3 топтың тапсырмасы. Материалдық модельдер түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді
Ақпарттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктермен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
V. БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС «Экспо – 2017» ой толғау жазу (оқушылар өз пікірлерін жазады)
VІ. Қорытындылау
Тақырып бойынша қорытындылау кестедегі әріптерден сөз құрастыру қажет