары ұпай алған топты – «Үздік информатиктер», орта ұпай алған топты – «Тапқырлар», аз ұпай алған топты – «Белсенділер» номинациясымен марапаттаймыз.
Сайысымыздың қорытындысы: Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!
ХАТТАМА
Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: «Компьютер БУМ ШОУ»
Қатысушылар: ПОВТ-21 тобы
Ұйымдастырушы: Нұртаева Құралай Мұратқызы
Қатырқандар:
Бекмухамбетова М.Б.
Дюсембекова А.К.
Танина А.К.
Тукенова В.Д.
Матенова Б.А.
Сөйлегендер:
Нұртаева Қ.М.: «Компьютер БУМ ШОУ» іскерлік ойынның мақсаты оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету. Бүгінгі іскерлік ойын арқылы оқушылар ойлау, жауапкершілік,ізденіс, бір-біріне көмек көрсету арқылы жақсы жақтарынан көрсете білді. Бүгінгі іскерлік ойын өз мақсатына жетті деп ойлаймын.
Танина А.К.: «Компьютер БУМ ШОУ» тақырыбында өткен іскерлік ойын өз деңгейінде жақсы өтті деп ойлаймын. Оқушылар белсене ат салысып, берілген тапсырмаларды бірігіп шешімін тауып, өз топтары үшін тырысып бақты. Жалпы іскерлік ойын маған ұнады.
Бекмухамбетова М.Б.: Құралай Мұратқызының ұйымдастырып отырған іскерлік ойыны жақсы деңгейде өтті. Ойынныңь тақырыбын ашып, оқушыларға деңгейлі тапсырмалам мен сұрақтар қойылды және бағаланды. Іскерлік ойында слайд, сұрақ-жауап, таратпа материалдар, көрнекілік құралдар қолдана ала білді.
Тукенова В.Д.: Іскерлік ойын жақсы ұйымдастырылған, оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары көрінді. Оқушының және оқушылардың үлкен дайындықпен келгендері көрініп тұр. Сабақ деңгейлі өтті.
1 - топ: «Информатика»
Ω⁞ έ Ϛ♯ ⃰⁞ ᴥ ᴕ ‴ᴕ ⅎ ⅎ≈ ᴓ›ʹ⌂ ʬ♯۸‴ ᴕ ⅎ ⃰♯‴ ᴕ - Ϛ έ ʬ♯۸ έ♯ ʬ
2 – топ: «Компьютер»
∞◊›∞۸∞ ʬ ʬ ͻ ● ɮ Ω♯∑ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ ψ ͻ - › ۸≈≡♯ ψ ψ ≈۸
3 – топ: «Интернет»
∞◊›∞۸∞ ʬ ʬ ͻ ♯ έ҂ ᴕ ᴥ∑҂♯ ∞۸ έ ∞‴ ʭ ∞ έ ◊۲۸ ͻ‴ ʭ ͻ - › ♯۸ έ ♯ ʬ∞◊ ʬ∞
Достарыңызбен бөлісу: |