Сабақтың мақсаты: білімділігі:табиғат көрінісін бейнелеуде перспективалық заңдылықтарды ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу. дамытушылығы:живопись өнері әрі пейзаж жаныры туралы білімдерін тереңдету. Табиғат құбылыстарын бейнелеудегі әдіс- тәсілдерді меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. тәрбиелігі:эстетикалық тәрбие беру. Табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
түрі:жаңа сабақты меңгеру.
әдісі:әңгімелеу,үйрету,көрсету.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар Мұғалім үшін:слайдтар: табиғат көрінісі суреттері, фотосуреттер, «Сызықтық және ауалық перспектива» кестесі, мольберт, қылқалам,
түрлі –түсті гуашь бояулары. Оқушылар үшін:ақ қағаз керілген планшет, мольберт, палитра,
түрлі-түсті гуашь бояулары.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезең
II. Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақ
IV.Оқушылардың өзіндік жұмысы
V. Сергіту сәті
VI. Қорытынды
VII. Үйге тапсырма I.Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа келген оқушыларды түгендеу
II.Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардыңөткенсабақтарда алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын слайд арқылы сұрау. 1.Бейнелеу өнерінде табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарманы- пейзаж дейді.
2.Табиғат көрінісін тез арада бейнелеуді -этюддейміз
3.Табиғат аясында жүріп сурет салуды –пленердейміз
4.Композиция дегеніміз – латынның «ойлап шығару»немесе «құрастыру» деген сөзі Пейзаждың түрлері: 1. Ауыл пейзажы
2. Саябақ пейзажы
3. Қала пейзажы
4. Теңіз пейзажы
5. Сәулет пейзажы
6. Индустриялық пейзаж III.Жаңа сабақ
Пейзаж – табиғатты бейнелеу. Пейзаж – француз сөзі, бұл қоршағанортаны,табиғат көрінісін бейнелеу деген сөз. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгілдеріне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктеріне көңіл аударылады.
Балалар, табиғаттың жыл мезгілдері қандай? ( Жаз, Күз, Қыс, Көктем)
Қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер? ( күн ашық, жаңбыр, бұлт, жел, боран, дауыл, қар т.б) «Живопись – көруге болатын поэзия», ал поэзия – естуге болатын живопись», деген екен ұлы суретші,мүсінші, сәулетші Леонардо да Винчи.
Жыл мезгілдерін суреттеген қандай ақын – жазушылардың шығармаларын білесіңдер? Күз. (Абай Құнанбаев) Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай. Қыс. (Абай Құнанбаев) Ақ кйімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ – сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Көктемде. (І. Жансүгіров) Жауыны жауып жасылы,
Жарқылдайды, жаз кепті.
Өкіреді өзен тасуы,
Қаңқылдайды, қаз кепті.
Тоғайда, көлде той қылып,
Қаптады құстар жер көкті.
Ауылдың малы балалап,
Айран шықты аз – көпті.
Манаурап мал, жан жадырап,
Жан – жануар мәз бопты.
Жазғы дала. (С. Сейфуллин) Тамылжыған жас иісті,
Жазғы жасыл көк дала.
Жайылған жібек кілемдей,
Қызыл – жасыл көк ала. Далаға келіп көк жасыл,
Кестелі жібек кілемдей.
Жас балаша шаттанып,
Құлай кеттім еркелей. Бал іздеген аралар,
Қобызбен күйін күйледі.
Жұптасып түрлі көбелек,
Қызғалдақпен биледі.
Кез келген табиғат көрінісін бейнелеу үшін - көкжиек сызығынан басталады. Бұл перспективалық заңдылық
« Перспектива » дегеніміз латын сөзінен аударғанда «арғы – бергі жақты айқын көру » деген мағынаны білдіреді.
Перспектива сызықтық және ауалық деп екіге бөлінеді.
Перспектива заңдылықтары: Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеде түйіседі.
Мысалы: поезд рельстері бізден ұзаққа барып көкжиекте бір нүктеге түйіседі.Кеңістік бейненің суретін салу үшін көз деңгейін дұрыстап анықтап алған жөн. Көз деңгейі деп кеңістіктегі заттармен құбылыстарға қарағанда көзіміздің тура бағытының деңгейіне дейін көрінетеін жердің жиегін айтады. Ол әсіресе жазық далада, теңіздің үстінде айқын білінеді.
Көз деңгейіндегі түзу сызықты көкжиек сызығы дейді. Ол сызық аспанды жерден, судан бөліп тұрады. Қоршаған табиғат көрінісін бейнелегенде көкжиек сызығына назар аудару керек. Сурет салғанда алыстан көрінген заттарды жақындығымен салыстырғанда кішірейіп көрсету ғана маңызды емес,сонымен қатар ол қағаз бетінде үлкен де, кіші де болмауы керек.
IV. Оқушылардың өзіндік жұмысы
1. Табиғат көрінісінің перспективалық заңдылықтарын сақтай отырып
бейнелеу 2.Мольбертке салу жолдарын көрсету 3.Оқушаларға көмектесу V. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қылқаламды алайық.
Тамашалап табиғатты,
Көрінсін салайық. VI. Қорытынды 1.Перспектива дегеніміз не?
2.Перспективаның қандай түрлері бар?
3.Көкжиек сызығы дегеніміз не?
VII. Үйге тапсырма Қысқы табиғат көрінісін бейнелеу